1 Ясауидің әкесі Ибраһим шайық пен анасы Қарашаш туралы айтыңыз


Кесенеде жерленген Керней Жарылғап батыр Түйтеұлы туралы айтыңыз



бет39/47
Дата11.02.2023
өлшемі203,3 Kb.
#67111
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   47
Байланысты:
Suraktar-2023

82

Кесенеде жерленген Керней Жарылғап батыр Түйтеұлы туралы айтыңыз



Көкбөрі Керней Жарылғап батыр
(1718-1769 жж)
Елі мен жерін жаудан қорғаған белді батырлардың бірі әрі бірегейі, көпке көсемдігімен танылған Керней-Түйтенің баласы. Ел аузындағы аңыз-әңгімелерге сүйенер болсақ, батырдың есімі Қанжығалы Бөгенбаймен өкшелес шыққан. Белгілі зерттеуші Мәшһүр Жүсіп Көпей : «Жарылғап батыр - Жарылғап атанған, арғын қаракесекте ірі, дөкей болған. Қанжығалы Бөгенбай батырмен замандас болған. Бөгенбай батырдың кенже қызы Борсылдақты тұңғышы Қырбасқа алып берген»,- дейді. Бөгенбай батыр 1680-1760 жылдардың аралығында өмір сүрген. Олай болса, Жарылғап батырды XVII ғасырдың екінші жартысында қайтыс болған деп жорамалдауға болады. Жарылғап батыр Абылай ханның белді қолбасыларының бірі болған. Бөгенбай,Олжабай, Байғозы батырлармен тығыз аралас өмір сүрген.
Байғозы бабамызға Жарылғап батыр жиен екен. Байғозы бабамыздың бір әйелі Жарылғаптың нағашы апасы болса керек. Байғозы жауға тигенде үндемей тұтқиылдан килігеді екен, Жарылғап аюша ақырып, айдардан от шашырап, жыланның құйрығындай жауға үрей салып, құбыжық болып көрінеді екен. Кейбір дерекке сүйенсек, Жарылғап батыр Байғозы батырдан кіші. Бір деректе былай делінеді: Жарылғап батыр Байғозы батырдың ауылына бара қалса, 7 жерден ошақ қаздырып Байғозы батыр құрт қайнатып жатыр дейді. –Уа, Байеке, жерошақ күзетіп жүргеніне жол болсын, ауылынан шөміш ұстайтын қатын шықпады ма?-депті.
Сонда Байғозы: - Сен екеумізге қатын-қалаш қайнатқан құрт ас болушы ма еді,- депті. Сонда Жарылғап: - Қыр астында қысық көз жау жатқанда, алтын малта ас болған күндердң ұмытып маған не көрініпті, қоржындас болармын,- деген екен.
Хантауында мекендеген Усан Серен деген қалмақ қонтайшысының шапқыншылары Арқадағы қазақ ауылдарының адамдарын байлап, малдарын айдап, әкетіп маза бермепті. Сосын Байғозы мен Керней Жарылғап батырлар Көкшетаудағы Абылайға барып жағдайды айтыпты. «Усан Серенннің бергі жағында әскер жатыр. Оған тиісу үлкен соғысқа ұласады. Одан гөрі шағын қолмен қонтайшысының ордасын басып алайық. Соған қолды дұшпанның көзіне түсірмей, Бетпақ шөл арқылы кім бастап барады?» дейді Абылай хан. - Көзге түсірмей мен бастап барамын,-дейді Байғозы батыр. –Шөлдетпей мен бастап барамын,-дейді Жарылғап.
Абылай хан 500 кісілік қолмен Арқадан аттап өтті. Жарылғап батыр əкердің алдында барлаушы, Байғозы батыр әскердің артында бақылаушы болып қолды Хантауында бейқам отырған қалмақ ордасының үстіне түсіріпті. Абылай қонтайшының үрейін ұшырып, қан төкпей айдап әкеткен адамдарын, малдарын қайырып, айыбына қызын алып, бұдан былай бір-біріне тиіспеуге бітім жасап қайтады. Байғозы батырдың жасы ұлғайған кезінде қалмақпен тағы бір қырғын соғыс болады. Қазіргі Мыңбаев атындағы кеңшарда «Сасық Жартас» деп аталатын алаңқайда қалмақтар мен қазақ жасақтарының бетпе-бет келген қырғын ұрысы болғаны ел аузындағы аңыздардан белгілі. Бейқам ауылды басынып, қалмақтар еркінсіп, ішке ене бастайды. Бірақ Байғозы абдырамай қолайлы сәтті күтіп жасағын тау ішіне жасырып, Жарылғапқа хабар жібереді. Тоқа Күшікбай батыр науқастығы салдарынан бұл ұрысқа қатыса алмаған. Қашан да томағалы бүркіттей сергек Жақаң жасағын бастап, уақытында жетеді.
- Батыр, қартайғанда еліңді жауға шаптыртып, жайбарақат отырғаның қалай?- дейді Жақаң.
- Сәт аусын, Жарылғабым, қартайғанда саған бір кереметімді көрсеткелі отырмын,-дейді Байғозы. Сөйткенше болмай, маңайды қара тұман басып, дүниені көрсетпей жібереді. Сол-ақ екен Жақаң айқайды басып, жауға тиіп кеп береді. Шайқас сәтті аяқталып, қалмақ жасағы ойсырай жеңіледі. Шажағай бойындағы сол қырғын болған жер күні бүгінге дейін «Сасық Жартас» деп аталады.
Жақаң дүниеден озған кезде тұрғылас ағасы Байғозы батыр: «Жау айбарыңнан ығушы еді, айбарлы арыстаным-ай»,-деп жылаған екен.
Арғын Қаракесек Көкбері Керней Жарылғап батыр жоңғарларға қарсы соғыста көзге түсіп, қолбасына дейін жеткен батырлардың бірегейі. Жауға қарсы шапқанда батыр небәрі 18 жаста екен. Өзінің көзсіз ерлігінің арқасында қаракесектің ғана емес, қазақтың Жарылғабы атанған. Батыр жөнінде Мәшһүр Жүсіп Көпей мол дерек қалдырды. Сондай-ақ С.Бегалин, Ж.Алтайбаев, С.Сматай т.б қаламгерлерден деректер кездестіруге болады кездестіруге болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет