№№10-12(55-57), қазан-желтоқсан, октябрь-декабрь, October-December, 2014



Pdf көрінісі
бет12/22
Дата06.03.2017
өлшемі4,6 Mb.
#7957
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   22

 

№№10-12(55-57), қазан-желтоқсан, октябрь-декабрь, October-December, 2014   ISSN 2307-020X 
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital 
______________________________________________________________
 
 
 
 
97 
ТАУАН Айгерім Қайратқызы, 
Т. Рысқұлов атындағы орта мектебінің 8 сынып оқушысы, Құлан ауылы, 
Т. Рысқұлов ауданы, Жамбыл облысы, Қазақстан Республикасы 
 
Жетекшісі: САРУСУНБАЕВА Эльмира Абдукадыровна, 
Т. Рысқұлов атындағы орта мектебі «Математика» пәнінің мұғалімі, 
Құлан ауылы, Т. Рысқұлов ауданы, Жамбыл облысы, Қазақстан Республикасы 
 
ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ӨЛШЕМ БІРЛІКТЕРІНІҢ МАҒЫНАСЫ 
 
Өлшем  –  математикалық  термин.  Өлшем  бір  (сәттің)  заттың  үлкен-кішілі, 
ауыр-жеңілдігі, ұзын-қысқалығы. Халықтық өлшем математикалық өлшеммен тығыз 
байланысты.  Халық  өлшемі  анық  өлшем  десек,  қателеспейміз.  Өйткені  ата-
бабаларымыз бірнеше ғасырлар бойы қолданып және сол арқылы өлшем негіздерін 
жасаған. 
Қазақ  өлшемдері  ұлт  мәдениеті  мен  этнографиясының  қызықты  салаларының 
бірі болып табылады. «Халық айтса, қалып айтпайды» дегендей, халық өлшемі анық 
өлшем  деуге  болады.  Өйткені  оны  ата-бабаларымыз  бірнеше  ғасырлар  бойы 
қолданып,  сол  арқылы  өлшем  негіздерін  жүргізген.  Халқымыз  осы  күнгі  өлшем 
құралдары  мен  техникалық  жабдықтар  болмаған  кездің  өзінде  ұзындық,  ауырлық, 
сыйымдылық,  қалыңдық,  тереңдік,  алыстық,  мөлшерін  анықтап,  тани  білген.  Ол 
үшін арнайы құралдары емес, негізінен дене мүшелерін салыстырма ретінде алған. 
Қазақ тіліндегі кейбір фразеологизмдер бұрынғы кездегі ескі әдет-ғұрып, салт-
санамен байланысты пайда болған. Осындай фразеологизмдерге халықтық өлшемдер 
де  жатады.  Фразеологизмдер  (тұрақты  тіркестер)  –  екі  немесе  бірнеше  сөздің 
тіркесуі  арқылы  бір  ғана  мағынаны  білдіретін  сөз  тіркестері.  Фразеологизмге  тән 
мағына  тұрақты  тіркесті  құрастырушы  сөздердің  жеке  мағыналарына  үнемі  сәйкес 
келе бермейді, сыңарлы тұтасып құрастырушы сөздердің жеке мағыналарына үнемі 
сәйкес  келе  бермейді,  сыңарлары  тұтасып  барып  бір  ғана  мағынаны  білдіреді. 
Мысалы: ат шаптырым жер. Мағынасы – 25-30 шақырым. Тұрақты тіркестер – ойды 
көркемдеп, әсерлі жеткізудің құралы. 
Алғашқы шамаларды өлшеу бірліктері  аса тура болмады. Мысалы, қашықтық 
қадаммен өлшенеді, әрине, әр адамның қадамының мөлшері әр түрлі болғандықтан 
орта  бір  шаманы  алып  өлшеді.  Өте  үлкен  қашықтықты  өлшеу  үшін,  қадам  тым 
қолайсыз  бірлік  болды.  Сондықтан  Ежелгі  Римде  осындай  алыс  қашықтықтарды 
өлшеу үшін миля қолданылды. Мың қос қадамнан (оң және сол аяқпен) тұратын жол 
осылай  аталды.  Ал  бұдан  да  үлкен  қашықтықтарды  өтулермен  немесе  жүру 
күндерімен  өлшеді.  Джек  Лондонның  «Аппақ  жым-жырттық»  («Белое  безмолвие») 
әңгімесінде үндіс: «Әлі қанша жүреміз?» - деген сұраққа: «Әлі 10 ұйқы, 20 ұйқы, 40 
ұйқы» (яғни тәулік), - деп жауап береді. Эстондық теңізшілер қашықтықты түтікпен 
(труба)  өлшеген.  Олар  кеме  темекімен  толтырылған  трубканы  тартып  болғанша, 
Испанияда  осындай  қашықтық  өлшеу  міндетін,  сигара,  ал  Жапонияда  ат  кебісі 
атқарады.  Олар  ит  аяғына  байланған  тағаның  орнына  қолданылған  кебіс  тозғанша 
өтетін қашықтықты осылай атады (бір ат кебісі, екі ат кебісі т.с.с.). 
Ұзындықты  өлшеудің  ең  кең  тараған  бірлігі  бұл  –  шынтақ,  яғни  шынтақтан 
ұзын ортаңғы саусақтың ұшына дейінгі аралық болды. Көпестер шынтақпен сататын 
бұлдарды  қолына  орап  өлшеген  (әрине,  бұл  жағдайда  сатып  алушыларды  алдауға 
тырысатын).  Шағын  ұзындықтарды  өлшеу  үшін  алақан  қолдың  қоспасының 
жалпақтығы қолданылды. 

№№10-12(55-57), қазан-желтоқсан, октябрь-декабрь, October-December, 2014   ISSN 2307-020X 
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital 
______________________________________________________________
 
 
 
 
98 
Уақыт өлшемі  –  «сағат»,  «минут»,  «секунд»  атаулары бірден пайда болмаған. 
Бұндай атаулар жоқ кезінде іс-әрекетті белгілі уақыт ішінде өтуі немесе бір мезгілде 
басталуы  уақыт  өлшемі  ретінде  пайдаланылған.  Осыдан  қазақ  тілінде  мезгілдік 
мағыналарды  білдіретін  бие  сауым,  ет  пісірім,  тал  түсте,  таң  сәрі,  ел  орынға 
отырарда,  боз  торғай  шырылдағанда,  екінді  мен  ақшамның  арасында  сияқты  сөз 
тіркестері пайда болған. Мысалы: намаздыгер – күн ұясына кірер кез, ақшам – кешкі 
намаз оқитын кез. 
Кеңістік  немесе  қашықтық  өлшемдері  –  «километр»,  «метр»,  «сантиметр» 
деген  атаулары  бірден  пайда  болмаған.  Бұл  атаулар  жоқ  кезде  әр  түрлі 
құбылыстардың  кеңістікке  өту  мөлшері  кеңістік  өлшемдері  ретінде  қызмет  еткен. 
Халықтық  өлшемдердің  қолданылу  барысын  анықтау  үшін  қазақ  ертегілерінің 
ішінен үзінділер алдым. Мысалы: өз белін 12 құлаш орамалмен тартады («Ер Төстік» 
ертегісі).  Бір  күні  Шойынқұлақ  аңнан  қайтып,  Шалқұйрыққа  тұсау  болмаған  соң, 
өзінің  қырық  құлаш  қайыс  белбеуімен  тұсайды  («Ер  Төстік»  ертегісі).  Бала  мен 
қасқырдың арасы бір-ақ сүйем қалды («Сырттандар ертегісі»). 
Құлаш  –  иық  деңгейінде  созылған  екі  қол  ұшының  аралығы.  Сүйем  –  бармақ 
пен  сұқ  сауақтың  аралығы.  Кеңістік  өлшемдеріне  тілде  кез  келген  заттар  мен 
құбылыстардың  атаулары  емес,  сол  тілде  қолданушы  халықтың  шаруашылығына, 
күн көрісіне, тұрмысына, негізгі кәсібіне тікелей қатысты заттар мен құбылыстардың 
атаулары негізге алынған. Мысалы: Әудем жер (Әу дейтін  жер) мағынасы – 100 м. 
Тай шаптырым – 4-5 км, қозы көш жер – 5-6 км, шақырым – 1 км. Дәудің інжілі қара 
арғымағы  бар  бір  шапқанда  100  шақырым  шабады  («Қырық  өтірік»  ертегісі). 
Осындай сөз тіркестері пайда болып, бұлар қашықтық өлшемдерді білдірген. 
Қазақ тіліндегі халықтық өлшемдерге салмақ өлшемдері кірген. Мысалы: ауру 
батпандап кіріп, мысқылдап шығады (Қазақтың мақал-мәтелдері). Кендебай қолына 
100  батпан  шоқпарын  алып,  Керқұла  аттың  барлық  шабысымен  дәуге  қарсы  шаба 
жөнелді  («Керқұла  атты  Кендебай»  ертегісі).  Осы  мысалдарда  мысқал  –  5  граммға 
жуық, батпан – 10 пұт, ал пұт – 16 кг жуық. 
Азық-түлікке  қатысты  өлшемдер  көбінесе  ет,  сүт,  нан,  шай,  тұз,  суға 
байланысты. Бір асым ет, бір тілім нан, бір ұрттам су, бір шөкім тұз, бір салым шай 
т.б. 
Тәулік  мезгілдері  фразеологиялық  тіркеспен  беріліп,  халықтық  өлшем 
мағынасына  ие  болған.  Ертеңіне  таң  сәріде  хан  екі  баласын  шақырып  сұрайды 
(«Керқұла атты Кендебай» ертегісі). Егінші таң сәріде егін орып, шаңқай түсте дем 
алды  («Егінші  мен  қасқыр»  ертегісі).  Сәске  кезінде  бір  топ  киік  өзінің  ересек 
лақтарын  ертіп  суатқа  келді  («Киіктің  айласы»).  Осы  мысалдарда  кездескен 
тіркестер: таң сәрі – жерге жарық түскен кез. Шаңқай түс  – сағат 2 шамасы. Сәске 
түс сағат – 12 шамасы. 
Ғылым  мен  техника  жаңалығы  әлі  де  жете  қоймаған  кезінде  ұлтымыздың 
ұзындықты,  салмақты,  алыс  пен  жақынды  өлшейтін,  жүрген  кезінде  шыққан  сөз 
өнері.  Жазу  өнері  болмаған  соң,  елдің  тарихы,  өмірі,  тұрмысы,  салты,  туған  жері, 
арманы әдемі, мәнді елдің даналығын, тәлімін, танымын, мінез-құлқын түгел білеміз. 
Халқымыз  осы  күнгі  өлшем  құралдары  мен  техникалық  жабдықтар  болмаған 
кездің  өзінде  ұзындық,  ауырлық,  сыйымдылық,  қалыңдық,  тереңдік,  алыстық 
мөлшерлерін  анықтап  тани  білген.  Ол  үшін  арнайы  құралдарды  емес,  дене 
мүшелерін  салыстырма  ретінде  алған.  Оны  мына  төмендегі  жайлардан  анық 
байқауға  болады.  Мәселен,  ұлттық  ұғым  бойынша  кісі  бойы  –  1,70  –  1,75  метр 
шамасы, белуар аяқтың басынан белдікке дейін мөлшер – 1 м 35 см. 
Кере құлаш – кере құлаштағандағы екі қол басының аралығы – 1 м 70 – 75 см. 
Бір құлаш жай қол созған екі қол басының арасы – 1,50 – 1,55 м. Қарыс бармақ пен 

№№10-12(55-57), қазан-желтоқсан, октябрь-декабрь, October-December, 2014   ISSN 2307-020X 
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital 
______________________________________________________________
 
 
 
 
99 
ортан  қолдың  қарсы  аралығы  –  33  –  34  см.  Бір  сүйем  бармақ  пен  сұқ  саусақтың 
керген  аралығы  –  21-22  см.  Сынық  сүйем  –  ортан  буыннан  бүгіп,  кергендегі  сұқ 
саусақ пен бармақтың аралығы – 17 – 18 см. Төрт елі – қатар төрт саусақтың еніне 
тең – 8 см. Үш елі – үш саусақ еніне тең – 6 см. Екі елі – екі саусақ еніне тең – 4 см. 
Бір елі – бір саусақ еніне – 2,5 см. Тұтам – бармақ пен ортан қолдың түйісу аралығы 
(жуандық мөлшері). Адым – жай жүріспен бір басқан адымға тең – 60-62 см. 
Енді  халық  өлшемдерінің  негізі  түрлеріне  жеке-жеке  тоқталайық.  Мұны 
халықтың өзі белгілегеніндей, салмақ өлшемі, көлем өлшемі мен мөлшері, ұзындық 
өлшемі, қашықтық өлшемі, уақыт және мезгіл өлшемдері, азық-түлікке байланысты 
халықтық өлшемдер деп бөлуге болады. 
Салмақ  өлшемдерін  халық  былайша  жіктеген.  Мысқал  (1  гр),  қадақ  (750  гр)  , 
келі  (1  кг),  пұт  (16  кг),  батпан  (100  кг).  Бұл  өлшемдермен  бірге  халық  салмағынан 
жер  ойылғандай,  түйеге  жүк  болғандай  деген  сияқты  бейнелеу,  теңеу  сияқты 
айшықты сөз өрнектерін қолданып, ауыр, жеңіл деген сөздерді де пайдаланады. 
Көлем  өлшемдері  бір  заттың  немесе  малдың  саны,  көлемі  мен  мөлшерін, 
аумағын  шамамен  белгілейді.  Мысалы:  бір  шымшым,  бір  шөкім,  бір  уыс,  қос  уыс, 
бір  тілім  (нан),  бір  түйір  бір  қатық,  бір  шүйке,  бір  құшақ,  бір  қап,  бір  шелек,  бір 
қасық, бір тамшы, бір арқа, бір шана, бір табақ, бір шоқ (үкі, тал), бір топ (адам), бір 
қарын,  бір  сандық,  бір  қалта  тағы  сол  сияқты.  Мал  саны  мен  көлемін  де  осылай 
ажыратады. Яғни бір отар, бір қора, бір табын, бір үйір, он шақты, жиырма шақты. 
Заттың  көлеміне,  аумағына,  кейде  бармақтай,  шынашақтай,  жұдырықтай, 
құмалақтай,  алақандай  деген  теңеу  сөздер  де  қолданыла  береді.  Сұйық  заттарға 
мөлшер сөзі қолданылып, оны мөлшермен есептейді. 
Халық  қалыңдық  өлшемін  де  ұмытпаған.  Мұны  олар  көбінесе  жылқы 
қазысының жұқа, қалыңына қарай айтқан. Айталық,  бұлт, пышақ сырты (бұлар 3-5 
мм  шамасы),  шынашақ,  елі,  бармақ  (бұлар  1-2,5  см),  екі  елі,  сере,  табан  (7-10  см) 
т.с.с.  Басқа  заттардың  қалыңдығы  да  көбінесе  елімен,  яғни  саусақ  қырымен 
өлшенеді. Оны елі дейді. 
Ұзындық  және  қашықтық  өлшемі  мүлде  екі  ұғымды,  екі  түрлі  өлшемді 
білдіреді.  Ұзындық  өлшемдері  бір  заттың  (таяқтың,  арқанның)  ұзындығын 
анықтайтын және ол (1-5 см), екі елі, үш елі, тұтам, сынақ сүйем (14-15 см), сүйем 
(17-18  см),  қарыс,  кере  қарыс  (20-22  см),  кез  (50  см),  аршын  (75  см),  құлаш  (1,80-2 
м),  т.б.  Балтасап,  кебіс  басындай  деген  балық  өлшемдері  де  бар.  Сол  сияқты  ұзын, 
қысқа деп шамамен есептей береді. 
Қашықтық  өлшемдері  жердің  қашықтығын  (ауылдың  ара  қашықтығына) 
қолданылатын  өлшем  екені  белгілі.  Бұл  өлшем  түрлері  былайша  аталады:  адым 
(қадам) – 1 м, таяқ тастам – 10-15 м, әй дейтін жер – 100 м, дауыс жететін жер – 250-
300 м, шақырым – 1 км, иек астында, бір төбе астында – 4-5 км, қозы көш жер – 5-6 
км,  көз  ұшында  –  6-7  км,  тай  шаптырым  –  4-5  км,  құнан  шаптырым  –  8-10  км,  ат 
шаптырым – 25-30 км, бір күндік жер, айшылық жол... т.б. Бұл межелер ауыл ішінде 
бұл күндері жиі айтылады. 
Ел  ішінде  тереңдік, биіктік  өлшемдері  де  бар.  Бұған  терең,  тайыз,  биік,  аласа 
деген  сөздер  қолданылады.  Бір  айта  кетерлік  жай,  жоғарыдағы  аталған  шешімдер 
бір-бірінің орнына жүрмейді. 
Ауа райын бақылау, ыстық, суықты және оның өзіне тән өлшемін белгілеуге де 
халықтың  өзіндік  тәжірибелері  мен  қағидалары  аз  емес.  Қанжылым,  жылы,  ыстық, 
суық,  салқын,  мұздай тағы  да  осылайша  анықтап,  бір  заттың,  судың,  астың  немесе 
ауаның райын белгілейді. Ауа райын жылы, ыстық, қапырық, қайнап тұр, күйіп тұр, 
аспан айналып жерге түскендей, ми қайнайтын ыстық деп жаз айындағы күн райын 
айтса,  қыста:  шуақ,  май  тоңғысыз,  шыбынсыз  жаз,  суық,  салқын,  аяз,  үскірік,  бет 

№№10-12(55-57), қазан-желтоқсан, октябрь-декабрь, October-December, 2014   ISSN 2307-020X 
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital 
______________________________________________________________
 
 
 
 
100 
қаратпас  аяз,  түфу  десе  түкірік  жерге  түспейтін  аяз  деген  теңеулер  арқылы  күннің 
қаншалықты суық екенін анықтап, соған сәйкес әрекет ете бастайды. 
Біздің  халқымыздың  ауыз  әдебиетінде  татымдай,  шынтақтай,  қолдаяқтай, 
таман,  тарта,  торсықтай,  найза  т.с.с.  ретінде қолданылып  келген.  Мысалы:  «Екі  елі 
ауызға төрт елі қақпақ», «Ауру батпандап кіріп, мысқылдап шығады». ХХ ғасырдың 
басына  дейін  ел  ішінде  ХVIII  ғасырдағы  Әз-Тәуке  хан  басшылығымен  жасалған 
әйгілі  «Жеті  жарғы»  заң  негізгі  құқықтық  негізде  шығын  және  құн  мөлшерін  де 
белгілейді.  Дау-жанжал  немесе  ұрыс  кезінде  адам  өлімі  мен  дене  жарақатына  сай 
айын,  күн  өлшемін  бекітті.  Мысалы:  ер  адам  құны  –  100  жылқы.  Біреудің  белін 
сындырған толық құнын төлейді. Бір көзін шығарса, адамның жарты құнын төлейді. 
Ұрыс-төбелесте  бас  бармақ  сынса  –  100,  шынашақ  сынса  –  20  қой  төлейді.  Дене 
зақымынан бала өлі туса: 5 айлық бала үшін – 5 ат, 5 айдан 9 айға дейінгі бала үшін 
әр  айға  бір  түйе.  Аталған  заң  негізінде  100  түйе  300  атқа  немесе  1000  қойға 
теңестірілген (Ақиқат. – №6. – 1993. – 43 б.). Бұл мөлшердің әлеуметтік, мемлекеттік 
маңызы да өте зор болды. 
Саудада  әр  заттың,  малдың  құнын  белгілеуде  де  орайлы  әдістер  мен  жолдар 
таба  білген.  Ақшалай  саудада  тиын  мен  теңгені  алтын,  күміс  жамбы  (қойтұяқ) 
сияқты  құнды  металдарды  қолданған.  Ал,  айырбас  саудада  да  әркімнің  келісіміне 
сәйкес  шамамен  түйені  –  құлынды  биеге,  биені  –  бұзаулы  сиырға,  сиырды  –  тай, 
құнанға  тайды  –  қойға  айырбастаған.  Сөйтіп  мал,  бұйым  саудасында  да  әр  затқа 
лайық келісімді өлшемдері болған. 
Халық өлшемдерін «Математика» пәнін оқытуда негізге алу – оның білімділік 
және тәрбиелік мақсаттарын жүзеге асырумен қатар, халқымыздың салт-дәстүрлері, 
әдет-ғұрыптарын  қастерлеп,  оқушыларды  ұлттық  мақтаныш  рухында  тәрбиелеуде 
үлкен маңызы бар. 
Халық  өлшемдері  оқушылардың  сөйлеу  мәдениетін,  сөздік  қорын  байытуға 
септігін  тигізеді,  әрі  пәнге  деген  қызығушылығын  туғызады,  ынталандыра  түседі. 
Халқымыздың бала тәрбиесінде атам заманнан жинаған мол тәжірибесі бар. Оның ең 
жақсы  қасиеттерімен  байытып,  ұл-қыздарының  бойына  сіңіру,  халықтық  тәрбие 
беруді  саралап,  ұлттық  тәлім-тәрбие  дәстүрімен  тығыз  байланыста  дамыту  және 
ұрпақтан-ұрпаққа жалғастыру көзделеді. 
Бүгінгі қоғам бізден ұлттық дәстүрдегі тіл үлгілерін жетік білумен бірге тілдік 
дағдыларды  қалыптастыруды  талап  етеді.  Халық  өлшемдерінің  қырлары  өте  көп. 
Ата-бабаларымыздың  тұрмыс-тіршілігінде  қолданып  келген  өлшем  бірліктерін 
ұлттық  мұрамыз  деп  есептеп,  келешек  ұрпаққа  жеткізу  үлкен  міндеттердің  бірі 
болып табылады деп есептеймін. 
Қазақ  халқы  баланы  тәрбиелей  отырып,  танымын  кеңейткен.  Білім  бере 
отырып тәрбиелеген. Халық өз бойындағы ең жақсы қасиеттерін жеткіншек ұрпаққа 
күнделікті тұрмыста үйретіп, бала бойына сіңіріп отырған. 
Өзімнің  машықтану  кезімде  қазақ  халқының  өлшем  бірліктерін  оқи  отырып, 
математикада  қазақтың  өлшем  бірліктерін  оқи  отырып,  математикада  қазақтың 
өлшем  бірліктерін,  шығу  тарихымен  таныса  отырып,  қазіргі  өлшем  бірліктерінің 
баламаларын  анықтауға,  яғни  қатар  қолдануға  болатын  мүмкіндіктерін  негізге 
алдым. 
Әдебиеттер 
1 Кенжеахметов С. Жеті қазына. – Алматы: Ана тілі, 2000. – 49-52 бб. 
2 Нұрмахамбетов Ә. Сөз сырына саяхат. – Алматы: Жалын, 1990. – 62 б. 
3 Қырық қазына. Қазақ халқының ауызша есептері. – Алматы: Мектеп, 1989. 
4 Ақиқат. – №6. – 1993. – 43 б. 
 

№№10-12(55-57), қазан-желтоқсан, октябрь-декабрь, October-December, 2014   ISSN 2307-020X 
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital 
______________________________________________________________
 
 
 
 
101 
ТОҚТАШОВА Ақерке, 
№199 орта мектебінің 7 сынып оқушысы, Төребай би ауылы, 
Қармақшы ауданы, Қызылорда облысы, Қазақстан Республикасы 
 
Жетекшісі: ӨСЕРБАЕВА Ақмарал Абуталипқызы, 
№199 орта мектебі «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінің мұғалімі, 
Төребай би ауылы, Қармақшы ауданы, Қызылорда облысы, 
Қазақстан Республикасы 
 
СИЫР СҮТІНДЕ САНСЫЗ СЫР БАР 
 
Кіріспе. Зерттеу тақырыбының көкейкестілігі. Түркі дүниесінде сүтті киелі 
сұйықтық  деп  санап,  оны  бір  сөзбен  айтқанда,  «ақ»  немесе  «ағарған»  деп  атаған. 
Жүгі нарда, қазаны теңде болып көшпелі ғұмыр кешкен халқымыз мыңдаған жылдар 
мал  өсірумен  және  оның  қыр-сырын  терең  меңгерген,  сүтін  тағам  ретінде  ұтымды 
әрі  сәтті  пайдалана  білді.  Мысалы:  бие  сүтінен  қымыз,  түйе  сүтінен  шұбат,  сиыр, 
қой, ешкі сүтінен, айран, май, қаймақ, құрт, ірімшік т.б. алуан түрлі тамаша тағамдар 
жасап, даланың дарқан дастарханын барынша байытты. 
Асты,  тағамды  адам  өмірінде  тіршілікке  қажетті  құндылықтарымыздың 
бәрінен  жоғары  қойған,  дертіне  ем,  денесіне  қуат  беретін  ұлттық  тағамдарымыз 
тіршіліктің  байлық-қоры  саналған.  Төрт  түлік  малдың  ішіндегі  түйе,  қой  сиыр 
малдарының  сүтінен  құрт  жасайтыны  белгілі.  Бірақ  сиыр  малының  сүтінен 
құртымен бірге ірімшік пен сары май өнімі алынады және оны ұзақ сақтауға болады. 
Құрт  пен  ірмішікті  2-3  жыл  сақтауға  болады.  Ал  сары  майды  тортасынан  айырып, 
яғни  күйдірп,  4  жылға  дейін  сақтауға  болады.  Ұзақ  сақталған  сары  майдың  түсі 
ағарады  екен.  Ал  құрт  пен  ірімшіктің  көлемі  кішірейіп,  сарғыш  түстеніп,  қатты 
болып, беки түседі. Бұлардың адам ағзасына пайдасы мол дәрумен екенін халқымыз 
айтып кеткен және ғалымдар дәлелдеп, жинақтап, зерттеген. 
Ауылымда  төрт  түліктің  бірі  сиыр  малын  сауып,  сүтін  пайдаланып  отырған 
үйлер  көп.  Оның  ішінде  ұзақ  сақталатын  құртын,  ірімшігін,  күйдірген  сары  май 
өнімдерін  пайдаланады.  Бұны  қазіргі  көз  қызығарлық  қалташалар  мен  құтыларға 
«кириешки»,  «чипси»,  «тәтті  қытырлақтар»  және  түрлі  бояулар  қосылған  тәтті 
пасталы,  адам  ағзасына  зиянын  біле  тұра,  тұтынып  жүрген  тағамдарымыздың 
орнына  осы  өзіміздің  ұлттық  тағамдарымыздың  ішіндегі  құрт  пен  ірімшікті, 
күйдірген сары майды неге пайдаланбасқа? - деген ой мазалап, ойымды дәлелдеуге 
және көпшіліктің назарын аударуға тырыстым. 
Зерттеу жұмысының мақсаты: төрт түлік малдың бірі сиыр малының сүтінен 
жасалатын  тағамдардың  ішінен  ұзақ  уақыт  сақтауға  болатын  құрт,  ірімшік, 
күйдірген сары майдың адам ағзасына пайдасы туралы жинақтап, зерттеу. 
Зерттеу  жұмысының  міндеттері:  сиыр  сүтінің  құрамы  мен  қасиеттеріне 
тоқталу;  сиыр  сүтінен  жасалатын  тағамдарды  топтастыра  отырып,  ұзақ  сақталатын 
құрт,  ірімшік,  күйдірілген  сары  майдың  жасалу  жолдарын  тәжірибеде  жасау;  осы 
тағамдардың адам ағзасына пайдалы екенін және түрлі емдік қасиеттері болатынын 
жеткізу;  сүттің  жалпы  атауы  «ақ»  деп  аталғандықтан  оған  байланысты 
құндылықтарды зерделеу. 
Зерттеу  әдістері:  тақырып  бойынша  әдебиеттер  жинақтау,  тәжірибелік 
жұмыстар жасау, қорытындылау, әңгімелесу, сұхбат. 
Зерттеу  жұмысының  маңыздылығы.  Зерттеу  барысында  «ақтың»  –  сүттің 
қасиеттерін, тәрбиелік мәнін, сақталу мерзімін, сұйықтық өлшемдерін, салт-дәстүрге 
қатысты ұғымдарын жинақтай отырып, бірнеше топқа бөлдім. 

№№10-12(55-57), қазан-желтоқсан, октябрь-декабрь, October-December, 2014   ISSN 2307-020X 
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital 
______________________________________________________________
 
 
 
 
102 
Ғылыми  жұмыстың  маңызы:  жастар  мен  мектеп  оқушыларына  ұлттық 
тағамдарымызды қадірлеуге, құрт, ірімшік, күйдірілген сары майдың адам ағзасына 
пайдасын дәріптеу, ұзақ сақталатын маңыздылығын, қадір-қасиетін ұғындыру. 
Сиыр  сүтінің  құрамы  мен  қасиеті.  Ерте  замандарда  ірі  қараны  қатты 
қастерлеген, кейде тіпті оны тәңірі тұтқан. Мысалы, вавилондықтар патшаларды бас 
пішінін  адамның  жүзіне  ұқсас  қанатты  өгіз  кейпінде  бейнелеген.  Өздеріңіз 
білетіндей, Үндістан  халқы  сиырға  табынады.  Үндістан  астанасы  Делиде  тротуарға 
көлденең  түсіп  жатып  алған  сиырды  қумай,  құрметтей  қарап,  айналып  өтетінін 
қазіргі уақытта да көруге болады. 
Ал  біздің  халқымызда  сиыр  малына  байланысты  өзіндік  нанымдары  бар. 
Өрістен  қайтқан  сиырдың  аузында  шөп  болса,  сол  жылы  қуаңшылық  болады.  Ірі 
қара  үй  іргесін  ықтай  берсе,  ауа  райы  бұзылады.  Егіс  түсімді  болу  үшін  сойып 
желінген өгіздің немесе сиырдың бас сүйегін егіс басына ілген жөн. Сиыр танауын 
тартып,  мүйізін  шайқаса,  дауылдатады  немесе  боран  соғады.  Сиырдың  мүйізі  өз-
өзінен сынса, сүті көбейеді. 
Осы  сиыр  сүтінің  құрамы  жайлы  Қармақшы  аудандық  санитарлық-
эпидемиологиялық  сараптама  орталығы  санитарлық-гигиеналық  зертханасының 
тағам гигиенасы бөлімінің лабораттары Қосқожаева Рысбике мен Ерсейтова Гүлнар 
апай сиыр сүтінде: В1, Д, А1 дәрумендері бар. Құрамында: су – 87,5%, сүт қанты – 
4,7%, май – 3,9%, ақуыздар – 3,3%, минералды заттар – 0,7%, қышқылдығы – 20
0
С, 
21
0
С  болатынын  көрсетті.  Сүттің  минералдық  құрамы:  макроэлеметтер  (калций, 
фосфор,  натрий,  калий,  күкірт, хлор,  магний т.б.)  және  микроэлементтерден  (цинк, 
мыс,  темір,  күміс,  т.б.)  тұрады.  Сондай-ақ  ферменттер,  гормондар,  иммуындық 
денелер,  газдар  да,  кездеседі.  Сүт  құрамындағы  вегативті  микробты,  оның  ішінде 
патогендік  түрін  жою  үшін  пастерлеу  әдісін  қолданды.  Мұндай  өңдеу  ісі  француз 
ғалымы  Луи  Пастердің  есімімен  «пастерлеу»  деп  аталған.  Мұндай  өңдеу  сүт 
бойындағы табиғи дәрумендерін жойып жібереді. 
Сүтті  қанша  пастерлеп,  жабық  қораптарға  құйып,  сатылымға  шығарғанмен, 
оның сақталу уақытының да шектеулі екенін ескеріп, ашқаннан кейін 1-2 тәуліктен  
асқаннан кейін қолдануға болмайды. Зияны бар екенін, қораптың сыртында қолдану 
уақыты  өткеннен  кейін  пайдаланбаңыз  деп  жазулы  тұратынын  көресіздер.  Сүттің 
құнарлылығын  бойына  сақтап,  азық  ретінде  қор  жинаған  халқымыз  мұндай 
қиындықтардан қалай шыға білген?! 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет