ЖҰМЫСТЫҢ ОРЫНДАЛУ ТӘРТІБІ
Тапсырма 1. Жинағыш линзаның фокустық қашыктыгын анықтау. Оң линзаның фокустық қашықтығын анықтау үшін 4-суретке сәйкес заттар оптикалык орындықта орналастырылады
1 - оптикалық орындық. 2 жарықтандырғыш, 3 - линза (№6), 4 экран
1 әдіс. Экранда заттың анық кескіні алынады.. Зат ретінде жарықтандырғыштың күнгірт әйнегіндегі тор саналады. А1 және а2 қашықтарын оптикалық орындықтағы сызғыш арқылы өлшейді.
2. (1) өрнегінде табылган а, және а2-ні койып f табады..
3. Егер кескін үлкейтілген (кішірейтілген) болса, онда дәл солай кішірейтілген (үлкейтілген) шэкранда кескін алынады. Тағыда а1 мен а2, өлшеп (1) орнек бойынша f өлшейді.
2 әдіс.
I. Оптикалык орындыктың карама-карсы аяқ жақтарында жарыктандыргыш пен экранды орналастырады.
2. Экранда заттың накты үлкейтілген кескіні шығатындай кылып линзаны оптикалык орындыкта орналастырады. Зат ретінде бұрынғысынша жарықтандырғыштың күнгірт әйнегіндегі тор колданылады.
3. Орындықтағы линзаның және экраннан жарықтандырғыш торына дейінгі қашықтықты анықтайды.
4. Заттың және экранның орналасуын өзгертпей экранда заттың кішірейтілген накты кескіні көрінуі үшін линзаны экранға қарай жылжытады.
5. Линзанын жана орналасуын және осы линзаның екі орналасуының арақашықтығын өлшейді.
6. (2) өрнегі бойынша линзаның фокустық қашықтығын есептейді және бірінші әдіспен аныкталған нәтижемен салыстырады.
3 әдіс
1. Бірінші әдістегі сиякты экранда үлкейтілген және кішірейтілген заттың кескінін алады. Зат ретінде күнгірт әйнегіндегі торды алады.
2. А1, В1, торының және А2 В2 кескінің ұзындықтарын өлшейді, линза берілетін V үлкейтуін есептейді:
V= A2В2/ A1В1
(3) өрнек бойынша f есептейді
3. Нәтижені 1 және 2 әдіспен алынған нәтижелермен салыстырады.
2-жаттығу.
Жіңішке теріс линзаның фокустық қашықтығын анықтау.
Жіңішке теріс линзаның фокустык қашықтығын анықтау сызбасы суретте көрсетілген.
1. 6-суретке сәйкес оптикалық орындыкта экран мен. Он линзаны орналастырады. Экранда заттың анық үлкейтілген кескінің алады. Оптикалық орындыктагы сызғыш арқылы экранның орналасуын белгілейді.
2. Экранды жылжытып, оң линза мен экранның арасына жіңішке теріс линзаны орналастырады. Экранды жылжыта отырып, екі линза жүйесінде заттың нақты кескінін алады.
3. Егер экранда анык кескін алуға келмесе онда шашыратқыш линзаны
жинағыш линза мен экран арасындағы орналасуын болғанша өзгертеді.
п. 3-ті экранда заттың анық кескіні алынбағанша кайталайды.
4. а и а1 өлшейді және (4) бойынша теріс линзаның f есептейді.
Бақылау сұрақтары
1. Тәжірибеде линза фокусының орнын калай анықтауға болады?
2. Қос линза арқылы өткенде, пропорция сәулелердің шоқтары дәл сондай зеркала сәулелердің шоқтары болып қалу үшін екі жинағыш линзаны қалай орналастыру керек?
3. Линзада кескін алу үшін қандай сәулелерді пайдаланған ыңғайлы?
4. Жинағыш линза кандай жагдайда нәрсенің кескінін көрсететін сәулелерді шашыратып жібереді?
5. Жинағыш шыны линза суға батырылды. Осы жағдайда линзаның оптикалық күші өзгере ме? 6. Линзага қарап, оның жинаушы линза, не шашыратушы екенін қалай анықтауға болады?
7. Неліктен көз лупаға жақын болғаны қолайлы?
8. Ұсақ үгітілген шыны неліктен мөлдір емес?
Достарыңызбен бөлісу: |