10 Аманггелді атындағы жалпы орта білім беретін мектеп Бастауыш сынып



бет2/6
Дата07.01.2022
өлшемі0,94 Mb.
#18436
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
әдебиет әлемі факултатив

2015-2016 оқу жылы



Мазмұны
1. Түсінік хат.....................................................................
2.Авторлық бағдарламаның әзірлеу технологиясы............
3. Факультатив сабақтың күнтізбелік жоспары...................
4. Факультатив сабақтың күнделікті жоспары.....................
5. Қорытынды............................................................................
6.Пайдаланған әдебиеттер.......................................................

Түсінік хат

Бұл кітапша – 2-сыныптың жаңа сипаттағы «Әдебиеттік оқу» оқулығына қосымша оқу құралы ретінде, оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, құрастырылды. Бұл ретте бастауыш сыныптың оқу бағдарламасы басшылыққа алынды. Кітап бағдарламадан, әдістемелік құралдан және дидактикалық материалдардан тұрады.

Қазіргі кезде мектептің алдына қойылатын мақсат – бастауыш сыныптарда қолданылатын технология жеке тұлғаның ойдағыдай қалыптасуына ықпал етіп, баланың өзімен - өзі ,айналадағы адамдармен, отбасымен, құрбы – құрдастарымен дұрыс қарым – қатынас жасай білуге тәрбиелеуді іске асыратындай болуға тиіс.

Жеке тұлғаның қалыптасуына қажетті өлшемдер: бала өзгермелі жағдайларға үнемі икемделіп, өзінің бойында бар мүмкіндіктерін, туғаннан берілген нышандарын толық жарыққа шығара алатындай болғаны дұрыс.

Бағдарлама төмендегідей тараулардан тұрады. Мұнда халық ауыз әдебиеті үлгілері, жерлес ақын-жазушылардың шығармалары ,еңбектері, елге сіңірген еңбектері енгізілді. Соның нәтижесінде жас шәкірттің ой-өрісін оқу бағдарламасының талаптарына сәйкес дамыту ескерілді.

1.«Білім –керек бәріне» тарауында, Қазақстанның болашағы білімді ұрпақ екенін, білімді адам- күшті, ақылды, тапқыр болатыны түсіндіріліп, оқушы білімінің сапасын арттыру арқылы өзіндік тұжырымын, көзқарасын ұғындыру.

2.«Атадан қалған асыл сөз» тарауында «Өнер алды – қызыл тіл» дегендей, халқымыз ежелден сөз ұстаған шешендерін қадірлеп, олардың ұлағатты сөздерін еске сақтап, ұрпақтан – ұрпаққа жатқа айтып жеткізіп отырғанын ұғындыру арқылы, жүйелі сөз, ақылды ой айта білуге үйренеді.

3.« Неткен сұлу ,неткен көркем, осы менің туған өлкем » тарауында, оқушыларды туған жерін сүюге, оны қадірлей білуге үйрете отырып, өз ауылымыздан шыққан, Атырау өңірінің күйші, ақын, майдангер аға - апаларымыздың өмір тарихтарымен оқып, танысады.

4.«Қыста талай қызық бар » тарауында «Табиғат - алтын бесік» Абайдың жыл маусымдарына жазған өлеңдері арқылы табиғатты сүйе білуге, қорғауға, экологиялық тәрбие беруге үйретіліп, дүниетанымын жетілдіруге машықтанады.

5. «Бабалар өмірі ұрпаққа өнеге» тарауында ұлтымыздың ұлы тұлғаларының ұлағатты сөздерін, ұлтжанды, ұлылық ұстанымдарын жас ұрпақ бойына сіңіру арқылы ізденуге, көп білуге үйрету.

6. «Адам болам десеңіз» тарауында «Бейнетсіз рақат жоқ », «Ердің атын еңбек шығарар » дегендей елге еңбегі сіңген аталарымыз бен ағаларымыздың еңбек жолдарымен таныстыру арқылы жас ұрпаққа кәсіптік бағдар беруге , мамандық таңдай білуге баулу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет