1-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар Бөлім «Қазақстандағы көрікті жерлер. Лексикография»



бет8/21
Дата16.05.2023
өлшемі65,62 Kb.
#93634
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   21
Оқу мақсаты:

6.1.6.1 Коммуникативтік жағдаятқа сай ресми сөздер мен тіркестер, дайын тіркестер мен терминдерді орынды қолданып, диалогке қатысу, ойын анық жеткізу;
6.4.3.1 неологизм, термин, диалект сөз, кәсіби сөздердің қолданыс аясын түсіну және ажырата білу.

Орындау уақыты: 15-20 минут
1-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, мәтін бойынша 3 сұрақ құрастырып жаз.
Таланттар тоғысқан шаңырақ
Бүгінгі күні Қазақ Ұлттық Өнер университетінде оқыған да, оқымаған да арманда болып тұр. Есілдің сол жағалауындағы «Шабыт» шығармашылық сарайына қоныс тепкен білім мен өнер ордасында оқушылар мектептен кейін колледжде, колледжден кейін университетке түсуге мүмкіндігі бар. Тіпті бакалавриат, магистратура сатыларын бітіргенше оқуын жалғастыра алады. Оған университеттің материалдық-техникалық базасы толығымен жеткілікті. «Шабытта» екі балет залы, екі театр залы, аэробика залы және әр буынның өзіне лайық студиялары жұмыс істейді.
Қазіргі күні университет дамудың жаңа жолына түскен. Білім ордасында мектеп-колледж кешенінде 5 бағдарлама, бакалавриатта 19 және магистратурада 15 бағдарлама бойынша мамандар әзiрлейді.
Оқу орнында тек 2010 жылдың өзінде жаңа өнер мамандықтары ашылды: мәдениеттану, өнертану(актер, образ, дирижер, режиссер), хореография, кескiндеме, мүсiн, қолөнер (шербек, ыңғыру, пәрбі, атауызбен жұмыс жасау), режиссура (көркем және деректі кино), операторлық өнер, сценография (киiм дизайны, грим-визаж), кiтапхана iсі (мұрағат, мұражай). Сонымен қатар, 6 факультет жұмыс істейді: музыка; театр, кино және ТВ; дәстүрлi музыкалық өнер; хореография; бейнелеу өнерi; әлеуметтiк-гуманитарлық ғылым.
Университет шәкірттері жыл сайын Австрияда, Венада, Ватиканда, Сан-Бартоломеода өтетiн халықаралық конкурстарда топ жарып, жүлдегер атанып, ел мерейін асқақтатып жүр.
ҚазҰӨУ-де сабақ беріп, шәкірттер тәрбиелеп жүрген оқытушылар да осал емес. Олардың басым көпшілігі елімізге танымал тұлғалар. Атап айтқанда, Е.Рахмадиев, К.Дүйсекеев, С.Еркімбеков, С.Әбдінұров, Қ.Байбосынов, Ә.Сығай, Б.Нөгербек, Ә.Тарази, Р.Мұқанова, Т.Әліпбаев сынды өз кәсібінің білікті мамандары өз шеберліктерінің қыр-сырын шәкірттерге үйретіп келеді.
Бұл бұл ма, мұнда сырт мемлекеттерден де келіп сабақ беретін Ресей мен Еуропаның білікті музыканттары да баршылық. Мысалы, Мәскеу, Петербург, Киев, Минск, Вена мен Лондон консерваториясымен жасалған келісім-шарттар бар. Жыл сайын университетімізге Италияның өнер шеберлері де келіп, дәріс оқиды.

  1. ______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

  2. ________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

3.________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

2-тапсырма. Мәтіннен неологизм, термин, кәсіби сөздердің қолданыс аясын түсініп және ажыратып жазыңыз.


_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет