1-тоқсан батырлық жырлар, батырлар жыры


АҚЫЛ – ТОН АҢДАҒАНҒА АЗБАЙТҰҒЫН



бет27/60
Дата08.03.2022
өлшемі231,27 Kb.
#27231
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   60
Байланысты:
7-сынып мәтіндер

АҚЫЛ – ТОН АҢДАҒАНҒА АЗБАЙТҰҒЫН
Ақыл — тон, андағанға тозбайтұғын,

Ғылым — кен, күнде өніп қоздайтұғын.

Иелік екеуіне еткендердің

Жаны жоқ жер жүзінде озбайтұғын.

Адамды әрлі-берлі үйірілдіріп

Сияқты тұрмыс - толқын қозғайтұғын.

Өнер мен кен — ғылымға уақытың барда,

Себеп не сыбанып қол созбайтұғын.

Қатарың қалмай шауып бара жатса,

Арқаңның ауруы не қозбайтұғын?!

Көшке ермей, өз бетінше қаңғалаған,

Ботадай боз тақырда боздайтұғын.


*****

СӘБИТ ДӨНЕНТАЕВ (18941933) — қазақ ақыны. Оның поэзиясы терең мазмұнды, ойлы болумен бірге көркемдік қырларымен, өзіндік өзгешеліктерімен де ерекшеленеді.

1894 жылы Семей облысының Павлодар уезiнiң Ақсу болысында туған. Әкесі Дөнентай кедей еді.

Қасымқажы Ертісбаевтың медресесін бітірген соң өлең жазу бастады.

Сәбит Дөнентаевтың шығармашылығына Абайдың, Крыловтың, Тоқайдың өлеңдері, мысалдары әсер еттi.

1913 жылы «Айқап» журналында Сәбит Дөнентаевтың «Қиялдарым» өлеңi шығады. Бұл журналда кезінде Сұлтанмахмұт Торайғыров және тағы басқа қазақ ақындарының өлеңдерi шыққан.

1915 жылы Yфi (Уфа) қаласында Сәбит Дөнентаевтың «Уақ-түйек» деген өлеңдер жинағы шығады. Ақын өз халқын қамын ойлап, оның өмірі, тағдыры, халі, тұрмысы туралы өлеңдер жазған, сатира ақыны болып, елін зорлайтын байлар мен патша өкіметіне күледі, әділет туралы ойлайды.

Ақынның «Бозторғай», «Көк төбетке», «У жеген қасқырға», «Екі теке» мысалдары бар. Бұл еңбектері Крыловтың шығармашылығының ақынына әсер еткенінен жазылған. «Биік тау», «Заман кімдікі» әділет туралы ойлайтын-толғайтын азаматының мұңдары. «Қазақтан шыққан білгендер» — жастарға үгіт-насихат. «Көркемтай» әңгімесі жетімнің тағдыры туралы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет