Шақшақ Жәнібек Қошқарұлы (1693-1752)
қазақтың әйгілі батырларының бірі.
Арғы бабасы Шақшақ Аманжолұлы "Еңсегей бойлы ер Есім" атанған Есім ханның бас батырларының бірі болған.
Кішкене шежіре тарқата кетсек.
Жәнібек батыр Шақшақтың шөбересі.
Шақшақтан Көшей туады, Көшейден Қошқар, Қошқардан Жәнібек туады.
Мен Шақшақтың Бақай деген үлкен ұлынан тараймын. Былайша айтқанда аталарымыз бірге туған. Жәнібек Бақай бабамның Көшей деген інісінің немересі. Екеуміз де Шақшақтан тараймыз.
Атымды Шақшақ Дәулет деп өзгертуге әбден болады.
Сол заманда тусам Жәнібекке еріп жоңғарға қарсы ұрысқа қатысар едім.
Жәнібек 1710-жылы 17 жасында Тәуке ханның қоластында ұрысқа қатысып жекпе-жекте қалмақтың әйгілі батырларының бірін өлтірген екен.
1726 жылдары Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай батырлармен тізе қосып жаудың бетін тойтарған ірі ұрыстарға қатысқан.
Орта жүз әскерлерін бастап қалмақтарға тойтара соққы беріп отырған.
Төле бидің түйесін бағып жүрген Сабалақтың Абылай екенін Жәнібек қана білген деген дерек бар.
Қалмақтың тұтқынында болған Абылайды құтқарған да осы Жәнібек екен.
Абылай хан болғанда да бата берген Жәнібек екен.
Абылай ханның негізгі кеңесшісі болған.
Талай зобалаң көрген қазақ ұлтын сақтап қалу мақсатында Ресей патшасымен келіссөз жүргізушілердің бірі болған.
Осы еңбегі үшін Ресей патшасы Жәнібекке "Тархан" деген атақ берген екен.
Шақшақ Жәнібек жайлы "Көшпенділер" трилогиясында да жазылған.
Текей Қарпықұлы (шамамен 1679, Ақтайлақ өңірі – 1764) – белгілі батыр, қолбасшы.Кіші жүздің Кете руынан шыққан.1711, 1723, 1726 ж. жоңғар басқыншыларымен болған ұрыстарда ерлігімен көзге түскен. Ел аузындағы әңгімелерде Текейдің батыр, палуан, әнші болғаны айтылады. Текей есімі Сыр сүлейлерінің шығармаларында орын алған.