Қаржылық есептің туристік компанияларындағы ерекшеліктері
4
2
2
2.3.
Автокөлік ұйымдарындағы қаржылық есептің ерекшеліктері
4
2
2
2.4.
Сауда және қоғамдық тамақтандыру ұйымдарындағы қаржылық есеп
6
4
2
2.5.
Құрылыстағы қаржылык есепті ұйымдастыру
4
2
2
Барлығы
142
100
42
Бағдарлама мазмұны Кіріспе Пән және оны оқыту мақсаттары. Курстың басқа арнайы пәндермен байланысы. Курстың құрылуы және курстың жеке тақырыптарының мазмұны. Курс бойынша оқу үрдісін ұйымдастыру. Оқу жұмысында қолданылатын нормативті және заңдық материалдар, оқу құралдары мен оқулықтар.
1 бөлім. Ұйымдағы қаржылық есеп 1.1-тақырып. Қаржылық есепті ұйымдастырудың мақсаттары мен қағидалары Қаржылық есептің мақсаттары. Ұйымда қаржылық есепті ұйымдастырудың негізгі қағидалары. Басқару жүйесіндегі қаржылық есептің алатын орны. ҚР Президентінің «Бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есеп беру туралы» Жарлығы, қаржылық есептің халықаралық стандарттары. Қаржылық есеп шоттарының үлгі жоспары және оның құрылымы. Қаржылық есептің Халықаралық Стандарттары
1.2-тақырып. Ақшалай қаражаттар, есеп айырсу және несиелік қатынастар есебі Ақшалай қаражаттар, есеп айырысу және несиелік қатынастар есебінің мақсаттары. Банктердегі ұлттық валютадағы ағымдағы корреспондентік шотының операциялар есебі. Банктегі ұлттық валютадағы ағымдағы корреспонденттік шотты ашу тәртібі және құжатты операцияларын рәсімдеу. Ақшасыз есеп айырысу формалары. Ақшалай аударымдар есебі. Банктердегі басқа арнайы шоттар бойынша операциялар есебі. Банктердегі шетелдік валютадағы ағымдағы корреспонденттік шоты бойынша операциялар есебі. Бағамдық айырма түсінігі және есебі. Кассадағы ұлттық және шетел валюталарындағы операцияларды құжаттық рәсімдеу, есеп беру және есебі. Басқа ұйымдардың бағалы қағаздарына ұйымның қаржылық салымының есебі. Есеп беруге тиісті адамдармен есеп айырсуды құжатты рәсімдеу, оның жинақтау және талдау есебін жүргізу. Әр түрлі дебиторлармен және кредиторлармен есеп айырысу есебі. Банк несиелерінің есебі. Пайыз шығындарының есебі.
Тәжірибелік сабақ: Алғашқы құжаттарды, кассалық және аванстық есептерді толтыру. Банк несиелері, құнды қағаздар, ақшалай құжаттар, дебиторлармен кредиторлармен есеп айырысу есебі, кассадағы есептің сома есебі, ағымдағы банк шотындағы теңге және валюталық әрекеттер есебі бойынша шоттар корреспонденциясын құру.