1-зертханалық ЖҰмыс ковалентті байланысты заттардың: N2, O2 және алмаздың моделдерін құрастыру


Химиялық ыдыстар мен зертханалық құрал-жабдықтар



бет3/4
Дата21.10.2023
өлшемі45,3 Kb.
#120500
1   2   3   4
Химиялық ыдыстар мен зертханалық құрал-жабдықтар: сынауықтар, тамшуырлар, спиртшам, сынауықтарға арналған тұрғы.
Қауіпсіздік техникасы. Қыздырғыш құралдармен, қышқылдармен жұмыс істеу ережесін сақтау.
1-тәжірибе. Әрекеттесуші заттар табиғатының әсері
Екі сынауыққа 2 мл-ден тұз қышқылының ерітіндісін құйып, біреуіне магний, екіншісіне темір түйірлерін салыңдар. Қай реакция жылдам жүреді? Қорытынды жасаңдар.
2-тәжірибе. Әрекеттесуші заттардың концентрациясының әсері
Екі сынауыққа бірдей мөлшерде мырыш түйірлерін салып , біріншісіне 1 мл 5%-дық, екіншісіне 1 мл 10 %-дық тұз қышқылының ерітінділерін құйыңдар. Қай сынауықта сутектің бөлінуі шабытты жүреді? Неге? Қорытынды жасаңдар.
3-тәжірибе. Реагенттер бетінің әсері
Бір сынауыққа темір түйірін, екіншісіне темір ұнтағын салып, екеуіне де концентрациясы бірдей тұз қышқылының ерітіндісінен 2 мл қосыңдар. Қай сынауықта реакция жылдам жүретінін байқаңдар. Неге? Қорытынды жасаңдар.
4-тәжірибе. Температураның әсері
Екі сынауыққа 2 мл-ден күкірт қышқылының ерітіндісін құйыңдар. Олардың әрқайсысына альюминий немесе мырыштың бір түйірін салыңдар. Сынауықтардың біреуін қыздырыңдар. Сутек көпіршіктерінің бөліну жылдамдығына қарап, қорытынды жасаңдар.
5-тәжірибе. Өршіткінің әсері
Сынауыққа 1 мл сутек пероксидін құйып, оған шала жанған шыраны жақындатыңдар. Не байқадыңдар? Сутек пероксидіне марганец (ІV) оксидінің бірнеше кристалын қосып, шала жанған шыраны қайта жақындатыңдар. Не байқадыңдар? Марганец (ІV) оксидінің ролі қандай?
Химиялық реакция жылдамдығына әртүрлі факторлардың әсері жөнінде қорытынды жасап, тиісті реакция теңдеулерін жазыңдар.

3-ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС


Әртүрлі факторлардың динамикалық тепе-теңдік күйіне әсерін зерттеу
Әрекеттесуші заттар концентрациясының әсері
Реактивтер: темір (ІІІ) хлоридінің , калий роданидінің (KSCN) 0,001М, 1М ерітінділері;
5 г калий хлоридінің кристалдары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет