10 апта Бастауыш мектептегі оқыту əдістері



бет2/5
Дата28.04.2023
өлшемі35,52 Kb.
#88214
түріРассказ
1   2   3   4   5
Байланысты:
дидактика 10 апта

Иллюстрация арқылы мұғалім көрнекілік құралдардың көмегімен оқылып жатқан құбылыстың дəл, анық жəне түсінікті образын жасайды. Иллюстрацияның функциясы теориялық қағидаларды негіздеу үшін формаларды, құбылыстың мəнін, оның құрылымын, байланыстарын, өзара əрекетін образды көрсету болып табылады. Иллюстрация бүкіл пəндерді оқытқанда қолданылады. Иллюстрация ретінде натуралды жəне жасанды жасалған заттар қолданылады: макеттер, моделдер, муляждар, көркемөнер шығармалары, фильмдердің, əдебиеттің, саздың, ғылыми шығармалардың бөліктері; карталар, схемалар, графиктер, диаграммалар. Иллюстрацияны тым өрескел қолдану оқушылардың ойлау процесінің дамуын тежейді.
Видеоəдіс. Соңғы жылдары мектеп практикасында ақпаратты экран көздері /кодоскоп, проекторлар, кионаппараттар, оқу телевидениесін, видеомагнитофондарды, компьютерлер/ кеңінен пайдалануда, сондықтан оны оқытудың жеке əдісі ретінде қарастыруға негіз бар. Видеоəдісті барлық дидактикалық функцияларды орындауға қолдануға болады: білім беруге, тексеруге, бекітуге, қайталауға, жалпылауға, жүйелеуге.
Оқулықпен жəне кітаппен жұмыс – оқушыны дербес жұмысқа қатыстырудың амалы: конспектілеу /оқығанды қысқаша баяндау, қысқаша жазу/, мəтіннің жоспарын құру /оқыған мəтінді бөліктерге бөлу жəне оларға ат беру/, тезистеу /оқыған мəтіннің негізгі ойын қысқаша баяндау/, сілтеме жасау /мəтіннің сөзбе-сөз бөлігін беру, сілтеме жасаған көздің мəліметтерін беру: авторы, жұмыстың аты, шыққан орны, шыққан жылы, беті/, аннотациялау /мəнді мағынасын жоғалтпай оқығанның мазмұнын қысқаша баяндау/, пікір беру /еңбекке өз қатынасын көрсететін пікір беру/, анықтама құру /статистикалық, биографиялық, библиографиялық, терминологиялық т.б. сипатындағы мəліметтерді жинақтау/, формальды-логикалық модельді жасау /оқығанды сөздік-схема күйінде көрсету/, тақырыптық тезаурусты құру /тақырып немесе бөлім бойынша
базалық ұғымдардың кешенін жасау/, идеялардың матрицасын құру /белгілі бір тақырып бойынша əр түрлі автордың ойларын, идеяларын беру/.

  1. Практикалық əдістерге жататындар: жаттығулар, лабораториялық əдіс, практикалық əдіс, танымдық /дидактикалық/ ойындар.

Жаттығу - əрекетті меңгеру немесе оның сапасын көтеру мақсатындағы мақсатты түрде ұйымдасқан қайтадан қайталайтын оқыту əдісі болып табылады. Дұрыс ұйымдастырылған жаттығусыз оқу жəне практикалық іскерліктер мен дағдыларға ие болу мүмкін емес.
Жаттығуларды былайшы бөледі: арнайы /оқу, еңбектік іскерліктер мен жаттығуларды қалыптастыруға бағытталған көп рет қайталанатын жаттығулар/, /туынды/ /бұрыннан қалыптасқан дағдыларды қайталауға жəне бекітуге септігін тигізеді/, түсінік беріп отырылатын (орындалып жатқан əрекетке мұғалімдер мен оқушылар түсінік беріп отырады).
Оқыту процесінде ауызша жаттығулар кеңінен қолданады. Ауызша жаттығудың қолданатын орындары: оқудың, ауызша есептеудің, баяндаудың, білімді логикалық баяндаудың т.б. техникасы мен мəдениетін меңгеру.
Жазбаша жаттығулар /стилистикалық, грамматикалық, орфографиялық диктанттар, шығармалар, конспектілер, есептер шығару, тəжірибені суреттеу т.б./ оқытудың маңызды компонентін құрайды. Олардың басты міндеті: қажетті іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру, дамыту жəне бекіту.
Графиктік жаттығулар математиканы, физиканы, сызуды, география, сурет салу сабақтарында, сонымен бірге өндірістік оқыту процесінде қолданылады.
Лабораториялық-практикалық жаттығулар еңбек құралдарын, лабораториялық жабдықтарды /приборлар, өлшеуіш аппаратуралары/ қолдануға дағдысына үйретеді, конструкторлық-техникалық іскерліктерді дамытады.
Өндірістік-еңбектік жаттығулар оқу немесе өндірістік сипаттағы арнайы жасалған еңбектік əрекеттердің жүйесі болады.
Жаттығуға қойылатын талаптар: іс-əрекеттің сапасын арттыруға оқушылардың саналы бағытталғандығы; іс-əрекетті орындаудың ережесін білуі; орындалатын жағдайды саналы есепке алу жəне қадағалау; алынған нəтижені есепке алу; қайталануды уақытқа бөлу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет