1 Зертханалық жұмыс. Cisco маршрутизаторымен және оның пайдаланушылық интерфейсімен танысу 4



бет16/20
Дата07.03.2023
өлшемі132,96 Kb.
#72394
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
КЖ зертхана

3.4  Глобалды адрестер пулын анықтау
Router(config–if)#ip nat pool net–208 171.69.233.208 171.69.233.233 netmask 255.255.255.240
1 Алдыңғы қадамда анықталған қатынас құруда тізімімен рұқсат етілген адрестерді динамикалық трансляциялау режімін орнатыңыз.
Router(config–if)#ip nat inside source list 1 pool net –208 overload
2 Ішкі интерфейсті көрсетіңіз
Router(config–if)#interface serial 0
Router(config–if)#ip address 171.69.232.182 255.255.255.240
3 Бұл интерфейсті ішкі желіге тиісті етіп белгілеңіз
Router(config–if)#ip nat outside
4 Ішкі интерфейсті көрсетіңіз
Router(config–if)#interface fastethernet 0
5 Бұл интерфейсті ішкі желіге тиісті етіп белгілеңіз
Router(config–if)#ip nat inside
6 Трансляциялауға тиісті адрестерді регламенттеуші стандартты қатынас құру тізімін анықтаңыз
Router(config)# access–list 1 permit 192.168.1.0 0.0.0.255
4 Бақылау сұрақтары
1 IP-адресті берудің қандай әдістері бар?
2 Статикалық IP адрес қолданатын құрылғыларды мысалға келтіріңіз.
3 IP-адрес қандай бөліктерден тұрады?
4 Белгілі IP-адреспен белгісіз МАС-адрес арасында сәйкестікті орнату үшін қандай Интернет–хаттама қолданылады?
5 NAT қызметі қалай жұмыс істейді және оны желіде қай кезде қолдану қажет?
6 PAT қызметі қалай жұмыс істейді және оны желіде қай кезде қолдану қажет?
6 Зертханалық жұмыс. Коммутаторда VLAN-ды байланыстарды құру
Жұмыстың мақсаты: коммутаторда VLAN-ды құру. Бірнеше интерфейсті бір VLAN-ға біріктіру. VTP хаттамасын баптау, VTP доменін құру және баптау.
1 Жұмыс тапсырмасы
1 VLAN желісін екі коммутаторда құру.
2 Коммутатордың қажетті порттарын пайда болған VLAN желілеріне аудару.
3 Коммутатор порттарына компьютерлерді қосу.
4 Коммутаторлар арасындағы транктық порттарды баптау.
5 Бір VLAN-да жатқан компьютерлер арасындағы байланысты тексеру.
2 Әдістемелік нұсқау
Виртуалды жергілікті желілердің конфигурациясын баптаудың бірінші сатысы әрбір VLAN желісіндегі пайдаланушылар құрамын анықтау болып табылады. VLAN желілерінің саны мен олардың мүшелерінің құрамын таңдап болысымен VLAN желісін баптауға кірісуге болады. 2950 коммутаторы 64 VLAN желісін қолдай алады, және де олардың әр қайсысы үшін spanning–tree алгоритмінің дербес экземплярын құрастыруға болады.
Қалыпты жағдайда коммутаторлардың барлық порттары бірінші VLAN-да жатқандықтан сіздер 2, 3 және 4 VLAN-ды құра аласыздар. Стандартты IOS негізіндегі коммутаторда VLAN-ды баптау үшін глобалды конфигурациялау режиміне кіріп, келесі командалар тізбегін енгізу қажет:
Swith#config t
Swith(config)# vlan Х
Swith (config)# name {vlan атауы}.
VLAN атауы ретінде келешекте сізге түсінікті болатындай кез-келген сөзді енгізуге болады. Х – VLAN нөмірі, Х орнына 2 – 65000 диапазонынан алынған санды жаза аласыз.
Сіз қазір өзіңіз құрған VLAN-дар бос, өйткені коммутатордың барлық порты бірінші VLAN-да. Портты керекті VLAN-ға ауыстыру үшін switchport access vlan командасын қолданыңыз.
Мысалы, коммутатордың fast ethernet 0/2 портын екінші VLAN-ға ауыстыру керек болса төмендегідей жасаймыз.
Swith #config t
Swith (config)#interface Fast Ethernet 0/2
Swith (config-if)#switchport mode access
Swith (config-if)# switchport access vlan 2
Swith (config-if)#exit
Swith (config)#exit


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет