Қалқанша бездің синтопиясы; Жалпы қалқанша безі қылқанның алдында, қапталынан көмей, кеңірдек, жұтқыншақ, өңеш және ұйқы артериясының медиады бөлігінде жатады.
Қалқанша безінің қабаттары; Ең алдымен тері ,тері асты шел май қабаты ,беткей фасция,меншікті фасция Одан кейін бұлщықет қабаты. Оларға m.sternohyoidei, m. Sternothyroidei және m.omohyoidei жауып жатады.
Қанмен қамтамасыз етілуі Ол екі жоғарғы және екі төменгі a.theroidea superior et inferior қалқанша артерияларымен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар кейбір жағдайларда қалқаншаның тақ артериясы a. thyroidea ima кездеседі. Бұны Пирогов қалқанша артериясы деп атаймыз.
Қалқанша артериясы коллатералды екі жүйеден тұрады;
1) мүше ішілік
2) мүшеден тыс. Оған жұтқыншақ , өңеш , көмей, кеңірдек ж әне жақын жатқан бұлшықеттердің қантамырларының ұштасуынан пайда болады.
Қалқанша бездің веналары;Қылқаннан ж әне одан төмен жатқан өрімнен (plexus thyroidea im par) vv. thyroideus inferiores et imae шығады . V. Imae кеңірдек алдында араласып, сол жақ иың-мойын венасына (v.brachiocephalica sinistra ) құяды . Жоғарғы ж әне ортаңғы ңалқанша веналары ішкі мойындырық венасына құяды . Олардың ағысы жоғарыға қарай бағытталған. Сол себепті төменгі қалқанша веналары иың-бас венасына ж әне «тимустық» веналарға құ яды . Кейде төменгі қалқанша без венасының біреуі, оң жақ ішкі мойындырық венасының томпайған буылтығына құяды.
Нервтенуі Қалқанша безі нервтері симпатикалық бағандардан және екі көмей нервтерден пайда болады.
Қайтарма көмей нервісі қалқанша бездің төменгі полюсінде алдынан немесе артынан қиып өтеді. N.laryngeus inferior зақымданғанда, дыбыс бұлшықеттері жартылай салданып дыбыс шығару қасиеті бұзылады.
Қалқанша маңы бездер
Қалқанша маңы безі (glandulae parathyreoidea) эпителиалды төрт денешіктерден түрады. Көбінесе қалқанша безінің меншікті қабығынан тыс, оның қаптал бөлігінің артқы бетінде әрбір ж ақта екеуден орналасады. Мүнда жоғарғы безшелер — жүзік тәрізді шеміршектің төменгі қыры бойымен немесе қалқанша бездің қаптал бөлігінің жоғарғы және ортаңғы 1/3 биіктігінде, ал төменгі бездері — төменгі қалңанш а артериялары безге бірінші тармақтарын беретін жерде немесе қаптал бөлігінің төменгі ұшынан 1,5 —2 см жоғары орналасады.Операция кезінде бездерді айналасындағы құрылымнан ажырату қиын. Қалқанша маңы бездердің саны және көлемі әр түрлі.
Қасында орналасқан лимфа түйіндері, май түйіршіктері, ңосымша қалқанша без түйіршіктері бір-біріне ұқсас болады.