1-тоқсан батырлық жырлар, батырлар жыры



бет4/60
Дата08.03.2022
өлшемі231,27 Kb.
#27231
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   60
Байланысты:
7-сынып мәтіндер

«ЕДІГЕ БАТЫР» – батырлық жыр. Тарихта болған атақты батыр, ел билеуші Едігенің ерлік істерін жырлауға арналған.

«Едіге батыр» жыры қазақтарда ғана емес, түркі тілдес халықтардың біразында кездеседі. Жырда тарихи оқиғалар мен эпостық-ертегілік сарындағы қиял-ғажайып, әсірелеу сарындары араласа келеді. Эпоста тарихта есімдері мәлім Әмір Темір, Тоқтамыс хан жайлы да сөз болады. Жыр қазақ даласына кең тарап, халықтың сүйікті шығармасына айналған. Жырдың қазақ тілінде бірнеше нұсқасы бар. Олардың ішінде құндылары – Шоқанның әкесі Шыңғыс Уәлиұлы Уәлиханов жазып алған нұсқа. 1905 ж. ғалым П.М.Мелиоранский осы нұсқаны Санкт-Петербург қаласында жеке кітапша етіп шығарды.

Академик Қ.И.Сәтбаев жас кезінде ел аузынан жазып алған жыр нұсқасын 1927 ж. Мәскеуде «Ер Едіге» деген атпен бастырды. Ол осы жыр үшін кейін, 1950 ж. қуғынға ұшырады. «Едіге батыр» жыры жарты ғасырға жуық уақыт баспа бетін көрмеді. 1989 ж. «Қазақ халық әдебиеті» көп томдығының батырлық жырларға арналған топтамасында Мұрын жырау жырлаған «Қырымның қырық батыры» циклі бойынша «Едіге» жыры 5-томда жарияланды. Сәтбаев жариялаған жыр нұсқасы 1995 ж. «Ер Едіге» деген атпен қазақ және орыс тілдерінде жеке кітап болып жарық көрді. 1996 ж. ғалымдар Р.Бердібайдың алғы сөзімен және О.Ә.Нұрмағамбетованың құрастыруымен «Едіге батыр» жинағы басылды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет