1 Түсіндірме жазба



бет5/9
Дата10.04.2023
өлшемі125,5 Kb.
#81056
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Тәжрибелік сабақ: Өндіріске шығарылған материалдарды әр түрлі әдістермен бағалау есебі. Материалдық құндылықтардың қозғалысымен байланысты операцияларының шоттар корреспонденциясын құру және оларды қаржылық есептің есеп регистрлеріне жазу.
1.5-тақырып. Еңбек және оның төлемақысының есебі
Ұйымдардағы еңбек және төлемақы есебінің мақсаттары. Төлемақы нысындары мен түрлері. Тарифтік тор және оның разрядтары. Жұмыс уақытының есебі. Еңбек және оның төлемақысын құжаттау. Кесімді және мерзімді төлемақы бойынша алғашқы құжаттар. Есеп – төлем ведомосін құру. Төлемақы төлеу тәртібі, депонирленген сомалардың есебі. Жұмысшылардың жыл сайынғы еңбек демалыстарының төлемін беруге резервтелетін сомаларының есебі. Жинақтау зейнетақы қорларына және әлеуметтік салық аударымдарының есебі. Ұйымның төлемақы бойынша қаржылық есеп мәліметтерінің есептемедегі көрсетілуі.
Тәжрибелік сабақ: Төлемақының әр түрлі жүйесінде төлемақыны есептеу. Ауырғаны туралы қағаз, кезекті демалыс уақыты үшін жәрдемақы және сыйақы есептеу бойынша есеп жүргізу. Есеп – төлем ведомосын құру. Төлемақы есебімен байланысты операцияларға шоттар корреспонденциясын құру, бухгалтерлік есептің есеп регистрлеріне жазу.
1.6-тақырып. Өндіріс шығындарының есебі және өнімнің өзіндік құнының калькуляциясы
Нарықтық экономика жағдайындағы өндіріс шығындары есебі мен бақылауының мақсаттары. Өндіріс шығындары есебін ұйымдастырудың негізгі принциптері және өндірістік есеп шоттарындағы өнімнің өзіндік құнының калькуляциясы. Тура шығындар құрамы мен сипаттамасы және олардың негізгі өндірісі шығындары элементтерінің шоттарында көрсетілу тәртібі. Үстеме шығындар, олардың құрамы мен сипаттамасы. Үстеме шығындарды тарату тәсілдері және есебі. Көмекші өндіріс және шығындар түрлері, олардың есебі мен көмекші өндіріс қызметтерін тарату. Өндірістік жоғалтулар есебі. Ақаудың өзіндік құнының есебі және калькуляциясы. Өндіріс шығындарының жиынтық есебі. Аяқталмаған өндіріс есебі және оны бағалау. Аяқталмаған өндіріс қалдықтары өзгерістерінің тауарлы өнімнің өзіндік құнына қосылу тәртібі. Калькуляция ұғымы, оның мәні калкуляция объектілері. Өндіріс шығындары есебінің негізгі әдістері. Шығындар есебінің нормативті әдісінің мәні. Өндіріс шығындары және өнімнің өзіндік құны калькуляциясы есебінің тапсырыс беру әдісінің мәні. Өндіріс шығындары және өнімнің өзіндік құны калькуляциясы есебінің қайта өңдеу әдісін қолдану объектілері және сипаттамасы. Өндіріс шығындары және өнімнің өзіндік құны калькуляциясы есебінің процестік әдісі. Әлеуметік сфера шығындарының түрі, мағнасы және есебі. Жалпы және әкімшілік шығындарының есебі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет