Бағдарламаның мақсаты: Оқушылардың ана тіліне қабілетін,қиялын, ойлауын, есте сақтауын, шығармашылық дағдыларын дамыту.
Бағдарламаның міндеті: Оқу сапасын ( дұрыс, түсініп, шапшаң, мәнерлеп) жетілдіру;
ақын –жазушылардың балаларға арналған шығармаларының атын, жетекші тақырыбын, басты кейіпкерлерін , негізгі мазмұнын білгізу;
Оқушы қиялын, тіл байлығын, сөздік қорын, есте сақтау қабілетін ұштау;
Бағдарламаның өзектілігі:
1. Білім беру процесінде жауапкершіліктің бір бөлігін оқушылардың өздеріне жүктеу.
2. Баланың білім мен білігін қалыптастыру үшін - айналадағы адамдар мен әлеуметтік қарым – қатынасқа түсу.
Оқушыларды әдебиетке баулуда оқушы мен мұғалім, оқушы мен ата – ана арасында байланыс нығайып, көрген – білгенді көкейге тоқып, көп үйреніп ізденудің арқасында шебер сөйлеуге жаттығып, танымдық, шығармашылық қабілеттері артты. Ал, тәжірибе көрсеткендей, шығармашылықпен жұмыс жасаған оқушының дүниетанымы артады.
Достарыңызбен бөлісу: |