№1 зертханалық ЖҰмыс access 2010 МҚбж қолдану арқылы мәліметтер қорын құру Жұмыстың мақсаты



Pdf көрінісі
бет4/23
Дата05.06.2023
өлшемі1,53 Mb.
#98920
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
алғашқы кілт – бір немесе бірнеше өрістерді (бағадарды) ұсынады, 
олардың мәні кестедегі әрбір жазбаны анықтайды. Алғашқы кілт Null 
мәндеріне жол бермейді және әрқашан оның бірегей индексі болу 
қажет. Алғашқы кілт табиғи немесе жасанды болуы мүмкін. Кестенің 
ақпараттық өрістерінен (яғни сипатталатын объектілер туралы пай- 
далы ақпараттан тұратын өрістерден) тұратын кілт табиғи кілт деп 
аталады. Теориялық түрде, табиғи кілтті қалыптастыруға болады, бұл 
жағдайда ол «интеллектуалды кілт» атауына ие болады. Жасанды 
кілт – бұл қосымша қызметтік өріс, жалғыз қызметі – алғашқы кілт 
ретінде жұмыс істеу. Бұл өрістің мәндері МҚ-ғы қандай да бір басқа 
мәліметтердің негізінже құрылмайды, ал табиғи түрде түрленеді.


Ереже бойынша, суррогаттық кілт – бұл мәндердің өспелі сандық 
тізбектен енгізілетін қарайым сандық өріс;
сыртқы кілт – өріске сілтемеден немесе басқа кестеде алғашқы 
кілттің өрісінен тұратын бір немесе бірнеше өрістерді (бағандарды) 
ұсынады. Сыртқы кілт кестелердің байланысу тәсілін анықтайды.
Кілттер де екі класқа бөлінеді: қарапайым және құрама. 
Қарапайым кілт бір атрибуттан, ал құрама кілт бірнеше атри-
буттардан тұрады. Құрама кілттерді қолдану кестелерді біріктіруді 
күрделендіреді.
Кестені құрып болған соң, мәліметтер қорындағы әрбір тақырып 
үшін Microsoft Access 2010 қосымшасына құралдарды ұсынуға 
болады, олардың көмегімен қажет болған жағдайда мәліметтерді қайта 
біріктіруге болады. Бұл жалпы өрістерді байланысқан кестелерге 
орналастыру және кестелер арасында байланыстарды анықтау жолы- 
мен жүзеге асады. Сосын бір уақытта бірнеше кестелерден тұратын 
мәліметтерді көрсететін сұраныстарды, формаларды және есептерді 
құруға болады.
Кестеаралық байланыстар екі және одан да көп түйіндерді 
біріктіре алады. Ереже бойынша, олар түйіндер арасындағы кейбір 
өзараәрекетке сәйкес келеді және олардың арасында пайда болған 
байланысты сипаттайды. Мұндай қатынас байланыс типіндегі 
жеке түйінге бөлінеді. Қатынастар басқа түйіннің жазбасымен 
байланысқан, түйіндер жазбаларының санына байланысты үш негізге 
типке бөлінеді:
Бірге бір, бірінші түйіннің әрбір жазбасына екінші түйіннің тек 
бір ғана жазбасы сәйкес келеді, ал екінші түйіннің жазбасына – 
бірінші түйіннің тек бір ғана жазбасы сәйкес келеді. Мысалы: бір 
ғана аяқталмаған кітабы бар автор.
Көпке бір, бірінші түйіннің әрбір жазбасына екінші түйіннің 
бірнеше жазбалары сәйкес келуі мүмкін, ал екінші түйіннің 
әрбір жазбасына бірінші түйіннің тек бір ғана жазбасы сәйкес 
келеді. Мысалы – бірнеше кітаптарды шығаратын баспа.
Көптен көпке, бірінші түйіннің әрбір жазбасына екінші түйіннің 
бірнеше жазбалары, ал екінші түйіннің әрбір жазбасына бірінші 
түйіннің бірнеше жазбалары сәйкес келуі мүмкін.
Microsoft Access-те кестеаралық байланыстарды «Мәліметтер 
сұлбасы» терезесінің көмегімен немесе Өрістер тізімі облысынан 
өрістерді тасымалдау жолымен құруға болады. Access қосымшасында


кестеаралық байланыстарды мәліметтер қорының объектісінде оларды 
қолдану үшін кестені қалай байланыстыруды көрсету үшін қолданады. 
Мәліметтер қорының басқа объектілерін (формалар, сұраныстар мен 
есептер) құрудың алдында кестеаралық байланыстарды құрудың 
бірнеше себептері бар:
1) Кестеаралық 
байланыстар 
сұраныстардың 
құрылымына 
арналған мәліметтерді ұсынады.
2) Кестеаралық байланыстар формалар мен есептердің құрылымына 
арналған байланыстарды ұсынады.
3) Кестеаралық байланыстар негіз болып табылады, оның көмегімен 
мәліметтердің бүтіндігін қамтамасыз етуге болады.
Мәліметтердің 
бүтіндігі 
байланысқан 
кестелерде 
жазбалар 
арасындағы байланыстарды сақтау үшін Microsoft Access-те қолданы- 
латын, сондай-ақ байланысқан мәліметтерді кездейсоқ өшіруден 
немесе өзгертуден қорғауды қамтамасыз ететін ережелердің жүйесін 
білдіреді. Мәліметтердің бүтіндігін төмендегі шарттар орындалған 
кезде орнатуға болады:
1) Басты кестенің байланысқан өрісі алғашқы кілт немесе балама- 
лы кілт (бірегей индекске ие) болып табылады.
2) Байланысқан өрістер (басты кестенің алғашқы кілті және 
бағыныңқы кестенің сыртқы кілті) мәліметтердің бір типіне ие. 
Мұндағы ерекшелік: есептегіштің өрісі сандық өріспен байланы- 
сты болуы қажет, оның Өріс өлшемі (FieldSize) қасиетінің мәні 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет