1 Зертханалық жұмыс. Cisco маршрутизаторымен және оның пайдаланушылық интерфейсімен танысу 4



бет7/20
Дата07.03.2023
өлшемі132,96 Kb.
#72394
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20
Байланысты:
КЖ зертхана

4 Бақылау сұрақтары
1 IP протоколы. Дейтаграмма бас тақырыбының форматы.
2 IP протоколының адрестік схемасы. Адрестеу кластары.
3 Адрестеу әдістері: біржақты (unicast), жалпылай (broadcast) және топты (multicast).
4 Желіасты маскасы не үшін қажет?
5 IPv6 адрестеу. IPv4-тен IPv6-ке өту тәсілдері. Артықшылықтары мен кемшіліктері.
6 Маршрутизатор порттарының тағайындалуы.
7 Жіберілген қателікті қандай командалармен іздеуге болады?



3 зертханалық жұмыс. Статикалық және динамикалық маршрутизация
Жұмыс мақсаты: Cisco маршрутизаторында статикалық және динамикалық маршрутизацияны құруды үйрену.
1 Жұмыс тапсырмасы
1 RIP хаттамасы негізінде динамикалық маршрутизацияны құру.
2 Шартты түрде таңдалған тұйық желі үшін статикалық маршрутизацияны құру.
3 Үнсіздік бойынша (маршрут по умолчанию) маршрут құру.
4 Маршрутизаторлар арасында желі жұмысын тестілеу және зерттеу.
5 RIP хаттамасының жұмыс ерекшеліктерін анықтау.
6 RIP хаттамасын алып тастап, оның орнына OSPF байланыс арнасы жағдайының хаттамасын құру.
7 Маршрутизаторлар арасында желі жұмысын тестілеу және зерттеу.
8 OSPF хаттамасының жұмыс істеу ерекшеліктерін анықтау және жұмыс істеу кезіндегі өзгерісін RIP хаттамасымен салыстыру.
9 Telnet командасының көмегімен көршілес маршрутизатормен қашықтан байланысты орнату және көршілес маршрутизатордың конфигурациясына кейбір өзгерістерді ендіру.
2 Әдістемелік нұсқау
1 IP маршрутизация процесі.
1 суретте маршрутизацияның қарапайым сұлбасы көрсетілген.

1 сурет
IP маршрутизация, әлде бір желіде орналасқан хосттан бір немесе бірнеше маршрутизаторлар арқылы басқа желіге тиесілі қашықта орналасқан хостқа мәліметті беру процесі. Дестені беретін жолды маршрутизатор маршрутизациялау кестесі бойынша анықтайды. Егер маршрутизациялау кестесінде дестені алатын желі туралы мәлімет болмаса, онда ол белгіленген қалыпты жағдайда таңдалған желіге бағытталады.
2 Динамикалық маршрутизация.
Динамикалық маршрутизация желінің топологиясында, құрылымында болған кез-келген өзгерісті автоматты түрде анықтаудан тұрады. Динамикалық маршрутизация Routing Information Protocol (RIP), Open Shortest Path First (OSPF), Interior Gateway Routing Protocol (IGRP), Enhanced Interior Gateway Routing Protocol (EIGRP)) маршрутизациялау хаттамаларын қолдануға негізделеді, олардың негізгі мақсаты – маршруттық кестені толығымен немесе оның бір бөлігін тарату табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет