Бағалау критерийі
|
№
тапсырма
|
Дескриптор
|
Балл
|
Білім алушы
|
Коммуникативтік жағдаятқа сай ресми сөздер мен тіркестер, дайын тіркестер мен терминдерді орынды қолданып, диалогке қатысып, ойын анық жеткізе алады.
|
1
|
Ресми сөздер мен тіркестер, дайын тіркестер мен терминдерді орынды қолданып, диалогке қатысып, ойын анық жеткізеді.
|
2
|
Неологизм, термин сөз, кәсіби сөздердің қолданыс аясын түсініп және ажыра алады.
|
2
|
Неологизм, термин сөз, кәсіби сөздердің қолданыс аясын түсініп және ажыратады.
|
2
2
2
|
Барлығы
|
8
|
Оқушының аты –жөні: ______________________________________6 «Ж» сынып
20.12.2021ж Қазақ тілі 2-тоқсан №2БЖБ
Бөлім «Тарихи тұлғалар. Лексика»
Оқу мақсаты 6.1.5.1 тыңдалған мәтін мазмұны бойынша жалпы және нақты
сұрақтар қою.
6.4.3.1-көнерген сөз, диалект сөздердің қолданыс аясын түсіну және
ажырата білу.
Орындау уақыты: 15-20 минут
1. А және Ә мәтіндерін мұқият оқып, 2-3 сұрақ қойыңыз, көнерген сөздер, диалект сөздердің астын сызыңыз.
А) Қазақстан — тәуелсіз ел. Тәуелсіздіктің көк туы көгімізде желбіреп, азаттықтың ақ таңы атқалы 30 жыл болыпты. Өз алдына дербес ел болған Қазақстанның, оның кең байтақ жерінде бейбітшілікте мекен еткен халқымыздың ұлылығын ұлықтай білген, қазақ әдебиеті мен мәдениетінің төрінен орын алар ұлы тұлғалар жетерлік. Солардың бірі де бірегейі XX ғасырда қазақ әдебиетінің биік тұлғасы Мұхтар Омарханұлы Әуезов.
Тамаша талант иесі бұрынғы Семей уезінің Шыңғыс болысының тумасы. Ол 1897 жылы қарапайым отбасында дүниеге келген. Арқа сүйеп пір тұтқан асқар таудай әкесі Омархан мен немересінің болашағынан үлкен үміт күткен атасы Әуез көзі ашық, көңілдері нұрлы адамдар болған. Мұхтар атасының қолында өскен. Жастайынан білімге құштар бала Мұхтарды алғашында атасы Әуез мұсылманша сауат аштырып, хат танытқан. Бос уақытында ел аузында жүрген қиссалар мен аңыздарды, өлең жырларды тыңдатып ұлтының рухани мұрасынан сусын қандыртып өсірген. Атасы Әуез бен әжесі Дінасылдың тәрбиесінің ықпалымен бала Мұхтар Ұлы Абайдың өлеңдерін алты жасынан бастап-ақ жатқа білген. Себебі, Әкесі Омархан, атасы Әуез Абай ауылымен көршілес тұрған. Әуездің өзі де Абай Құнанбаевтың шығармаларына ерекше мән беріп, қызығушылық танытқан.
Ә) Бес жасар Бейсенбай азанда ерте тұрып, бақшадан екі-үш бәдірен үзіп алып, дәу тамның артындағы әткеншекке жайғасты. Кенет әулінің дарбазаға тақау бұрышындағы тауық кепеден біресе мекиеннің, біресе қораздың жарыса шыққан дауыстары естілді. Ол әткеншектен секіріп түсіп, солай қарай тұқым алуға беттеді.
А мәтіні бойынша сұрақтар.
_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________Ә мәтіні бойынша сұрақтар. ________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Оқушының аты –жөні: ______________________________________6 «Ж» сынып
20.12.2021ж Қазақ тілі 2-тоқсан №2БЖБ
Бөлім «Тарихи тұлғалар. Лексика»
Достарыңызбен бөлісу: |