Осы сәттегі конфигурацияны бастапқы конфигурацияның орнына көшіреді.
2 кестеде редакциялау командалары және командалардың өткен тарихын қарауға мүмкіндік беретін командалар келтірілген.
2 кесте – Редакциялау командалары және командалардың өткен тарихын қарауға арналған командалар
Команда
Сипаттама
CTRL+A
Командалық жолдың басына бару.
CTRL +E
Командалық жолдың соңына бару.
CTRL+F( немесе «оңға стрелкасы»)
Алға бір символға жылжу .
CTRL+B( немесе «сол стрелкасы»)
Артқа бір символға жылжу.
CTRL+P( немесе «жоғары стрелкасы»)
Алдындағы команданы қайта енгізу.
CTRL+( немесе «төмен стрелкасы»)
Соңғы енгізілген команданы шақыру.
ESC+B
Артқа бір сөзге жылжу .
ESC+F
Алға бір сөзге жылжу.
TAB
Енгізуді автоматты түрде аяқтау.
Маршрутизатордың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бес түрлі құпиялы код қолданылады :
1) Рұқсат етілген құпия код (enable secret). Бұл код ашық кілтпен шифрланады. Рұқсат етілген құпия деңгейі, рұқсат етілген пароль деңгейінен жоғарырақ.
2) Рұқсат етілген пароль (enable password), рұқсат етілген құпия коды жоқ болған жағдайында, сонымен қатар ескі бағдарламалық қамтамасыз етумен жұмыс жасаған жағдайда қолданылады.
3) Виртуалды терминалдың паролі (vty) Telnet сеанстарында қолданылады. Маршрутизатормен Telnet хаттамасы арқылы байланысу үшін міндетті түрде осы пароль орнатылуы қажет.
4) Консоль паролі (console) консоль портын қорғау үшін қолданылады.
5) Қосымша порт паролі (aux) модем қосуға арналған қосымша портты қорғау үшін қолданылады.
Бірінші үш паролді орнату маршрутизаторды баптау кезінде немесе глобалды конфигурациялау режимінде жүзеге асырылады. Консоль паролін және қосымша порттың паролін орнату тек қана маршрутизатордың конфигурациялау режимінде орындалады.
Конфигурациялау режиміне кіру үшін configure terminal командасын енгіземіз. Бұл режимнен шығу үшін CTRL+Z кнопкаларын басамыз. Конфигурациялық режимге енген соң, рұқсат етілген құпия кодты беру үшін enable secret, рұқсат етілген пароль үшін enable password командасын жазамыз, виртуалды терминал паролін line
vty 0 4, login, password командаларын бере отырып орнатамыз. Мұндағы 0 порт номері, 4 байланыс саны. Консоль және қосымша порт паролдері виртуалды терминал паролі сияқты тура осылай тағайындалады, бірақ vty сөзі console немесе aux сөзіне сәйкесінше ауыстырылады. Дәл осылай, мысалы, class паролін консольдің 0 портына беру үшін келесі командаларды енгізу қажет.
Router#configure terminal Enter configuration commands, one per line. End with CTRL/Z.
Router(config)#line console 0 Router(config-line)#login Router(config-line)#password class