3 Жұмыстың орындалу реті 3.1 Статикалық трансляцияны баптау 1 Пайдаланушы режімінің шақыруына (>) enable командасыненгізіңіз.
Router>enable Router#configure terminal 2 Ішкі жергілікті адрес пен сыртқы глобалды адрес арасында статикалық трансляция режимін орнатыңыз.
Router(config)#ip nat inside source static 1.1.1.1 2.2.2.2
3 Ішкі интерфейсті көрсетіңіз
Router(config)#interface F0/0
4 Бұл интерфейсті ішкі желіге тиісті етіп белгілеңіз
Router(config–if)#ip nat inside
5 Сыртқы интерфейсті көрсетіңіз
Router(config)#interface S0/0
6 Бұл интерфейсті сыртқы желіге тиісті етіп белгілеңіз
Router(config–if)#ip nat outside
3.2 Динамикалық трансляцияны баптау 1 Глобалды адрестер пулын анықтаңыз
Router(config–if)#ip nat pool net–208 171.69.233.208 171.69.233.233 netmask 255.255.255.240
2 Алдыңғы қадамда анықталған қатынас құру тізімі негізінде динамикалық трансляцияны орнатыңыз.
Router(config–if)#ip nat inside source list 1 pool net –208
3 Сыртқы интерфейсті көрсетіңіз
Router(config–if)#interface serial 0
Router(config–if)#ip address 171.69.232.182 255.255.255.240
4 Бұл интерфейсті сыртқы желіге тиісті етіп белгілеңіз
Router(config–if)#ip nat outside
5 Ішкі интерфейсті көрсетіңіз
Router(config–if)#interface ethernet 0
6 Бұл интерфейсті ішкі желіге тиісті етіп белгілеңіз
Router(config–if)#ip nat inside
7 Трансляциялауға тиісті адрестерді регламенттеуші стандартты қатынас құру тізімін анықтаңыз
Router(config)# accses–list 1 permit 192.168.1.0 0.0.0.255
8 Жоғарыда көрсетілген конфигурация 1 қатынас құру тізімі бойынша анықталған (192.168.1.0/24-ден бастап ) түйін көзінің барлық адрестерін net–208 деп аталатын адрестер пулына трансляциялайды. Бұл пул 171.69.233.208-ден 171.69.233.233-ке дейінгі адрестен тұрады.
3.3 Бір ішкі глобалды адресті қолдану Бір ішкі ауқымды адресті қолдану режімін баптау үшін:
1) net–208 деп аталатын адрестер пулын құру қажет. Бұл пул 171.69.233.208-ден 171.69.233.233-ке дейінгі адрестен тұрады.
2) Қатынас құру тізімі 192.168.1.0-ден 192.168.1.255-ке дейінгі жіберуші адресінен тұратын дестелерді трансляциялауға рұқсат етеді. Егер бұл кезде трансляциялау процедурасы іске асып жатпаса, онда 1 қатынас құру шартына сәйкес дестелердегі адрестер көрсетілген пулдағы адрестерге трансляцияланады. Маршрутизатор бірнеше ішкі адрестерге (192.168.1.0 -192.168.1.255) бір глобалды адресті қолдануға мүмкіндік береді. Қандай да бір байланысты табу үшін маршрутизатор порттардың нөмірлерін пайдаланады.