10 Аманггелді атындағы жалпы орта білім беретін мектеп Бастауыш сынып


Таңдау пәнінің бағдарламасы. 2 -сынып



бет5/6
Дата07.01.2022
өлшемі0,94 Mb.
#18436
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
әдебиет әлемі факултатив

Таңдау пәнінің бағдарламасы. 2 -сынып.

/барлығы 34 сағат, аптасына 1 сағат/

Оқу материалы төмендегі көрсетілген тарауды құрайды:

1.Білім –керек бәріне 2.Атадан қалған асыл сөз 3.Неткен сұлу ,неткен көркем, осы менің туған өлкем 4.Қыста талай қызық бар

5. Бабалар өмірі ұрпаққа өнеге 6. Адам болам десеңіз

Көркем шығармалар бөлімі балалар әдебиетінің 2 саласын қамтиды.

1. Ауыз әдебиеті үлгілері

2. Жазба балалар әдебиеті үлгілері

Ауыз әдебиеті үлгілерінен : * Төрт түлік жыры * Аңыз әңгімелер * Батырлар жыры

* Айтыс үлгілері * Шешендік сөздер * Ұлттық дәстүрлер

Жазба балалар әдебиеті үлгілерінен:

* Өлеңдер * Мысалдар * Әңгімелер * Мақала, очерк


Әдебиеттік оқу пәнінен оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар.

Шығармаларды оқу:

- Орфографиялық талаптарға сай оқу

- Дыбысты, буынды, сөзді түсірмей анық айту.

Түсініп оқу:

- Сөз, сөйлем мәнін ұғынып оқу

- Дауыс ырғағын сақтап оқу

Шапшаң оқу:

- Бірінші жарты жылдықта 30 – 35 сөз оқу

- Екінші жарты жылдықта 40 – 50 сөз оқу

Мәнерлеп оқу:

- Әуезді сазды ерекшелігін сақтау

- Сөз екпіндісін дұрыс қойып оқу

- Ой екпіндісін дұрыс қойып оқу

- Кейіпкердің көңіл-күйін сезіне оқу

Берілетін білім:

- Ауыз әдебиеті үлгілерін білу

- Қазақ балалар әдебиетінің поэзиялық және прозалық шығармаларын

білу.

- Әлем балалар әдебиетінің көрнекті шығармаларын білу



- Оқыған шығарманың авторын білу

- Жанрлық ерекшелігін білу /өлең, мысал, әңгіме/

- Бастапқы әдеби түсінікті білу /пейзаж, сюжет, тақырып, негізгі ой, портрет, мінездеме, юмор, монолог, диалог)

- Әдеби тілдің бейнелегіш-көркемдегіш, құралдарын пайдалана білу

- Кейіпкер іс-әрекеті туралы көрсете алу

- Оқығаннан алған әсерін көрсете алу

- Жоспар құра білу

- Шығармадағы оқиғаны сақтап айта білу

- Шағын шығарманы толықтырып құрастыра білу

- Сынып бойынша белгіленген 4-5 үзінді, 6-9 өлеңді жатқа айта білу

- Жыл бойына 6 мазмұндама, 5 шығарма жазу

- Балаларға арналған басылымдарды пайдалана білу

- Сахналық көріністі көрсете білу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет