Жұмыстың мақсаты: информатика және АКТ бойынша оқу бағдарламаларын талдау негізінде оқу жұмысының күнтізбелік жоспарын құрастыра білу біліктілігін қалыптастыру; оқушылардың әрбір тақырыпты үйрену кезіндегі игеретін басты білімін, біліктіліктері мен дағдыларын атап көрсету.
Тапсырмалар:
1. Информатика бойынша оқу-тәрбиелік жұмыстың күнтізбелік жоспарын құрастырыңыз.
Информатика курсынан оқулықты (оқу-әдістемелік жинақты), бөлімді таңдап алыңыз.
Информатика бойынша оқу-тәрбиелік жұмыстың, 3 кестеге сәйкес таңдап алынған бөлімді қамтитын, оқу жылының бір жартыжылдығына арналған болжамды күнтізбелік жоспарын құрастырыңыз.
2. Оқытудың күтілетін нәтижелерін (алдынғы жоспарлау бойынша) келесі жоспар бойынша құрастырыңыз:
1. Тақырыбы: «Логика элементтері»
Оқушылар:
• пікір, тұжырымдау, пайымдау, ой қорыту, логикалық өрнектер ұғымдарының мәнін білуі керек;
• негізгі логикалық амалдардың: конъюнкцияның, дизъюнкцияның, жоққа шығарудың растық кестелерін білуі керек;
• күрделі логикалық өрнектердің растық кестелерін тұрғызу ережесін;
• компьютердің логикалық сұлбаларында пайдаланылатын ЖӘНЕ, НЕМЕСЕ, ЕМЕС басты логикалық элементтерін білуі керек.
Оқушылар:
• типтік логикалық амалдар үшін растық кестесін жазуды игеруі керек;
• типтік емес логикалық өрнектер үшін растық кестесін тұрғызуды игеруі керек.
4. Информатика курсының мазмұндық-құрылымдық компоненттерін үйрену тізбегінің сызықты сұлбасын құрастырыңыз. Сұлбаны негіздеңіз (7 сур. мысалды қара).
7 сурет. Информатика курсының мазмұндық-құрылымдық компоненттерін үйрену тізбегінің сызықты сұлбасы
3 кесте – Информатика бойынша 20__/20__ оқу жылының __ жартыжылдығына арналған оқу-тәрбие жұмысының күнтізбелік жоспары
Достарыңызбен бөлісу: |