1 Түсіндірме жазба



бет6/9
Дата10.04.2023
өлшемі125,5 Kb.
#81056
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Тәжірибелік сабақ: Негізгі өндіріс шығындары есебімен және өнім өндірумен байланысты көмекші өндіріс, үстеме шығындар, өндірістік жоғалтулар есептерінің операцияларына шоттар корреспонденцияларын құру, осы операцияларды есеп регистрлерінде бейнелеу. Өнім және ақаудан болған жоғалтулар калькуляциясын құру.
1.7-тақырып. Дайын өнім және оны сату есебі
Дайын өнім есебінің мақсаттары. Дайын өнімді бағалау. Дайын өнімнің қозғалысы, оны тиеу және сатуды құжаттау. Дайын өнімнің қоймадағы есебін ұйымдастыру. Дайын өнімнің бухгалтериядағы есебі. Дайын өнімді сату есебі. Дайын өнімді сату шығындарының есебі. Сатып алушылармен есеп айырсу есебі. Қосылған құн салығы бойынша бюджетпен есеп айырсу есебі. Тауар алмасу (бартерлік ) кезіндегі дайын өнімді сату есебі. Дайын өнімді мүліктік түгендеу және оның нәтижелерін есепке көрсету.
Тәжірибелік сабақ: Дайын өнім қозғалысына алғашқы құжаттар толтыру. Дайын өнімнің өндірістен қоймаға түсуі, оны тиеу және сату, өнімді сату шығындары есебіне шоттар корреспонденциясын құру. Осы операцияларды бухгалтерлік есептің есеп тіркегіштерінде көрсету.
1.8-тақырып. Қаржылық нәтиже және меншікті капитал есебі
Қаржылық нәтижелердің құрылу тәртібі. Табыс, жиынтық табыс, негізгі қызметтен түскен табыс (зиян), негізгі емес қызметтен түскен табыс (зиян), салық салынатын табыс және таза табыс ұғымы, қалыптасуы және есебі. Бюджетпен корпоротивті табыс салығы бойынша есеп айырсу. Меншікті капитал есебі. Жарғылық капиталдың құрылу тәртібі және есебі. Акционерлік қоғамдардағы жарияланған, шығарылған және айналымдағы акциялар. Төленбеген капитал есебі. Заңды тұлғамен сатылып алынған ақциялар. Қайтарылып алынған капитал. Акция иеленушілердің құқықтары. Жай және артықшылығы бар акциялар бойынша дивидендтер төлеу және есебі. Қосымша төленген капитал есебі. Резервті капитал есебі. Жиынтық табыс( зиян) есебі. Тартылмаған табыс ( жабылмаған зиян) есебі.
Тәжірибелік сабақ: Жарғылық қор, басқа капиталдар, жиынтық табыс (зиян) және таратылмаған табыс (жабылмаған зиян) қозғалысы есептеріне шоттар корреспонден-цияларын құру. Корпоративті табыс салығы сомасын есептеу. Осы операцияларды есеп тіркегіштерінде көрсету.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет