№1 зертханалық ЖҰмыс access 2010 МҚбж қолдану арқылы мәліметтер қорын құру Жұмыстың мақсаты



Pdf көрінісі
бет6/23
Дата05.06.2023
өлшемі1,53 Mb.
#98920
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
1 ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС (1)

1. Мәліметтер қорын құру
 
 
1. Іске қосу мәзірінен немесе жарлықтың көмегімен Microsoft 
Access ашыңыз. Access мәліметтер қорын құру мәзірі шығады.
2. «Құру» бөлімінің терезесінде Мүмкін шаблондар бөлімінен 
Жаңа мәліметтер қоры (Blank Database) командасын таңдаңыз (1- 
сурет).
3. Жаңа мәліметтер қоры (Blank Database) облысының Файл 
атауы (File Name) өрісіне файлдың атауын енгізіңіз, мысады «Менің 
файлым» және сақталу бумасына жол сілтеңіз.
4. Құру (Create) батырмасын басыңыз.


1-сурет. Жаңа МҚ құру
 
 
Жаңа мәліметтер қоры құрылады және кесте режимінде жаңа 
кесте ашылады. Қажет болған жағдайда мәліметтер қорын шаблон- 
дар көмегімен құруға болады, сондай-ақ MicrosoftOfficeOnline веб- 
түйінінен қосымша шаблондарды жүктеу мүмкіндігі де бар.
Кестелерді құру
 
Мәліметтер қорын құру кезінде мәліметтер кестелер түрінде – 
қатарлар тізімінде (жазбаларда) және бағандарда (өрістерде) сақталады. 
Жаңа мәліметтер қорын құру кезінде автоматты түрде жаңа кесте 
құрылады. Сонымен қатар кестені құрылған мәліметтер қорында жаңа 
кестені қосу көмегімен, MicrosoftOfficeExcel, мәтіндік файл немесе 
басқа мәліметтер қоры сияқты басқа дереккөздерден мәліметтердің 
кестесіне сілтемені құру көмегімен құруға болады.
Конструктор режимінде кестені құру
 
Тапсырма: конструктор режимінде «Тапсырыстар», «Жеткізу»,
 
«Жеткізушілер», «Жеткізудың нақты мекен-жайы» кестелерін 
құрыңыз (1-қосымшаны қараңыз).
1. МҚ терезсінде Құру (Create) қосымшасын, онда Кестелер (Tab- 
les) – Кестелер конструкторы (Table Design) қосымшасын таңдаңыз.
2. Өріс атауы (Field Name) бағанына құрылатын өрістің атауын 
енгізіңіз.
3. Мәліметтер типі (Data Туре) бағанына мәліметтердің қажетті 
типін тізімнен таңдаңыз.


4. Сипаттама (Description) бағанына кестенің берілген өрісінің 
қызметі мен қолданылуын түсіндіретін мәтін енгізіңіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет