Бақылау мен есепті жазу үлгісі Ішкі стақанның массасы-m1 г; қышқыл ерітіндісінің көлемі-VК мл; сілті ерітіндісінің көлемі- VС мл; қышқылдың концентрациясы –СК моль/л; сілті концентрациясы-сe моль/л және бастапқы температура – t10С соңғы температура- t20С; ерітіндісі бар ішкі стақанның массасы – m2 г.
1. Бейтараптану реакциясының нәтижесінде түзілген жылу ерітіндіні қыздыруға жұмсалады: q=c*m(t2-t1). Ерітіндінің жылу сыйымдылығы (с) судың жылу сыйымдылығына, яғни 1-ге тең. Калориметрді қыздыруға кеткен жылуды ескермейміз.
2. Ерітіндінің массасын: m=m2-m1формуласымен анықтаймыз.
3. 25 мл 1М ерітіндідегі зат мөлшері 0,025 моль. Реакцияның жылу эффектісі 1 моль затқа есептеліп, ккал немесе кДж (1 ккал=4,184 кДж) өлшенеді. Демек, Q=q/0,025 (ккал/моль).
4. Бірнегізді қышқылды бейтараптау реакциясының жылу эффектісін есептеңдер.
№2-ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС
Химиялық реакция жылдамдығына әртүрлі өршіткілер әсерінің тиімділігін зерттеу Реактивтер: мыс (ІІ) сульфатының, аммоний гидроксидінің, сутек пероксидінің 10%-дық ерітінділері.
Химиялық ыдыстар мен зертханалық құрал-жабдықтар:250 мл-лік және 100 мл-лік, 25 мл-лік өлшегіш цилиндрлер.
Жұмыс барысы
Тәжірибе. Көлемі 250 мл үш цилиндр алып, оның біріншісіне мыс (ІІ) сульфатының 50 мл ертіндісін, екіншісіне аммоний гидроксидінің 50 мл ерітіндісін, үшіншісіне мыс (ІІ) сульфаты мен аммоний гидроксидінің ерітінділерінің әрқайсысынан 25мл-ден құйыңдар. Үш цилиндрге де сутек пероксидінің 10 мл-ін қосыңдар. Үш цилиндрдегі оттектің бөліну жылдамдығына көңіл аударып , тиісті қорытынды жасаңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар.
№2-ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС
Химиялық реакция жылдамдығына әртүрлі факторлардың әсерін зерттеу Реактивтер: магний, темір, мырыш металдарының түйірлері; темір ұнтағы; тұз қышқылының 5%, 10 %-дық реітінділері; күкірт қышқылының ерітіндісі; сутек пероксиді; марганец (IV) оксиді.