14.1 Рубеждік бақылау жүргізуге арналған сұрақтар (тесттік тапсырмалар)
1-нұсқа
1. Басқару ұйымның барлық міндеттерін үйлестіру үшін қажет, сондықтан басқару … процесі болып табылады:
А) жоспарлау, ұйымдастыру, ынталандыру, бакылау;
Б) ұйымдастыру, болжау;
В) ынталандыру, құру;
Г) бақылау, инвестициялау;
Д) жоспарлау, қадағалау;
2. Қаржы менеджменті –
А) қаржыларды басқару жүйесі;
Б) қаржыларды басқару органы;
В) кәсипкерлік қызметтің нысаны;
Г) шығындарды басқару;
Д) кәсіпорынды басқару.
3. Қаржы менеджменти – бұл … басқару процесі:
А) кәсіпорынның қаржы ресурстарын басқару;
Б) кәсіпорын материалдык ресурстарынын құрылуын;
В) кәсіпорынның ақша айналымын;
Г) шығындарды басқару;
Д) фирманы басқару.
4. Ақшаның баланстық құны:
А) инвестицияланған ақшаның белгілі бір уақыт ішінде қайтарылған сомасы;
Б) қарыз қаражаттарының құны;
В) өзіндік қаражаттардың құны;
Г) ақшаның пайдалылығы;
Д) инвестицияның құны.
5. Капитал құны дегеніміз:
А) барлығы.
Б) тәуекел шамасы өзгермеу шарттарында, инвестициялардың альтернативті салымдар мүмкіндіктерінен күтетін табысы;
В) инвестордың капиталын қолданғаны үшін оған төленетін пайыздық қойылым;
Г) жобаны жүзеге асыру барысында пайда болған ақшаларды салудағы пайдалылықтың минималды сомасы;
Д) болашақта өтеу үшин қажетті жана капитал салымдарын камтамасыз етуші табыс;
6. Бір жылғы 1000 долларға тең депозит 10% жылдық табыс берсе, ақшаның болашақ құнын анықтаңыз:
А) 1100 доллар;
Б) 1400 доллар;
В) 2000 доллар;
Г) 2500 доллар;
Д) 2100 доллар.
7. Қаржы менеджментінің немесе кәсіпорын қаржыларын басқаратын субъект:
А) экономика және қаржы бойынша вице-президент;
Б) өндіріс бойынша вице-президент;
В) макетинг бойынша вице-президент;
Г) бас бухгалтер;
Д) бас кассир.
8. Қаржы қызметі (бөлімі) келесі функцияларды атқарады:
А) барлығы.
Б) пассив және активтерді басқару;
В) ақша ағымдарын басқару;
Г) серіктестермен (жабдықтаушылар, банктер және т.б.) қаржылық қарым-катынастарды камтамасыз ету;
Д) қаржылық талдау мен жоспарлау, қаржылық бакылау.
9. Қаржы менеджері келесі маңызды кәсібі міндеттемелерді жүзеге асырады:
А) барлығы.
Б) нысаны, мерзімі, құны, бойынша қарыз қаражаттарын және активтерді пайдаланудың қаржылық жағы бойынша ең жақсы құрылымды құрады;
В) қаржы менеджментінің стратегиясы мен тактикасын жүзеге асыру және оларды үйлестіру бойынша;
Г) ішкі қаржылық бақылау бойынша;
Д) кәсіпорын қызметін қаржыландыру бойынша;
10. Қаржы менеджері нарықтық экономика жағдайында корпорация қаржыларын басқару үшін қажет келесі касиеттерге ие болуы керек:
А) барлығы.
Б) акционерлік компания үшін қауіп немесе колайлы мүмкіндіктерді тудыратын маңызды бағыттарды көрсете білу;
В) қаржы нарығы, тауарлар мен қызметтер нарығында сұраныс пен ұсынысты болжау қабілеті және коммерциялық нарық жағдайында басқару шешімдерін қабылдау;
Г) пайдалылығы жоғары жобаларды тандау;
Д) концептуалды қасиеттер, яғни өз компаниясы мен сырткы айналысы арасындағы байланысты сезе білу;
11. Қаржы менеджментінің негізгі түсініктері мен көрсеткіштеріне келесілер жатпайды:
А) негізгі капитал амортизациясы;
Б) қосылған құн;
В) инвестицияларды пайдаланудың брутто-нәтижесі (БРЭИ);
Г) инвестицияларды пайдаланудың нетто-нәтижесі (НРЭИ);
Д) активтердің экономикалық рентабельділігі.
12. Кәсіпорын өндірген өнім құнынан өндірісте пайдаланылған материалды қаражаттар (шикізат, энергия және т.б.) және басқа ұйымдардың қызметтер құнын шегеру жолымен:
А) қосылған құн анықталады:
Б) инвестицияларды пайдаланудың брутто-нәтижесі (БРЭИ);
В) инвестицияларды пайдаланудың нетто-нәтижесі (НРЭИ);
Г) экономикалық рентабельділік;
Д) табыс.
13. Қосылған құннан еңбекті төлеу және онымен байланысты міндетті төлемдерді, сонымен бірге пайдаға салынатын салықтан баска барлық салықтар мен салық төлемдерин шегеру арқылы келесі көрсеткіш табылады:
А) инвестицияларды пайдаланудың брутто-нәтижесі (БРЭИ);
Б) қосылған құн;
В) инвестицияларды пайдаланудың нетто-нәтижесі (НРЭИ);
Г) экономикалық рентабельділік;
Д) пайда.
14. Инвестицияларды пайдаланудың нетто-нәтижесі (НРЭИ) немесе несие үшін төленетін пайыздар мен табысқа салынатын салықты төлегенге дейінгі пайда келесі жолмен анықталады:
А) БРЭИ-ден негізгі қаражаттарды калпына келтіруге кететін барлық шығындарды шегеру;
Б) қосылған құннан салықты шегеру аркылы;
В) кәсіпорын өндірген өнім құнынан қосылған құнды шегеру;
Г) қосылған құннан БРЭИ-ді шегеру аркылы;
Д) БРЭИ мен пайданы қосу.
15. Активтердің экономикалық рентабельділігі (ЭР) келесі жолмен анықталады:
А) НРЭИ-дің активке қатынасын 100% көбейту (НРЭИ / Актив х 100%).
Б) қосылған құннан БРЭИ-ді шегеру;
В) БРЭИ-ден НРЭИ-ді шегеру;
Г) активтін НРЭИ-ге қатынасын 100% көбейту арқылы (Актив / НРЭИ х 100%);
Д) өндірілген өнім құныннан қосылған құнды шегеру;
16. Коммерциялық маржа келесіні көрсетеді:
А) айналымның әрбір 100 теңгесі пайдаланудың қандай нәтиже беретінін;
Б) айналымның экономикалық рентабельділігі екенін;
В) айналымның әрбір 100 теңгесі пайдаланудың қандай нәтижесін және бұл айналымның экономикалық рентабельділігі екенін;
Г) сату рентабельділігінін жоғарылау деңгейін;
Д) сату рентабельділігінін төмендеу деңгейін.
17. Трансформация коэффициенті көрсетеді:
А) активтін әр теңгесінен айналымның қанша теңгесі алынатынын, яғни қай айналымга активтін әр теңгесі трансформацияланатынын;
Б) пассивтин әр теңгесінен айналымның қанша теңгесі алынатынын;
В) пассивтин әр теңгесі қандай айналымга трансформацияланатынын;
Г) оны актив пен пассивтин айналымдылыгы ретинде кабылдау;
Д) активтін пассивке қатынасын.
18. Экономикалық рентабельділікті реттеу келесілерді жүзеге асыруға жүктеледі:
А) коммерциялық маржа мен трансформация коэффициентін қоса алғанда.
Б) тек трасформация коэффициентіне;
В) баға саясатына;
Г) кызметтін салалық жағдайларына;
Д) тек коммерциялық маржаға;
19. Қаржы тұтқасының (рычагы) нәтижесі – бұл:
А) несиені пайдаланудан алынатын өзіндік қаражаттар рентабельділігіне өсім;
Б) несиені пайдаланудан алынатын қарыз қаражаттарының рентабельділігіне өсім;
В) өзіндік қаражаттар рентабельділігінің тұрақты деңгейін сақтау;
Г) қарыз қаражаттар рентабельділігінін тұрақты деңгейін сақтау:
Д) қарыз қаражаттарының өзгермелі денгейі.
20. Қаржы тұтқасының нәтижесі несиені пайдаланушы кәсіпорын келесі әрекетті жүзеге асырған кезде пайда болады:
А) пассивтегі өзіндік және қарыз қаражаттардың қатынасы, пайыз қойылымының мөлшеріне тәуелді өзіндік қаражаттар рентабельділігін жоғарылатады немесе төмендетеді;
Б) пайыз қойылымының мөлшеріне тәуелді өзіндік қаражаттар рентабельділігін төмендеткен кезде;
В) салық салынатындыққа байланысты өзіндік қаражаттар рентабельділігін төмендетеді;
Г) өзіндік қаражаттар рентабельдігін тұрақтандырады;
Д) пассивтегі өзіндік және қарыз қаражаттар қатынасына тәуелді өзіндік қаражаттар рентабельділігін жоғарылаткан кезде;
21. Қаржылық тұтқа нәтижесінің құраушылары келесілер болып табылады:
А) дифференциал, қаржы тұтқасының иіні;
Б) пайдаға салынатын салықтың ставкасы;
В) қаржы рычагының иіні;
Г) дифференциал;
Д) экономикалық рентабельділік.
22. Дифференциал келесіні білдіреді:
А) активтердің экономикалық рентабельділігі мен қарыз қаражаттары бойынша орташа есептік пайыз қойылымы арасындағы айырма (ЭР – СРСП);
Б) қаржылық тұтқаның әсер ету күшінің сипаттамасы;
В) активтердің экономикалық рентабельділігі мен салық ставкасы арасындағы айырма (ЭР – СНОП);
Г) қарыз қаражаттары арасындагы қатынас, яғни ЗС / СС;
Д) 2/3 ЭР.
23. Қаржы тұткасының иіні келесіні сипаттайды:
А) қаржы тұтқасының әсер ету күшін сипаттайды;
Б) қаржы тұтқа нәтижесінің деңгейін сипаттайды;
В) қарыз қаражаттары мен өзіндік қаражаттар арасындағы қатынас болып табылады;
Г) қарыз және өзіндік қаражаттардың қатынасы аркылы қаржы тұтқасының әсер ету күшін сипаттайды;
Д) қарыз қаражаттары.
24. Қаржылық тұтқа нәтижесінің денгейі аныкталады:
А) ЭФР деңгейі = 2/3 (ЭР – СРСП) х (ЗС / СС);
Б) ЭФР деңгейі = ЗС / СС;
В) ЭФР деңгейі = (1 – СНОП);
Г) ЭФР деңгейі = 2/3 дифференциал;
Д) барлық жауап дұрыс емес.
25. Қаржы тұтқа нәтижесін есептеу:
А) ЭФР = (1 – СНОП) х (ЭР – СРСП) х ЗС / СС.
Б) ЭФР = (ЭР – СРСП);
В) ЭФР = ЗС / СС;
Г) ЭФР = 2/3 (ЭР – СРСП) х (1 – СНОП);
Д) ЭФР = (1 – СНОП);
26. Қаржы тұтқа нәтижесін есептеудің бірінші тәсілі кең мүмкіндіктерді ашады:
А) барлығы;
Б) несиелендірудің жіберілетін талаптарын есептеу бойынша;
В) кәсіпорын үшін салық ауыртпалығын жеңілдету бойынша (РСС = 2/3 ЭР + +ЭФР формуласымен үйлесуде);
Г) дифференциал, тұтқасының иіні және қаржы рычагының деңгейі сол немесе баска мәндерімен кәсіпорын акцияларын сатып алу максатқа лайықтылығы туралы шешім анықтау бойынша;
Д) қарыз қаражаттарының кауіпсіз көлемін анықтау бойынша;
27. Егер жана қарыз алу кәсіпорынға қаржы тұтқа нәтижесінің жоғарылауына әкелсе, онда бұл қарыз алу:
А) тиімді;
Б) тиімсіз;
В) дифференциал жағдайына мұқият бақылау жүргізу кезінде тиімді;
Г) пайыз қойылымының жоғарылауы кезінде тиімді;
Д) пайдасы жоқ.
28. Несие берушінің тәуекелі дифференциал шамасымен сипатталады:
А) неғұрлым дифференциал жоғары болса, соғұрлым тәуекел төмен; неғұрлым дифференциал төмен болса, соғұрлым тәуекел жоғары;
Б) неғұрлым дифференциал жоғары болса, соғұрлым тәуекел жоғары;
В) неғұрлым дифференциал төмен болса, соғұрлым тәуекел төмен;
Г) неғұрлым дифференциал төмен болса, соғұрлым тәуекел жоғары;
Д) дифференциал тұрақты.
29. Саналы қаржы менеджері;
А) қаржы тұтқасының иінін жоғарылатпайды, дифференциалға тәуелді оны реттейді;
Б) қаржы тұтқасының иінін жоғарылатуға тырысады;
В) қаржы тұтқасының иінін жоғарылатпайды;
Г) дифференциалды минимизациялау үшін қаржы тұтқасының иінін минимизациялауға тырысады;
Д) ЗС / СС = 0 кезинде қаржы тұтқасының иінін тұрақтандыруға тырысады.
30. Сырткы қаржыландырудың негізгі тәсілдеріне не кірмейді:
А) бөлінбеген пайда есебінен қаржыландыру;
Б) займ, облигациялар эмиссиясы нысанындағы қарыз қаражаттарын тарту;
В) акцияга ашық жазылу (подписка);
Г) несие тарту;
Д) акцияға жабық жазылу (подписка);
31. Сырткы қаржыландырудың негізгі тәсілдеріне жатады:
А) барлығы;
Б) несие, заем, облигациялар эмиссиясы нысанындағы қарыз қаражаттарын тарту;
В) акцияға ашық жазылу (подписка);
Г) үш тәсілдің үйлесуі;
Д) акцияға жабық жазылу (подписка);
32. Кәсіпорынмен қабылданған бөлу нормасы көрсетеді:
А) таза табыстың қай бөлігі дивиденд ретінде төленетінін;
Б) дивидендтер мен өндірісті дамытуға таза рентабельділікті СС бөлу пропорциясын;
В) таза табыстың қай бөлігіне табыс салығы салынатынын;
Г) таза табыстың қай бөлігі қайырымдылық қорына бағытталатынын;
Д) таза табыс бөлінбейтінін.
33. Кәсіпорынның ішкі өсу қаркындары – бұл:
А) өзіндік қаражаттар жоғарылау (өсу) қарқындары;
Б) айналымды өсіру қарқындары;
В) кәсіпорынның даму қарқындары;
Г) таза пайда;
Д) қарыз қаражаттары.
34. Кәсіпорынның сомалық шығындары жіктеледі:
А) айнымалы, тұрақты, аралас;
Б) тұрақты, аралас;
В) аралас, жалпы;
Г) айнымалы, жалпы;
Д) айнымалы, тұрақты.
35. Шығындарды айнымалы және тұрақты шығындарға классификациялаудың практикалык пайдасы қандай:
А) шығындардың кыскару есебінен табыс өсімі мен массасының максимизациясын шешуге көмектеседі, шығындардың орнын толтыруы туралы талдау жүргізуге көмектеседі, кәсіпорынның «қаржылық беріктітік запасын» анықтауға мүмкіндік береді;.
Б) шығындардың орнын толтыруы туралы талдау жүргізуге көмектеседі;
В) кәсіпорынның «қаржылық беріктілік запасын» анықтауға мүмкіндік береді;
Г) шығындардың орнын толтыруын бағалауға көмектеседі, кәсіпорынның «қаржылық беріктілік запасын» талдау;
Д) шығындардың кыскару есебінен табыс өсімі мен массасының максимизациясын шешуге көмектеседи.
36. Операциялық талдаудың (анәліз) басты элементтері ретинде келесілер кызмет етеді:
А) операциялык тұтқа, пайдалылық табалдырығы, кәсіпорынның қаржылық беріктілік запасы;
Б) рентабельділік;
В) кәсіпорынның қаржылары;
Г) операциялық тұтқа, қаржылық тұтқа;
Д) операциялық тұтқа, пайда.
37. Операциялық (өндірістік, шаруашылық) тұтқаның әрекет етуі келесіде көрінеді:
А) өткізуден түскен түсімдердің кез келген өзгерісі табыстың күшті өзгерісін тудырады;
Б) бағалардың өсуінен түсім өседі;
В) өткізуден түскен түсімдердің кез келген өзгерісі шығындардың өзгеруінен туады;
Г) экономикалық рентабельділіктің өсуі;
Д) қарыз қаражаттарының өсуі.
38. Жалпы маржа мынаны білдіреді:
А) өткізуден түскен түсімдер мен айнымалы шығындардың арасындағы айырма;
Б) өткізуден түскен түсімдер мен тұрақты шығындар арасындағы айырма;
В) өткізуден түскен түсімдер мен аралас шығындардың арасындағы айырма;
Г) өткізуден түскен түсімдер мен табыстар арасындағы айырма;
Д) өткізуден түскен түсімдер мен өзіндік кұн арасындағы айырма.
39. Операциялық тұтқаның әсер ету күші берілген фирмамен байланысты кәсіпкерлік тәуекел дәрежесіне көрсетеді:
А) неғұрлым СВОР жоғары болса, соғұрлым кәсіпкерлік тәуекел жоғары;
Б) неғұрлым СВОР төмен болса, соғұрлым кәсіпкерлік тәуекел жоғары;
В) неғұрлым СВОР жоғары болса, соғұрлым кәсіпкерлік тәуекел төмен;
Г) СВОР тәуекелді тұрақтандырады;
Д) СВОР тәуекелді тудырады.
40. Пайдалылық табалдырығы – ол … кездегі өткізуден түскен түсім.:
А) залал жок, пайдасы әли жок, жалпы маржа тұрақты шығындарды жабады және табыс 0-ге тең;
Б) пайдасы әлі жок;
В) жалпы маржа тұрақты шығындарды жабады және табыс 0-ге тең;
Г) залал жок;
Д) жалпы маржа табыстарды қосады.
41. Қаржылық беріктілік запасы:
А) өткізуден түскен нақты түсім мен пайдалылық табалдырыгы арасындағы айырма;
Б) өткізуден түскен нақты түсім мен жалпы маржа арасындағы айырма;
В) пайдасы жок кәсіпорын
Г) өзіндік қаражаттары бәр кәсіпорын;
Д) қарыз қаражаттары бойынша пайыз
42. Берілген кәсіпорын инвесторлар, несие берушілер, сактандыру қоғамдары және т.б. экономикалық субъектілері үшін тартымды, егер кәсіпорында:
А) барлығы;
Б) тұрақты шығындардың жалпы сомасындағы дұрыс үлес салмағы кезіндегі операциялық тұтқаның әсер ету күшінің жағымды мәні болса;
В) активтердің экономикалық рентабельділігінің жоғары деңгейі болса;
Г) дифференциалдың нормалы мәні және қаржы тұтқасының калыпты мәні болса;
Д) қомақты қаржы беріктілік запасы (10%-дан жоғары) болса;
43. Күшті операциялық тұтқа мен күшті қаржылық тұтқаның үйлесуі кәсіпорын үшін жойылмалы болуы мүмкін, себебі:
А) кәсіпкерлік және қаржылық тәуекелдер өзара көбейтіледі;
Б) қаржылық тәуекел өседі;
В) кәсіпкерлік және қаржылық тәуекелдер қосылады;
Г) кәсіпкерлік тәуекел өседі;
Д) кәсіпкерлік және қаржылық жағымсыз эффектті көбейте отырып өзара бірін-бірі басады.
44. Қаржы тұтқа нәтижесінің жоғары деңгейінің операциялық тұтқа әсер етуінің әлсіз күшімен үйлесуі, қаржы тұтқа нәтижесінің төмен деңгейінің күшті операциялық тұтқамен үйлесуі, қаржылық және операциялық нәтижелерінің біркелкі деңгейі – бұл:
А) жиынтық тәуекелді төмендету тәсілі;
Б) өндірістік тәуекелді төмендету тәсілі;
В) операциялық тұтқа нәтижесі;
Г) қаржылық тәуекелді төмендету;
Д) табысты есептеу.
45. Жалпы жағдайда жиынтық тәуекелді төмендетудің вариантын таңдауда мына критерийлер кызмет етеді:
А) инвесторлардың жеткілікті кауіпсіздігі кезіндегі акцияның максималды курстық құны;
Б) капиталдың оптималды құрылымы;
В) қаржы тәуекелінің өсуі кезіндегі акцияның максималды курстық құны;
Г) кәсіпкерлік тәуекелдің өсуі кезіндегі акциялардың максималды курстық құны;
Д) акцияның төменгі деңгейі.
46. Операциялық және қаржылық тұтқаның ілесетін тиімділік формуласын былай пайдалануга болады:
А) кәсіпорынмен байланысты тәуекелдің жиынтық деңгейін бағалау және тәуекелдің жиынтық деңгейінің құрылымында кәсіпкерлік және қаржылық тәуекелдің ролін анықтау;
Б) кәсіпорынмен байланысты тәуекелдің сомалық деңгейін бағалау ушин;
В) жиынтық тәуекелдің құрылуында кәсіпкерлік тәуекелдің ролін анықтау үшин;
Г) жиынтық тәуекелдің құрылымында қаржылық тәуекелдің ролін анықтау үшин;
Д) өндірістік тәуекелді анықтау.
47. Кәсіпорын дамуының стратегиялық бағытына сәйкес келетін және орта талаптарына адекватты шешімдерді тандау мен жүзеге асыру кезінде ол мынаны ала алады:
А) барлығы;
Б) жоғары төлем кабилеттілігі;
В) жоғары өтімділік;
Г) жоғары рентабельділік;
Д) қомақты айналым және нарықтың лайыкты үлесі;
48. Тәжірибеде кәсіпорын инвестициялық саясат көмегімен өз мүмкіндіктерін жүзеге асырады:
А) экономикалық дамудың ұзак мерзімді теңденцияларына кызығу және оларға бейімделуге;
Б) экономикалық дамудың ұзак мерзімді теңденцияларына кызығуға;
В) конъюнктурлы тербелістерге бейімделуге;
Г) макроэкономикалық циклдарға ынғайлануға;
Д) жаңа нарыққа шығуға.
49. Қаражаттарды өндіріске, бағалы кағаздарға және т.б. салудың мақсатқа лайықтылығы туралы инвестициялық шешімдерді қабылдау критерийлеріне келесілер жатады:
А) барлығы;
Б) инвестициялар рентабельділігі инфляция деңгейінен жоғары және уақыт факторын есепке алғандағы берілген жобаның рентабельділігінен жоғары;
В) жобаны жүзеге асырудан кейінгі кәсіпорын активтерінің рентабельділігі көбейеді және кез келген жағдайда қарыз қаражаттары бойынша орташа есептік койылымнан асады;
Г) карастырылып отырған жоба өндірістің рационалды ассортименттік құрылымына, шығындардың орнын толтыру мерзімдеріне, шығындарды жабу көздеріне, тұрақты түсімдерді камтамасыз ету бойынша кәсіпорын стратегиясына сәйкес келеді;
Д) берілген салымнан таза табыс қаражаттарды банк депозиттеріне орналастырудан түскен таза табыстан асады.
50. Негізгі активтер қиын жүзеге асырылады, себебі келесі кажеттілік болуы мүмкін:
А) көп уақыт, едәуір әрекеттер, қосымша шығындар;
Б) едәуір әрекеттер;
В) тікелей шығындар;
Г) аз уақыт;
Д) айнымалы шығындар, едәуір әрекеттер.
2-нұсқа
1. Айналым активтері ақшаға айналу кабілеттілігіне тәуелді бөлінеді:
А) баяу және тез жүзеге асырылатын, өтімділікті;
Б) айнымалы;
В) отімділікті (ликвидті);
Г) жүзеге асырылмайтын;
Д) негізгі;
2. Тұрақты пассивтер – бұл:
А) өзіндік қаражаттар, ұзақ мерзімді несиелер мен займдар;
Б) қысқа мерзімді несиелер мен займдар;
В) кредиторлық қарыз;
Г) берілген кезендегі өтеу мерзімі басталатын займ мен ұзак мерзімді несиелердің бөлігі;
Д) өзіндік қаражаттар және несиелер.
3. Қысқа мерзімді немесе ағымды активтер – бұл:
А) қысқа мерзімді несиелер мен займдар, кредиторлық қарыз, берілген кезендегі өтеу мерзімі басталатын займ мен ұзақ мерзімді несиелердің бөлігі;
Б) қысқа мерзімді несиелер мен займдар;
В) кредиторлық қарыз;
Г) берілген кезендегі өтеу мерзімі басталатын займ мен ұзақ мерзімді несиелердің бөлігі;
Д) өзіндік қаражаттар, ұзақ мерзімді несиелер мен займдар.
4. Кәсіпорынның ағымдағы активтер мен ағымдағы пассивтер кешенді оперативті басқарудың міндеттері төмендегіге саяды:
А) барлығы;
Б) кәсіпорын айналым қаражаттарының айналымдылығынын тездеуі;
В) кәсіпорын ағымдық активтерін кешенді басқарудың қолайлы саясат түрін таңдауға;
Г) ағымдық пассивтерді кешенді басқарудың қолайлы саясат түрін таңдауға;
Д) кәсіпорынның ағымдық қаржылық кажеттіліктердің теріс мәнге айналуына.
5. Кәсіпорынның негізгі немесе тұрақты активтері – бұл:
А) жер, ғимарат, құрылыс, құрал-жабдықтар;
Б) ақша қаражаттары;
В) дайын өнім, шикізат және материалдар қоры;
Г) дебиторлық қарыз;
Д) қысқа мерзімді бағалы кағаздар.
6. Кәсіпорынның айналым немесе ағымдағы активтері – бұл:
А) дебиторлық қарыз, депозиттегі қаражаттар;
Б) жер, ғимарат, құрылыс, құрал-жабдық;
В) негізгі құралдар;
Г) салымдар;
Д) материалды емес активтер.
7. Кәсіпорынның таза айналым капиталы немесе кәсіпорынның өзіндік айналым қаражаттары бұл:
А) ағымдағы активтер мен ағымдағы пасивтер арасындағы айырма;
Б) негізгі активтер мен ағымдағы пассивтер арасындағы айырма;
В) өзіндік қаражаттар мен қарыз қаражаттары арасындағы айырма;
Г) ағымдағы активтер мен ағымдағы пассивтер сомасы;
Д) өзіндік және қарыз қаражаттар сомасы.
8. Кәсіпорынның ағымдағы қаржылық кажеттіліктері немесе қаржылық-эксплуатациялық қажеттіліктерді білдіреді:
А) шикизат коры, дайын өнім, аяқталмаған құрылыс, дебиторлық және кредиторлық қарыздарда иммобилизацияланған қаражаттар арасындағы айырма;
Б) шикізат қоры, дайын өнім, аяқталмаған құрылыс, дебиторлық және кредиторлық қарыздарда иммобилизацияланған қаражаттар сомасы;
В) дебиторлық қарыз бен кредиторлық қарыз қаражаттар сомасы;
Г) дебиторлык қарыз бен кредиторлық қарыз қаражаттар арасындағы айырма;
Д) ұзақ мерзімді несиедегі кажеттілік.
9. Кәсіпорын айналым қаражаттарының айналымдылығының периодын қысқарту мақсатында келесіде мүддели:
А) корлардың және дебиторлық қарыз айналымдылық период көрсеткіштерінің қысқаруында, кредиторлық қарызды төлеудің орташа мерзімін ұлғайтуында;
Б) корлар көрсеткіштерінің қысқаруында;
В) дебиторлық қарыз айналымдылық периодының қысқаруында;
Г) кредиторлық қарызды төлеудің ұзақ мерзімін ұлғайтуында;
Д) қорлардың айналымдылық периодының қысқаруында.
10. Факторингтік операцияларда қатысады:
А) факторингтік компания, клиент, кәсіпорын;
Б) несие беруші, несие алушы;
В) кәсіпорын мен несие беруші;
Г) факторингтік компания, клиент;
Д) банк, кәсіпорын.
11. Тұрақты активтер – бұл:
А) негізгі активтер;
Б) жыл бойы өзгеріссіз денгейдегі айналым активтер бөлігі;
В) маусымдық тербелистерге тәуелді өзгеретін айналым активтерінің бөлігі;
Г) айнымалы активтер;
Д) тіркелген активтер.
12. Тұрақсыз активтер – бұл:
А) маусымдық және басқа тербелистерден өзгермелі сипатқа ие айналым активтер бөлігі, жалпы айналым активтері;
Б) негізгі активтер;
В) негізгі құралдар;
Г) құрал-жабдық түріндегі негізгі активтер бөлігі;
Д) салымдар.
13. Ағымдағы активтерді басқарудың консервативті саясаттын белгілеріне жатады:
А) барлық активтердің жалпы сомасындағы ағымдағы активтердің үлес салмағы төмен, айналым қаражаттардың айналымдылық периоды қысқа;
Б) айналым қаражаттардың айналымдылық периоды қысқа;
В) кәсіпорынның барлық пассивтердің жалпы сомасындағы қысқа мерзімді несиенің үлес салмағы өте төмен немесе жок;
Г) барлық пассивтердің жалпы сомасындағы қысқа мерзімді несиенің абсолютті басымдылыгы;
Д) барлық активтердің жалпы сомасындағы ағымдағы активтердің үлес салмагы.
14. Ағымдағы пассивтерді басқарудың агрессивті саясат белгілеріне жатады:
А) барлық пассивтердің жалпы сомасындағы қысқа мерзімді несиенің абсолютті басымдылыгы;
Б) барлық пассивтердің жалпы сомасындагы кыска мерзимди несиенин жоктыгы;
В) барлық пассивтердің жалпы сомасындағы қысқа мерзімді несиенің абсолютті басымдылығының төмен үлесі салмагы;
Г) кәсіпорынның барлық пассивтердің жалпы сомасындағы қысқа мерзімді несиенің бейтарап (орташа) деңгейі;
Д) қысқа мерзімді несие.
15. Активтің ақша қаражаттарына айналу қабілеттілігі – бұл:
А) өтімділік;
Б) қайтарымдылық;
В) сатушылық
Г) сатпаушылық
Д) төлемділік.
16. Бірдей көлемдегі, бірдей уақыт аралығындағы жүзеге асырылатын ақша ағымы – бұл:
А) аннуитет;
Б) аллокация;
В) дискриминация;
Г) клиринг;
Д) люминисцет.
17. Пайдаланылу мақсатына байланысты капитал классификациясына:
А) айналым мен негізгі капитал түрлері жатады;
Б) өзіндік және қарыздық түрлері жатады;
В) ақша мен тауарлық түрдегі капитал жатады;
Г) өзіндік және мемлекеттік;
Д) айналым және жеке.
18. Кәсіпорын қызметінің нәтижелерінің салыстырмалы сипаттамасы – бұл:
А) қайтарымдылық;
Б) өтімділік;
В) жетіспеушілік;
Г) сатылушылык;
Д) өтелінбеушілік.
19. Кәсіпорынның қаржылық максаттарына жету әдістерін сипаттап, максаттарын белгілеп, байланыстыратын құжат:
А) қаржылық жоспар;
Б) қаржылық әдістеме;
В) қаржылық есеп беру құжаты;
Г) бизнес-жоспар;
Д) қаржылық құжат.
20. Кәсіпорынның өз міндеттемелерін өтеу қабілеттілігін сипаттайтын көрсеткіш:
А) төлемқабілеттілік көрсеткіші;
Б) өтімділік көрсеткіші
В) қайтарымдылық көрсеткіші
Г) факторинг
Д) мерчандайзинг
21. Егер де сіз 7 ай мерзіміне 8%-ға 198000 мың теңгені жай пайыздармен салсаныз, онда салымның мерзімі аяқталған кезде қанша ақша аласыз:
А) 207239,98 мың теңге;
Б) 199998,26 мың теңге;
В) 548993,5 мың теңге;
Г) 210000,69 мың теңге;
Д) 301004,25 мың теңге.
22. Егер де сіз 8 ай мерзіміне 9%-га 546000 мың теңгені жай пайыздармен салсаңыз, онда салымның мерзімі аяқталған кезде қанша ақша аласыз:
А) 578759,94 мың теңге;
Б) 560000 мың теңге;
В) 526789 мың теңге;
Г) 598136 мың теңге;
Д) 605478 мың теңге.
23. Егер де сіз 89100 АКШ долларын 2 жыл мерзіміне салып, уақыт аяқталғаннан кейін 159000 мың АКШ долларын күрделі пайыздармен алсаңыз, онда салымның пайыздық қойылымы қандай:
А) 34%
Б) 8,8%
В) 52%
Г) 12%
Д) 88%
24. Егер де сіз 3 жыл мерзіміне 5%-бен 15500 мың теңгені күрделі пайыздармен салсаңыз, онда салымның мерзімі аяқталған кезде қанша ақша аласыз:
А) 17943,19 мың теңге;
Б) 54899,5 мың теңге;
В) 21000,69 мың теңге;
Г) 20764,38 мың теңге;
Д) 16711,98 мың теңге.
25. Егер де сіз 4 жыл мерзімге 14%-бен 100 мың АКШ долларын несиеге алсаңыз, несиениң жалпы сомасы қандай болмақ:
А) 168896,01 доллар;
Б) 124567 доллар;
В) 123465 доллар;
Г) 189145 доллар;
Д) 148154,4 доллар
26. Қаржы менеджментінің пәні – бұл:
А) фирманың қаржы ресурстарының қозғалысын басқару;
Б) кәсіпорынның қаржылық жағдайының талдануы (анализі);
В) қаржы нарықтарының коньюнктурасын зерттеу;
Г) фирма акционерлерінің ал-ауқатын максимизациялау;
Д) кәсіпорынның инвестициялық қызметі.
27. Келесі түсініктердің қайсысы менеджерді акционерлер әл-ауқатын өсіруге ынталандырады:
А) қолма-қол ақшада төленетін марапаттық сыйакы;
Б) белгілі бір уақыт аралығында компания акцияларын орнатылған баға бойынша сатып алу құқығы;
В) орнынан босату каупі;
Г) жоғары пайдаға жеткізу жағдайында берілетін компания акциялары;
Д) іс-сапарға жіберу.
28. Акционерлер әл-ауқатын максимизациялау дегеніміз:
А) компания акциясы курсының максимизациясы;
Б) акционер салымдарының оралмау қатері тәуекелінің мүмкіндігінше максималды төмендетілуі;
В) сала бойынша пайда мөлшерінен жоғары пайда табу;
Г) дивидендтердің тез өсуі;
Д) қосымша акциялар сатып алу.
29. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беру:
А) компанияның ақша қаражаттарының қалдығы жайлы қаржылық резюмені өндіреді, баланстық есептемені және пайда мен шығындар жайлы есеп беруді жинақтайды, ақша қаражаттарын колданудың көздерін және бағыттарын көрсетеді;
Б) компанияның ақша қаражаттарының қалдығын өндіреді;
В) пайда мен шығындар жайлы есеп беруді жинақтайды;
Г) компанияның ақша қаражаттарының қалдығы жайлы қаржылық резюмені өндіреді;
Д) ақша қаражаттарын қолданудың көздерін және бағыттарын көрсетеді.
30. Келесі өзгерістердің қайсысы ақша қаражаттарының көздеріне жатпайды:
А) негізгі құралдардын ұлғаюы;
Б) төленуге тиіс шоттар сомаларының ұлғаюы;
В) келіп түсетін шоттар сомаларының азаюы;
Г) ұзақ мерзімді миндеттемелердің ұлғаюы;
Д) ТМЗ-н азаюы.
31. Ақша қаражаттарын пайдаланудың бағыттарына келесілердің қайсысы жатады:
А) келіп түсетин шоттар сомаларының өсімі;
Б) банктик вексельдердин осуи;
В) мерзімі шегерілген салықтардың өсімі;
Г) алдын ала төленген шығындардың азаюы;
Д) акцияларды сатудан түскен таза түсім.
32. «Ағымдағы» коэффициент көрсеткіштердің қандай тобына жатады:
А) өтімділік;
Б) айдалылык;
В) активтерді қолдану;
Г) қарыз құралдарын қолдану;
Д) (іскерлік) нарықтық белсенділік.
33. Фирма өндіруші тауарлардың мысалды бағалауын қандай көрсеткіштермен жасауға болады:
А) қоймадағы тауар айналымы;
Б) «ағымдағы» коэффициент;
В) төленген пайыздарды өтеу коэффициенти;
Г) активтер табыстылыгы;
Д) меншікті капитал табыстылыгы.
34. «Операциялық пайда / барлық активтер» формуласы көмегімен келесіні анықтауға болады:
А) активтер табыстылыгы;
Б) активтер айналымы;
В) «іскерлік жүктелу» коэффициенти;
Г) меншікті капитал табыстылыгы;
Д) қарыз капиталының табыстылыгы.
