1. Топсаяхатты білім беру түрі ретінде дәлелдеу. Топсаяхат


Топсаяхаттың оқушыларға ғылыми білім берудегі мәнін ашу



бет2/5
Дата27.02.2022
өлшемі24,34 Kb.
#26531
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
12 тап жарат

2. Топсаяхаттың оқушыларға ғылыми білім берудегі мәнін ашу.

Топсаяхат нәтижесінде меңгерілетін дағдылар: бақылай білу; бақылағаннан керекті ұғымды ала білу; ой қорытып, көргенін салыстыру, әңгімелеп айту шеберлігі; әр объектінің ұқсастығын, айырмашылығын тауып, топтауға, жіктеуге төселу, жаттығу. Осы дағдылар арқылы оқушыларда заттық-бейнелік ойлау қабілеті дамиды. Ол кейін ойда, санада қалған бейнеге негізделе отырып абстрактылы ойға көшу мүмкіндігіне жетеді. Мәселен, жыл мезгілінің табиғат көрінісін бақылау үшін топсаяхатқа шығып білім алған оқушы кейін бұл өзгерістің себебін іздеуді абстракты оймен жалғастырады. Күннің суынғаны, жылудың азайғаны өсімдіктерге қолайсыздық туғызатынын ұғыну оған қиынға соқпайды. өсуіне қажетті жағдайдың жетіспеуінен өсімдіктің қурайтынын, сарғаятынын түсінеді. Осы сияқты бір-бірімен байланысты туатын ұғымдар жиынтығы оқушыны белгілі табиғат заңдылықтарын түсінуге жетелейді.

Топсаяхаттың білімдік мақсаты - табиғат объектілерінің түр-түсімен ғана таныстырып қоймай, олардың әр қайсысының қасиетін, табиғаттағы орнын, бір-біріне тигізетін әсерін ұғындыру. Табиғаттың бір бөлігінің өзгеруі, оның екіншісінің өзгерісіне әкеліп соғатынын да топсаяхат кезінде ұғындыру қиынға түспейді.

Білім жүйелілігі, өлкетану, эстетикалық тәрбие беру талаптары да топсаяхатта жүзеге асады. “Дамыта оқыту балаларды ойлануға, ой қорытуға, керекті білімге өздігінен іздену арқылы жетуге үйрету” - деп түсінсек, топсаяхат оқушыларды дамытудың көзі.

Қазіргі таңда оқушының тұлға ретінде қалыптасуына көңіл бөлу, оларға экологиялық білім мен тәрбие беру талабы қойылып отыр. Жоғарғы сыныптарда оқушыларды “биологиялық және экологиялық сауатты тұлға” ретінде дайындау мақсаты көзделсе, соның бастапқы негізі бастауыш сыныпта қаланады



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет