8. Осы алмастыру бірнеше мәндерді сақтау? тобында Бірнеше мәндерді қабылдау (Allow Multiple Values) белгісін (бір уақытта
бірнеше мәндерді сақтау үшін осы белгі орнатылуы қажет) орнаты-
ңыз – Дайын (Finish). 9. Өзгертулерді сақтаңыз.
10. Кесте режиміне (Datesheet) өтіңіз және мәліметтердің
сәйкес өрісіне шертіп, «Тапсырыстар» кестесінің Қызметкер коды өрісіне кез келген жазбаны өзгертіңіз. Өріспен жұмыс істеу кезінде
қызметкерлердің тізімі (тегі, қызметі) пайда болады, онда сіз тізімде
олардың тектеріне қарсы маркерді орнатып, тапсырысты өңдеу үшін
бір немесе бірнеше қызметкерлерді таңдауға болады.
11. Конструктор (Design)режиміне өтіңіз және «ҚызметкерКоды» өрісінің мәліметтер типі сандық болып қалды (бұл кестелерді байла-
ныстыру кезінде маңызды).
12. Кестедегі өзгертулерді сақтаңыз.
13. Мәліметтер сұлбасын (Relationships)ашыңыз және «Тапсы- рыстар» кестесінің байланыстарын қалыпқа келтіріңіз. «Тапсыры- стар» кестесін көрсету кезінде сұлбада өзгерістер болғанына көңіл
аударыңыз.
14. Мәліметтер сұлбасын сақтаңыз.
15. Осындай тәсілмен алмастыру шеберінің көмегімен «Тауарлар» кестесіндегі «КатегорияКоды» өрісін бір шектеумен түзетіңіз: өріс
тек бір ғана мәнге ие болу керек (яғни өрісте бірнеше мәндер болмауы
керек). Алмастыру үшін «Тауарлар Категориясы» кестесінен «Кате- гория Атауы» өрісін алу қажет. Жасалған жұмыстан соң кестенің
өрісіндегі мәліметтерді түзету кезінде бірнеше мәнге жол бермейтін
тізім пайда болатынына көз жеткізіңіз. Сондай-ақ, өрістің типі сандық
болып қалғанына (Конструктор (Design) режимінде) көз жеткізіңіз.
16. Кестедегі өзгерістерді сақтаңыз, кестені жабыңыз, Мәліметтер