3. Бұл сабақ түрінің оқушыларға деректі обьектілер жайында ұғым берудегі тиімділігін саралау.
Топсаяхат кезінде балалар қоршаған дүние жайындағы білімді елеулі түрде үстей түседі және кеңейтеді, табиғат пен қоғамның даму заңдылықтарын терең танып білуге көмектеседі, өткендегі мәдени мұрасы, өз халқының салт-дәстүрлерімен танысады.Сондай-ақ, топсаяхат лар жалпы білімге деген ынтаны күшейтеді, балалардын білім алу жолындағы ынтасын арттырады, оқудың өмірмен байланысын нығайтады.
Бұл топсаяхат барысында балалар табиғат объектілерінің өзара қарым-қатынасын және олардың өмір сүру ортасымен байланысын көре алады.Табиғатқа топсаяхат жасау – бұл табиғатты нақты түрде зерттеудің әдісі, яғни табиғаттың шынайы объектілері мен құбылыстарын зерттеудің тәсілі. Тәжірибелік сабақтар сияқты топсаяхат балалардын өз бетінше жұмыс істеу қабілеттері қалыптасады. Олар, материалдарды жинау және сол жинақтарды санаумен, сонымен бірге топсаяхат материалдарын өндеумен (топсаяхаттан кейін топ ішіндегі сабақтарда) танысады. Топсаяхаттарды жоспар бойынша жүргізіп отыру балалардын бойында өз өлкесін зерттеу тәжірибесін дамытады. Топсаяхаттардың тәжірибелік мәні де зор. Дәл осы топсаяхаттар балалар санасында табиғатқа деген қызығушылық пен махаббат, эстетикалық сезімдерді оятады.
Олар, табиғаттың сұлулығын көреді және де оны аялаудың, сақтаудың қажеттігін түсінеді. Бұл топсаяхаттардың экологиялық жақтары. Осындай жағдайларда алынған білімдер өте баянды болады және баланың санасында ұзақ сақталады.Сонымен бірге, топсаяхаттар оқу балалардын сана-сезімін, тәрбиесін нығайтады, олардың бойында өз бетінше әрекет ету және де еңбек етуге дағдылану сияқты қасиеттерді дамытады. топсаяхат кезіндегі өмір сүру жағдайлары қалыптасқан жағдайға бейімделуді, әр түрлі қиын сәттерден шығу жолдарын үйретеді, жетілдіреді.
Табиғатқа топсаяхат жасаудың әдістемесін қарастырайық, өйткені олар ұйымдастырушылық және әдістемелік тұрғыда өте күрделі болып келеді және де арнайы дайындықты қажет етеді.Топсаяхатқа шығу арқылы балалар бақылау жүргізеді. Жекеше және топпен бірге бақылау, дүркін-дүркін бақылау, ұзақ уақыт бақылау. Мысалы:өсімдіктер, жануарлар тіршілігін, олардың өсуі, дамуы. Қысқа мерзімді бақылау. Өсімдіктер мне жануарлардың көптүрлілігін, өлі табиғат объектілерінің түр-түсін, қасиетін, басты белгілерін сапасын танып білуде – қысқа мерзімнің маңызы. Жыл мезгілдерінің құбылыстарын дер кезінде бақылата отырып, өлі және тірі табиғат ерекшеліктері мен адамдар еңбегінің өзгеруін таныстыру мүмкіндігі туады. Мысалы, әр жыл мезгіліндегі өсімдіктер мен жануарлар тіршілігі адамадар еңбегінің өзгеруіне әсер етпей қоймайды. Осы тұрғыда алғанда, бағдарламада балаларға берілетін табиғат туралы білім мазмұны біршама байланыста, өзара сабақтастықта жоспарланған. Мысалы, көктемдекүн жылынып, жер жібиді, ағаштар бүршіктенеді, құстар келеді, адамдар егістік жерді жыртып, тұқым себеді т.б. Ал күзде ағаш жапырақтары сарғайып түседі, аңдардың көбі қысқа дайындық жасайды, адамдар еңбегі де осыған қарай өзгереді[3].
Күнделікті күзде бақта, саябақта өткізетін жұмыстардың саны беріліп, баланың өзі бақылағандарын сызып, көрсету ұсынылады. Балалар үйіне жақын жердегі, жақын саябақтағы жұмысты бақылап қана қоймай, оған белсенді түрде қатынасуы қажет. Күнделіктегі бірқатар тапсырмалар мен
суреттер екінші сынып балалар ының табиғатты қорғауға қатынасуын, оны аялауға ұсынады.Жылдың аяғында жалпы қорытынды жасайды да, жергілікті жерде күз, қыс, көктем қанша айға созылғанын анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |