1 Зертханалық жұмыс. Cisco маршрутизаторымен және оның пайдаланушылық интерфейсімен танысу 4



бет5/20
Дата07.03.2023
өлшемі132,96 Kb.
#72394
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
3 Жұмыстың орындалу реті
1 Маршрутизатордың консоль портын компьютердің СОМ портына қосыңыздар.
2 Компьютерді қосып Hyper terminal көмегімен маршрутизатордың  интерфейсіне енуді ұйымдастырыңыз.
3 Қосылу жылдамдығы 9600 бит/с болу керек .
4 Hyper terminal терезесі ашылғанда, маршрутизаторды қоректену көзін ажыратып-қосу тетігі арқылы қосыңыздар.
5 Маршрутизатордың IOS жүктеуін аяқтаған соң, контекстік көмекті қолдана отырып, пайдаланушылық және пұрсатты режимдерінде қажетті командалармен танысыңыздар. Осы әрекеттеріңіз қажетті командаларды табуға және синтаксисті тексеруге көмектеседі.
6 Пайдаланушылық режимде (?) командасын енгізіңіздер.
Enter пернесін басыңыз, не болды ?__________________
Пробел пернесін басыңыздар, не болды ?_________________
7 Пұрсатты режимге кіріңіздер. Пұрсатты режимде (?) командасын енгізіңіздер .
8 Қандай команда арқылы жүйелік уақытты беруге болады?___________
9 Жүйе нұсқауларына ере отырып, жүйелік уақытты және датаны орнатыңыздар. Есте болсын, сіздер кез-келген уақытта контекстік көмекші (?) командасын қолдана алаcыздар.
10 Сіздердің сағаттарыңыздың жұмыс істейтіндігін тексеріңіздер.
Маршрутизатор статусын тексеру
Бұл жаттығуда сіздер маршрутизатордың және оның интерфейстерінің статусын қарап тексеру үшін Cisco IOS операциялық жүйесінің командаларын қолданаcыздар.
11 Show version командасын енгізіңіздер.
Келесі элементтердің мәндерін жазыңыздар:
Қолданылатын Cisco IOS операциялық жүйесі ____________________
Cisco IOS операциялық жүйесінің версиясы ______________________
Жүйенің жұмысқа қосылған уақыты _____________________________
Ethernet интерфейсінің саны _________________________________
Serial интерфейсінің саны ___________________________________
Флэш –жадысының көлемі __________________________________
12 Show protocols командасын енгізіңіздер.
13 Әр интерфейс және арналық хаттама қандай күйде?
14 Show interfaces командасын енгізіңіздер.
15 Жіберу бірлігінің (MTU) максималды мөлшері, жоғарыда келтірілген интерфейстер үшін өткізу мүмкіндігі және инкапсуляция әдісі қандай?
16 Маршрутизатор қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін келесі паролдерді орнатыңыздар: рұқсат етілген құпия, консоль пароль, виртуалды терминал паролі (көмек қажет болса әдістемелік нұсқауға жүгініңіз). Парольдерді «сisco» немесе «class» сөздерімен бергеніңіз жөн.
17 Пароль арқылы ұйымдастырылған қорғаныс жұмыс істейтіндігіне көз жеткізіңіз. Тексеріңіз.
18 Қазіргі конфигурацияны бастапқы конфигурацияның орнына көшіріңіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет