1 Түсіндірме жазба


Пәннің мақсаты мен міндеттері



бет2/9
Дата10.04.2023
өлшемі125,5 Kb.
#81056
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
ЕА-9-19 КЖИ каржы есеп РУП дайын

Пәннің мақсаты мен міндеттері
Пәннің мақсаты - білім алушылардың «Қаржылық есеп» пәнін оқып, қаржылық есептің мәні, әдістері мен қағидаларын және оның есептік-экономикалық ақпарат және басқарма жүйелеріндегі алатын маңыздылығын меңгергендігін қарастырады. «Бухгалтерлік есеп негіздері», «Ақша, қаржы және несие» пәндері бойынша білім алушылардың білімділігі, іскерлігі және дағдыларына негізделеді.
«Қаржылық есеп» пәнін оқу барысында «Экономикалық талдау», «Ұйым экономикасы», «Аудит және ревизия» және басқа пәндермен байланыс жасау қажет. Пәнді меңгеру келесі негізгі талаптарды ескере отырып оқытылуы қажет: әртүрлі ұйымдар мен меншіктің әртүрлі нысандары жағдайында кәсіпорындардағы бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептемені ұйымдастыру мәселелері бойынша заңдылық және нұсқаулық материалдарды, бухгалтерлік есептің қаржылық есепте-месінің халықаралық стандарттарын, бухгалтерлік есеп шоттарының жүйесін, бухгалтерлік есепті автоматтандыру негіздерін, ұйымдарда бухгалтерлік есепті жүргізу, құжаттар мен есеп берулерді құру, нарық жағдайы мен оның даму тенденциясын түсіне білу.
Пәннің оқу әдістемесі негізінен дәріс теория және тәжірибе сабақтарынан құралады. Семинар сабақтары білім алушыларға оқу материалын терең меңгеруге көмектесіп, оларға сөз таластырып және өз көзқарастарын дәлелдей білуге үйретеді. Пәнді оқу барысында дидактикалық және көрнекі құралдарды қолдану ұсынылады: плакаттар, оқу бейнефильмдері, электронды оқулықтар, оқу және оқу - әдістемелік құралдар. Пәнді меңгеру үрдісінде білім беруші «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру туралы» Заңын, бухгалтерлік есеп шоттарының жұмыс жоспарын, бухгалтерлік есеп пен бақылауды ұйымдастыру бойынша басқа да нормативтік құжаттарды пайдалануы тиіс.
Оқу жұмыс бағдарламасы білім берушінің оқу үрдісін белсенді етудің және білім алушылармен сабақтан тыс жұмыс жасаудың әр түрлі әдістерін қолдануды: оқытудың техникалық құралдарын, компьютерлер мен көрнекі құралдарды пайдалануды қарастырады.
Білім алушылардың оқу бағдарламасын жетік меңгеруі үшін бухгалтерлік есепті жүргізудің прогресивті нысандарын қолдану ұсынылады: журнал – ордерлік және 1С: Бухгалтерия бағдарламасы бойынша. Тәжірибелік сабақтардың тиісінше деңгейде өткізу үшін кабинеттер нұсқаулық және оқу-тәжірибелік материалдармен, оқу құралдары және құжаттардың бланкілерімен қамтамасыз етілуі керек.
МЖМББС, жұмыс оқу бағдарламасы мен типтік оқу бағдарламасына сәйкес жалпы көлемі 412 сағат жоспарланған, оның ішінде 100 теориялық, 42 тәжірибелік және емтихан берілді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет