44. Кеуде қуысының топографиялық анатомиясы. Жұмсақ тіндердің қабаттылық құрылымы. Қанмен қамтамасыз етілуі және иннервациясы. 7 Жоғарыда: кеуде мойыннан, төстің мойындырық ойығы үстімен (incisura jugularis sterni) бүғана үстімен, иық-жауырын буынын (articulatio acrom ioclavicularis) VII мойын омыртқаның жоталық өсіндісімен қосатын сызықпен шектеледі.
Кеуденің төменгі шекарасы: семсер тәрізді өсіндіден оң және сол жақ қабырға доғасы қырымен X қабырғаға дейін, ол жерден XI —XII қабырға ұштарымен, XII кеуде омыртқасына дейінгі аралықта орналасады. Кеуде мен қолдың шекарасын дельта тәрізді бүлшықет қырлары бөліп түрады.
Кеуде қабырғасында үш қабатты ажыратады :
1) беткейлі қабат (тері, тері асты май, беткей ф асция, сүт безі);
2) ортаңғы ңабат (иың үстінің бүлшықет —фасциялық қүрылымы, ңүрсақ алдындағы ж әне бүйірлік бүлшықеттермен бірге, кеуде қабырғасын артңы төменгі жағынан жабатын бүлшықеттер);
3) тереңгі қабат (кеуде торы өзінің меншікті бүлшықет фасцияларымен бірге).
Беткейлік қабат. Терісіәр аймақта әр түрлі қалыңдықта болады.Кеуденің алды мен қапталындағы терісі, арты на қарағанда жұқа. Теріде май жөне тері бездері бар. Әсіресе төс, жауырын және қаптал аймағында көп. Осы аймақтарда май бездерінің озектері бітеліп қалғанда, атерома пайда болады.Тері асты май шелі көлемі жас деңгейіне, жынысына және арық — семіздігіне қарайды. Әсіресе, тері асты май қабаты әйелдерде коп дамыған, және де майлы шел кеуденің алдында екі қабатына бөлініп, сүт безін алдынан және артынан қоршайды.Тері астында беткей тамырлар мен нервтер бар.
Бүл арадағы артериялар:
1) артқы қабырға аралық артерия тармақтары (аортадан);
2) алдыңғы қабырға аралық артерия тармақтары (кеуде ішілік артериядан);
3) латералды кеуде артериясы (қолтық артериясынан).
Веналар тері астында қалың, әсіресе сүт безі аймағында көп.Тері асты веналар көптеген ұштасулар және тесіп өтуші тармақтары арқылы қолтық, бүғанасты, қабырғааралық, кеудеішілік веналармен, құрсақ алды веналармен ұштасады.Осы ұштасулар арқылы веналың ағыс жоғарғы қуыс венасына кеуденің және қүрсақ қабырғасының беткей веналары арқылы өте алады. Бүл тамырлардың иректеніп кеңеюі — жоғарғы қуыс венасы және қақпа венасында қан жүру қиындағанда кездеседі (кава-кавалды және порто-кавалды үш тасулар жүйесі).Тері астында — IX жүлындық нервтерінің тармақтары жатады .Беткей фасция — жүқа дәнекер тінді жапырақ. Бүғана астында, беткей фасция арасында тері асты бүлшықетінің жұқа шоғырлы талшықтары жатады.Беткей фасция сүт безіне дәнекер тінді қап түзейді Фасцияның қалыңдаған жоғары да бүғанаға бекіген жері — сүт безін үстап түратын байлам (lig. suspensorium mammae) деп аталады.Кеуденің артында беткей фасция қалыңдау. омыртқаның жоталық өсінділері бойымен ол тереңдегі фасцияға жабысқан.