35. Тауар-материалдық құралдар айналымдығы келесі түрде анықталады:
А) сатылған өнім құнынын ТМЗ құнына қатынасы;
Б) сату көлемінің ТМЗ құнына қатынасы;
В) сатылған өнім өзіндік құнын 360 күнге көбейтілген ТМЗ құнына қатынасы;
Г) ТМЗ құнының қабылданған шоттар айналымдығына қатынасы;
Д) сату көлемінің сатылған өнім өзіндік құнына қатынасы.
36. Таза рентабельділік коэффициенті нені бағалайды:
А) шығындар құрылымын бақылау саясатын;
Б) компания активтерін басқару тиімділігін;
В) капитал құрылымын басқару саясатын;
Г) компанияның ағымдағы шығындарды өтеу қабілетін;
Д) компания иелігінде қалған таза пайда бөлігін.
37. Есеп беруді жоспарлаудың (болжаудың) алғашқы және ең күрделі сатысы:
А) пайда мен шығын туралы есепті жоспарлау;
Б) өндірістік жоспарды құру;
В) қолма-қол ақшаның бюджетін құру;
Г) баланс жоспарын құру;
Д) сату жоспарын құру.
38. Қаржылық жоспарлау келесі этаптардан тұрады:
А) кассалық бюджет құру, қаржылық есеп беру жоспары, сату жоспары;
Б) кассалық бюджет құру, сату жоспары;
В) қаржылық есеп беру;
Г) сату жоспары, қаржылық есеп беру жоспары;
Д) кассалық бюджет құру.
39. Өндірістік жоспарды (болжауды) құрудың басты мақсаты:
А) сатулар, өндіріс және ТМЗ кажетті деңгейі жоспарларының біріктірілуі;
Б) сатулар жоспары;
В) ақша құралдарының қызметті үзбей жүргізуге жеткілікті екенін камтамасыз ету;
Г) берілген өндіріс деңгейінде шығындардың минимизациясы;
Д) баға деңгейін жоспарлау.
40. Әкімшілік қызметкерлерінің жалақылары:
А) тұрақты шығындар;
Б) айнымалы шығындар;
В) жартылай ауыспалы шығындар;
Г) жалпы шығындар;
Д) аралас шығындар.
41. Айнымалы шығындарға жатпайды:
А) амортизация;
Б) жұмысшылар жалақылары;
В) шикізатматериалдар шығындары;
Г) көлік шығындары;
Д) жарнама шығындары.
42. Шығынсыздық нүктесі келесіде орналасады:
А) сату түсімі жалпы шығынга тең;
Б) сату түсімі белгиленген шыгынга тең;
В) сату түсімі жалпы шығыннан төмен;
Г) сату түсімі ауыспалы шығынга тең;
Д) сату түсімі жалпы шығыннан жоғары.
43. Негізгі құралдарды қолдану дәрежесі келесі түсінікте бейнеленеді:
А) операциялық леверидж;
Б) қаржылық леверидж;
В) аралас леверидж;
Г) экономикалық рентабельділік;
Д) өзіндік қаражаттарды қолдану.
44. «Салықтар мен пайыздық төлемдерге дейінгі пайда» келесінің дәрежесін анықтайды:
А) қаржылық тұтқа;
Б) операциялық тұтқа;
В) пайданың қалыптасуына салым;
Г) аралас леверидж;
Д) экономикалық рентабельділік.
45. Капитал құрылымында қарыз құралдарының қолдану дәрежесін көрсетеді:
А) қаржылық тұтқа деңгейі;
Б) операциялык тұтқа деңгейі;
В) аралас тұтқа деңгейі;
Г) шығынсыздық анализі;
Д) экономикалық рентабельділік.
46. Операциялық тұтқа келесіні сипаттайды:
А) шығындар құрылымын өзгерту арқылы операциялық пайдаға әсер ету мүмкіндігі;
Б) акцияға келетін табыс көрсеткішін арттыру максатымен фирманың қарыз құралдарын қолдану;
В) операциялық пайда өзгеруіне байланысты 1 акцияға келетін пайданың икемділігін;
Г) акцияға келетін табыстың сату көлемі өзгерісіне икемділігін;
Д) компания пайдалылығын.
47. Неғұрлым операциялық тұтқа дәрежесі жоғары, соғұрлым келесі жоғары:
А) мүмкін пайда және тәуекел;
Б) шығын;
В) тәуекел;
Г) мүмкін пайда;
Д) залал.
48. Егер компанияның DOL=3,5 және DFL=2,0 болса, онда оның аралас тұтқаның деңгейі келесіге тең болады:
А) 7,0
Б) 0,57
В) 1,75
Г) 5,5
Д) 8,25
49. Меншікті және қарыз құралдарының айырмашылығы келесіде:
А) пайыздық төлемдер салыққа дейін шығарылады, ал дивиденд – пайдадан шығарылады;
Б) пайыздық төлемдер салықтан кейін шығарылады, ал дивиденд – салыққа дейін;
В) пайыздық төлемдер салыққа дейін шығарылады;
Г) дивиденд салыққа дейін шығарылады;
Д) пайыздық төлемдер салықтан кейін шығарылады.
50. Рентабельділіктің ішкі нормасы дегеніміз:
А) инвестиция табыстылығының нақтылы ставкасы;
Б) дисконт көрсеткішінің сипаттамасы;
В) инвестициялардың таза нағыз құнының оң шамасын қамтамасыз ететін диконт көрсеткішінің шамасы;
Г) фирма үшін капитал құнына тең дисконт ставкасы;
Д) пайыздық мөлшерлеме.
Достарыңызбен бөлісу: |