№1 зертханалық ЖҰмыс access 2010 МҚбж қолдану арқылы мәліметтер қорын құру Жұмыстың мақсаты


Бейне эффектілер мен өткелдерді қосу



Pdf көрінісі
бет22/23
Дата05.06.2023
өлшемі1,53 Mb.
#98920
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Бейне эффектілер мен өткелдерді қосу
 
Бейне эффектілер мен өткелдерді қосу үшін алдымен міндеттер 
панелінен View video effects (Бейне эффектілер қарау) немесе View 
video transitions (Бейне өткелдерді қарау) пункттерін таңдау қажет
сосын эффектілердің (өткелдердің) көрнекі түрде көрсетілген тізімі бар 
терезе ашылады. Кез келген миниатюраны жай ғана таңдау арқылы 
оларды көруге болады және олардың әсері автоматты түрде енгізілген 
плеерде ойналады. Ұнаған элементтерді қосу үшін оларды қажетті 
кадрға жылжыту жеткілікті. Эффектілер мен өткелдерді кадрға бөлу 
режимінде қосу өте ыңғайлы.
Фильмді уақыт шкаласы терезесінде түзету
 
Элементтерді қосқаннан соң, оларды ойнату ұзақтығын орнату 
керек. Бұған уақыт шкаласында қажетті объектіні белгілеп және оны 
шетіне қарай тарту арқылы қол жеткізуге болады. Егер сіз, мысалы 
картинканы көрсету кезінде бір уақытта қандай да бір мәтіннің 
шыққанын қаласаңыз, онда ойнату үшін берілетін уақытқа көңіл 
бөлуіңіз керек екенін есте ұстау қажет. Сонымен, мысалы, экранның


максималды кеңістігін алатын мәтінді қосу кезінде, картинкаға шама- мен 15 секунд плюс 2 секунд 
уақыт өткелін орнату қажет.
Ойнату ұзақтығын анықтау кезінде ең дұрысы секундомердің уақытын белгілеңіз. Ыңғайлы 
баптау үшін масштабты өзгерту функ- циясын қолданыңыз, оның көмегімен кез келген объектіні 
көрсетуге арналған уақытша жиектемелерді дәл және оңай орнатуға болады.
Ол үшін күнтартқыш суреті бар батырмаларды немесе Page Down мен Page Up пернелерін 
қолдануға болады. Сонымен қатар түзету кезінде музыкалық сүйемелдеуге көп көңіл бөлген жөн. 
Fade In (үдеу) және Fade Out (сөну) пункттерін таңдау арқылы басында аудио- сүйемелдеуді 
ойнатуға байсалды үдетуді орнатыңыз жіне «Audio» жолағының үстіндегі уақыт шкаласында 
тышқанның оң жақ пернесін басу арқылы сөнуді орнатыңыз. Бұған қоса шыққан мәзірде Volume 
пунктін таңдап ыбыс деңгейін күйге келтіруге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет