1 Түсіндірме жазба


-тақырып. Сауда және қоғамдық тамақтандыру ұйымдарындағы қаржылық есеп



бет9/9
Дата10.04.2023
өлшемі125,5 Kb.
#81056
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9
2.4-тақырып. Сауда және қоғамдық тамақтандыру ұйымдарындағы қаржылық есеп
Саудадағы қаржылық есептің ұйымдастырылу ерекшеліктері. Сауда ұйымдарының түрлері. Көтерме тауар айналымының есебі. Бөлшек сауда айналымының есебі. Консигнацияға алынған және консигнацияға берілген тауарларды сату есебі. Тұрғылықты халықтан комиссияға алынған тауарлар есебі. Экспорт және импорт операцияларының есебі. Қоғамдық тамақтандыру есебінің ерекшеліктері. Сауда шығындарының есебі және жіктелуі. Қаржылық нәтижелер есебі.
Тәжірибелік сабақ: Тауарлардың түсу және сатылу есебіне есептер шығару.
2.5-тақырып. Құрылыстағы қаржылык есепті ұйымдастыру
Құрылыс өндірісінің ұйымдастырушылық-техникалық ерекшеліктері, құрылыстағы өндіріс шығындарының қалыптасуы. Орындалған құрылыс-монтаждық жұмыстар көлемінің есебі және құжатты рәсімделуі. Құрылыстағы өндіріс шығындарының есебі, ақау есебі.
Тәжірибелік сабақ: Құрылыстағы өндіріс шығындарының есебі бойынша есеп шығару.

Оқұшылардың түсініктері болуы керек: құрылыс ұйымдары қызметтерінің ерекшеліктері туралы.


Көрнекі құралдар: кассалық операциялар, ұлттық валютадағы ағымдағы корреспонденттік шот операцияларының құжаттары, аванстық есеп растаушы құжаттармен. Қаржылық есептің регистрлері. Көрнекі құралдар: кесімді төлемақы бойынша алғашқы құжаттар. Жұмыс уақытын пайдалану есебінің табелі. Есеп – төлем ведомосы, есеп регистрлері.
Көрнекі құралдар: бухгалтерлік есептің есеп тіркегіштері. Жиынтық табыс, салық салынатын және таза табыстың құрылу сызбалары.
Көрнекі құралдар: ұйым балансы және жылдық қаржылық есеп беру нысандарын толтыру.

Көрнекі құралдар: негізгі құралдар есебінің құжаттары; инвентарлық карточкалар, қабылдау - тапсыру актісі; жөнделген объектілерді қолдануға беру және орындалған жұмыстарды қабылдау актісі; негізгі құралдар қозғалысының актісі, негізгі құралдардың жойылу туралы актісі. Негізгі құралдардың бухгалтерлік есеп тіркегіштері. Материалды емес активтермен негізгі құралдардың сатылуы мен жойылуы; негізгі құралдардв жөндеуге кеткен шығындар есебі; негізгі құралдардың тозу, келіп түсуі есебінің сызбасы. Көрнекі құралдар: Материалдар қозғалысының құжаттары: кіріс ордерлері, қабылдау актілері, тауарлы – тасмалдау накладнойлары, шотфактуралар, талаптар, мөлшерлі – алу карталары, накладнойлар. Құжат айналымы сызбасы. Журнал – ордерлік және автоматтандырылған бухгалтерлік есеп формаларының регистірлері. Материалды сатып алу және босату, жабдықтаушылармен есеп айырсу есептерінің сызбасы. Көрнекі құралдар: өнім өндіруге кеткен шығындар есебінің есеп регистрлері. Тура шығындар, үстеме шығындар есептерінің сызбалары және оларды тарату. Ақаудан болған жоғалтулар есебінің сызбасы.
Көрнекі құралдар: дайын өнім есебі бойынша алғашқы құжаттар: накладнойлар, өнімді тапсыру актілері, бұйрық – накладнойлар, шщттар. Дайын өнімнің бухгалтерлік есебінің есеп регистрлері. Дайын өнім және оның есебінің, сатып алушылармен есеп айырысу есебінің сызбалары. Көрнекі құралдар: келісім – шарт, мәмлелер. Экспорт және импортқа лицензиялар, кеден декларациялары.
Көрнекі құрал: қаржылық есеп стандарты
Көрнекі құралдар: егін шаруашылығы және мал шаруашылығы өнімдері және оларды сату, өндірістік шығындар есебінің сызбалары.
Көрнекі құралдар: турөнімінің өзіндік құнының шығындар есебі мен калькуляциялау сызбасы.
Көрнекі құралдар: тауарлардың түсу және сатылуының бухгалтерлік есебінің сызбалары.
Көрнекі құралдар: құрылыстағы бухгалтерлік есептің сызбасы.

Білім алушылардың түсініктері болуы керек: Ауылшаруашылық өндірісінің негізгі ерекшеліктері мен мағынасы туралы және олардың бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуына және әдістемесіне әсер етуі туралы.


Білім алушылардың түсініктері болуы керек: өндіріс шығындарының жіктелуі және өндірістік есеп шоттарында өндіріс шығындары мен өнімнің өзіндік құны калькуляциясы есептерін ұйымдастырудың негізгі қағидалары туралы.

Білім алушылардың түсініктері болуы керек:
Материалдық ресурстардың жіктелуі, бағалануы мен мақсаттары және есебі туралы. Сатылып алынған бағалықтар бойынша қосылған құн салығы және акциздердің есептелуі туралы. Материалдық қорларға мүліктік түгендеу жүргізудің мағнасы және қорытындысын жасау тәртібі.

Білім алушылардың түсініктері болуы керек: негізгі құралдар, материалдық емес активтер және салымдардың мағнасы, түрлері, бағалануы мен есептері туралы. Айналымнан тыс активтер операцияларына салынатын салықтар туралы БЕС.
Білім алушылардың түсініктері болуы керек: төлемақы нысандарымен түрлері, тарифтік жүйе туралы. Жеке табыс салығы және төлемақыдан ұсталынатын басқа да ұсталынымдар туралы. Жинақтау зейнетақы қорына аударымдар және әлеуметтік салық туралы.
Білім алушылардың түсініктері болуы керек:
Дайын өнімді бағалау, қозғалысын құжатты рәсімдеу және есебі туралы. Өнімді (жұмыс, қызмет) сату бойынша сатып алушылармен есеп айырысу, қосылған құн салығы, акциз бойынша бюджетпен есеп айырсу және делдалдық мәмлелер бойынша шығындар есептері туралы. Негізгі қызметтен алынатын табыстар мен шығыстар және жиынтық табыстың құрылуы туралы.


Білім алушылардың түсініктері болуы керек: басқару жүйесіндегі қаржылық есептің рөлі мен мағынасы туралы. Қаржылық есептің Қазақстандық стандарттары және қаржылық есеп Заңы туралы. Қаржылық есептің халықаралық стандарттары туралы. Өнеркәсіптің шаруашылық субъектілеріндегі қаржылық есепті ұйымдастырудың негізгі қағидалары туралы. Білім алушылардың түсініктері болуы керек: ұйымдардағы ақшалай, есеп айырысу және несие операцияларын жүргізу тәртібі туралы. Банктерде ақшалай шоттар ашу жене ақшасыз есеп айырысу нысандарының тәртібі туралы. Басқа ұйымдардың бағалы қағаздарына ұйымның қаржылық салымының есебі туралы.
Білім алушылардың түсініктері болуы керек: қаржылық нәтиже, яғни сату жиынтық табыс, негізгі қызметтен түскен табыс (зиян), негізгі емес қызметтен тускен табыс (зиян), салық салынатын табыс және таза табыстардың қалыптасу тәртібі туралы. Корпоративті табыс салығы бойынша бюджетпен есеп айырысуы есебі туралы. Ұйымдардың меншікті капиталының қалыптасу тәртібі туралы.

Білім алушылардың түсініктері болуы керек: сыртқы экономикалық қызметің бағыттары, сыртқы сауда операциялары, экспорт және импорт операцияларын лицензиялау, толлингтік операциялар туралы.
Білім алушылардың түсініктері болуы керек: ұйымның есеп саясаты және оның бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес ашылуы.
Білім алушылардың түсініктері болуы керек: экономикалық ақпарат жүйесіндегі қаржылық есеп берудің мағынасы жайлы және ұйымның қызметі туралы қаржылық ақпаратты ішкі және сыртқы пайдаланушылар туралы.
Білім алушылардың түсініктері болуы керек: туристік қызмет көрсетулер мен олардың мәні, туристік бизнес ұйымдарындағы бухгалтерлік бухгалтерлік есепті ұйымдастыру туралы.
Білім алушылардың түсініктері болуы керек : автокөліктік қызмет көрсетулері мен олардың мәні, автокөліктік ұйымдарында бухгалтерлік есепті ұйымдастыру туралы.
Білімділікке қойылатын талаптар: автокөлік ұйымдарында бухгалтерлік есепті ұйымдастыру. Негізгі құралдар есебі. Тауарлы – материалдық қорлар есебі. Автокөліктік қызмет көрсетулерден кірістер мен шығыстар есебі.
Білім алушылардың түсініктері болуы керек : сауда қызметінің және олардың саудадағы қаржылық есепке ықпалының ерекшеліктері туралы. Көтерме және бөлшек тауар айналымының есебі туралы. Қоғамдық тамақтандыру есебі туралы. Экспорт және импорт операцияларының есебі туралы.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет