1 Зертханалық жұмыс. Мектептегі информатика курсы бойынша нормативтік құжаттар. Жұмыстың мақсаты



бет6/7
Дата25.04.2023
өлшемі151 Kb.
#86468
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
1-8 Зертханалық жұмыс (3CCO)

Са-бақ тақырыбы

Са-бақ түрі

Са-ғат саны

Қайта-лауға арнал-ған матери-ал

Көрнекі құралдар

Сабақтағы бақылау түрі

Үй жұмысы

Сынып-тан тыс жұмыс

1.

























2.

























Ұсынылатын әдебиет: [1, 2 негізгі]

6, №7 зертханалық жұмыс. Информатика бойынша сабақтық жоспарлау




Жұмыстың мақсаты: сабақ конспектісіне қойылатын негізгі талаптарды айқындау; информатика бойынша үйренілген материал мен мектеп оқулықтары негізінде сабақ конспектісін құрастыру.
Тапсырмалар:
1. Таңдап алынған оқулық бойынша сабақ конспектісін құрастырыңыз. Конспектіні құрастыру кезінде сабақтың келесі элементтері қамтылуы қажет:
- жаңа тақырыпты үйренуге қатысты дайындық жаттығуларының жүйесі;
- тарихи мағлұматтар немесе мәселелік жағдайларды пайдалана отырып жаңа материалды түсіндіру;
- сабақтағы материалды алғашқы бекіту, кез келген түрдегі өз бетімен жұмысты жүргізу;
- сабақтың кез келген кезеңіндегі оқу рольдік ойыны;
- үй жұмысы және оған нұсқаулық;
- сабаққа дайындалуға арналған әдебиет тізімі.
2. Сабақ конспектісін құрастыру.
1. Сабақтың біреуін таңдаңыз (№ 5 зертханалық жұмыс).
2. Сабақ конспектісін құрастыруға қатысты төменде келтірілген сілтемелерді пайдалана отырып сабақтың жоспар-конспектісін құрастырыңыз.
Формальды-сипаттамалық бөлікте келесілер көрсетілуі тиіс: сынып, дата, сабақ №, оның тақырыбы, сабақтың мақсаты, сабақ түрі, пайдаланылатын жабдық, сабақ кезеңдері мен олардың ұзақтығын қамтитын сабақ жоспары (6 кесте).
Мазмұндық бөлікте келесілер кейіптелуі тиіс: оқушылардың даярлық деңгейіне қойылатын жоспарланған талаптар; оқу материалын екжей-тегжейлі баяндау; толығымен шығарылған барлық тапсырмалар, есептер, жаттығулар және т.т..
Әрі келесілер көрсетілуі керек:
1) үй жұмысын тексеру қалай жүргізіледі (үй тапсырмасы оқушыларды жаңа тақырыпты үйренуге алып келуі, ал тексеру үйретуші сипатта болуы қаланады);
2) кім сұралады, қандай сұрақтар бойынша;
3) сыныппен қандай фронтальды жұмыс жүргізіледі;
4) жаңа материал қалай баяндалады: -қандай кіріспе жасалады; - мұғалімнің өзінің баяндайтыны, оқушылар не істеуі керек; - мұғалімнің қоятын сұрақтары және оларға күтілетін жауаптар; - қандай көрнекі құралдар пайдаланылады, қашан және қалай көрсетіледі;
- қандай қорытындылар жасалады, оқушылар жұмыс нәтижесінде нені меңгеруі қажет;
5) сабақта өтілген материал қалай бекітіледі, оқушылардың жаңа материалды түсінуі және оның бұрын өтілген материалмен байланысы қалай анықталады;
6) егер өз бетімен жұмыс жүргізілетін болса, оның мазмұны қандай, оны жүргізуге қатысты қандай нұсқаулар болады, тексеру қалай жүргізіледі;
7) ү жұмысы қандай болады және қашан беріледі, оған қандай түсініктемелер беріледі;
8) сабақ қорытындыларын жасау (сабақта жаңа не білді, сыныптың және жеке оқушылардың жұмыс істеуінің сипаттамасы).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет