Объектілерді уақыт шкаласына қосу
Енді
Collections (Жинақтар) жобасы терезесінен объектілерді уақыт
шкаласына жылжытып әкелеміз. Тышқанның
оң жақ батырмасын басу
кезінде шығатын
«Add TimeLine» (Уақыт шкаласына қосу) немесе
жай ғана «Ctrl + D» пернелер комбинациясын
басу арқылы қосуға
болады. Сонымен қатар міндеттер панелінде
«Make an AutoMovie»
(Автофильмді құру) атауымен пункт бар, ол Collections (Жинақтар)
жобасы терезесінде орналасқан барлық объектілерді автоматты түрде
қосуға көмектеседі.
Атаулар мен титрларды қосу
Бұл қысқаметражды фильмдерді
құруға көмектесетін Windows
Movie Maker бағдарламасының мүмкіндігі. Тақырыпты қосу үшін
міндеттер панелінде
«Edi Movie» категориясынан
«Make titles or
credits» (Атаулар мен титрларды құру) пунктін
немесе басты терезеде
«Tools» (Сервис) қосымшасында
«Titles and Credits…» (тақырыптар
мен титрлар) пунктін таңдау қажет. Пайда болған терезеде клиптің
жаңа жазбалардың меншіктелетін орнын таңдауға болады: басында,
соңында,
белгіленген объектінің алдында, белгіленген объектіден
кейін немесе белгіленген объектіде. Сосын қажетті пунктті таңдап,
мәтіндік өрісті толтыру қажет. Сондай-ақ
жазбаның анимацияланған
көрінісінің қаріпі мен тәсілін беруге болады.
Достарыңызбен бөлісу: