2.Ғылыми әдебиетпен жұмыс әдіснамасы.Әдебиеттерге шолуүш өлшемге сәйкес болуы тиіс:
ұқсас зерттеулердің нәтижелерін ұсыну;
сіздің зерттеуіңізді әдебиетте жүргізіліп жатқан диалогпен сәйкес-тендіру;
зерттеу нәтижелерін басқа зерттеулермен салыстыру үшін шеңберлер орнату.
Ол үшін: іздеу критерийлерін анықтау; лайықты әдебиетті табу; әдебиеттің релеванттылығын (ізденушіге сәйкестігі) оқу және тексеру; сіз таңдаған әдебиетті жүйелеу және соңында әдеби шолу жазу қажет.
Әдебиеттерге шолу жасаудың мақсаты Әдебиетпен жұмыс жасау зерттеу процесінің ажырамас кезеңі болып табылады. Зерттеу барысында әдебиет әртүрлі себептермен қолданылады, атап айтқанда:
- қызығушылық саласының тарылуы;
-мақсаттарды анықтау;
- негіздеме келтіру;
- сіздің зерттеу үшін теориялық ақпарат;
- қолайлы жобаны әзірлеу немесе әдебиетке ресми шолу жасау.
Зерттеу процесінің әрбір кезеңінде жарияланған зерттеулерге сыни тұрғыдан қарау маңызды. Егер мұны мұқият істесе, онда бұл процесс сіздің ғылыми жобаңызды жоспарлаудың ажырамас бөлігі болып қала отырып, жаңа идеяларды әзірлеуге және зерттеу міндеттерін бағыттауға көмектеседі. Басқаша айтқанда, шолуды жасаудың нақты процесі жақсы зерттеу жүргізу үшін маңызды бастапқы кезең болып табылады және осы процестің нәтижесі жасалған әдеби шолу түрінде сіздің зерттеу саласын мұқият таңдауыңызды көрсетеді.
Сондықтан әдебиетке шолу үш себеп бойынша жүргізілуі керек:
1) бұл процесс сізге осы саладағы негізгі идеяларды және осы саладағы негізгі зерттеушілерді анықтау үшін сіздің зерттеу саласында не белгілі екенін білуге мүмкіндік береді. Сондықтан бұл пәндік саладағы негізгі зерттеулермен олардың жұмыстарының маңыздылығын түсінумен қатар танысуды білдіреді.
2) бар әдебиеттерді іздеу барысында сіз қарастырылып отырған сала мен басқа да пәндік салалар арасында өзара байланыс орнатасыз. Нақты тақырып бойынша көбірек білсеңіз, сіз осы тақырып бойынша өз білімдеріңізді арттыратын басқа да жаңа салаларды, зерттеу нысандарын анықтай аласыз.
3) осы саладағы басқа зерттеушілердің жұмысы мен әдістерімен танысуына қарай, сіз сондай-ақ әрбір зерттеуші өз тақырыбын қалай зерделе-генін түсіне бастайсыз. Тиісінше, басқалардың идеялары мен жұмысы сізге өз жұмысының шеңберін анықтауға, соның ішінде мүмкін болатын әдістеме-лерді, ақпаратты жинау әдістерін, негізгі концепцияларды және дәстүрлі академиялық диссертация түріндегі зерттеуді құрылымдауға көмектеседі.