10-дәріс. Лексикологияның зерттеу нысаны



бет2/4
Дата03.04.2023
өлшемі42,9 Kb.
#78578
түріҚұрамы
1   2   3   4
Байланысты:
10 ТБК Лексикология

Сөз тудыруға ұйытқы. Негізгі сөздік қор болмаса сөздік құрам молайып байымас еді. Күн – күндіз, күнгей, күнім, күндік, күндес, күнелту, күнделік, күнара, т.б.
Жалпыхалықтық сипаты. Сөздік қордағы сөздер қазақ тілінде сөйлейтін адамдардың барлығына түсінікті, мұнда қызметі, кәсібі, жасы дегендерге шек қойылмайды;
Ондағы сөздерге стильдік қабаттасулар тән емес, яғни жалпыхалықтық болған соң, лексиканың ең негізгі саласы, жалпы қолданыстағы сөздер.
Жиырмасыншы ғасырдың 50-ші жылдары Моррис Сводеш туыстас тілдердің бөліну (ыдырау) уақытын анықтайтын әдіс ойлап тапты. Ол лексикостатистикалық әдіс (подход) деп аталды. Тілдердің абсолютті ыдырау уақытын есептеу үшін сөздердің арнайы тізімі жасақталды. Сводеш тізіміне барлық тілдерде кездесетін негізгі (базалық) ұғымдардың атаулары кірді (мысалы, жалпы зат есімдер, етістіктер, сын есімдер, үстеулер, дене мүшелерінің атаулары, туыстық терминдер, бірден беске дейінгі сан есімдер, түс атаулары) [183]. Осы ұғым атаулары базистік лексика деп аталынады. Базистік лексиканың өзгеруі өте баяу жүреді. Олардың өзгеруі мыңжылдықтармен есептелінеді. Лексикостатистикалық әдіс және оның компонеті глотохронологияның формуласы мынадай:

Осындағы t – мыңжылдықтардағы уақыт межесі (временная глубина в тысячелетиях), С – ортақ туыс сөздердің проценті (процент общих родственных слов), ал r – универсалды тұрақтылық (“универсальная” константа или скорость сохранения). 1000 жылда базалық 14 сөз өзгереді [184]. Әдетте, Сводеш тізімінде 100-200 базистік сөз болады. Мысалы, қазақ пен чуваш тілінің ыдырау уақытын есептеу үшін 100 тұрақты сөздің тізімі жасалады. Осы тізімде 100 сөздің 86 пайызы сәйкес келетін болса, онда қазақ пен чуваш тілінің дифференцациялану уақыты шамамен 1000 жылды құрайды. Яғни, 1000 жыл уақытта 14 базистік лексика өзгеріске ұшыраған деген сөз. Сонда қазақ пен чуваш тілінің ажыраған уақыты – 1100-ші жыл немесе 12 ғасыр1.
Қазіргі таңда Сводеш тізіміне негізделген ауқымды деректер базалары жасақталды. Мысалы, Австронезиялық базистік лексика деректер базасында 1641 тілдің 315740 лексикалық бірлігі қамтылған (https://abvd.shh.mpg.de/austronesian/). Бұл деректер базасында негізгі 210 ұғымның атауы берілген2 [185].

Кесте 10 – Сводеш тізімі [185]





Сын есімдер

жаман, үлкен, суық, шынайы, лас, құрғақ, түтіккен, жақсы, ауыр, ұзын, тар, жаңа, ескі, ауру, шіріген, өткір, қысқа, ұялшақ, кішкентай, қалың, жұқа, жылы, дымқыл, кең

Жан-жануарлар

құс, ит, жұмыртқа, балық ,тышқан, егеуқұйрық, жылан, өрмекші, құрт

Дене мүшелері

қарын, қан, сүйек, кеуде, құлақ, көз, шаш, қол, бас, ішек, аяқ, бауыр, ауыз, мойын, мұрын, иық, тері, тіл, тіс

Түстер

қара, жасыл, қызыл, ақ, сары

Бағыттар

жоғарғы, төменгі, алыс, жақын, сол, оң

Сан есімдер

бір, екі, үш, төрт, бес, алты, жеті, сегіз, тоғыз, он, жиырма, елу, жүз, мың

Адамдар

бала, әке, күйеу, еркек, ана, әйел, адам

Есімдіктер

сіз, біз, ол, мен, сен, қашан, кім, не, барлығы, мынау, анау

Өсімдіктер

бұтақ, гүл, жеміс, шөп, жапырақ, тамыр

Басқа да зат есімдер

күл, бұлт, күн, шаң, жер/топырақ, май, от, тұман, үй, көл, найзағай, ет, ай, ине, түн, жаңбыр, жол, арқан, тұз, құм, теңіз, аспан, түтін, жұлдыз, таяқ / ағаш, тас, күн күркіреуі, су, жел, орман, жыл

Етістіктер

тістеу, үрлеу, тыныс алу, күйдіру, сатып алу, шайнау, таңдау, өрмелеу, келу, пісіру, санау, жылау, кесу, өлу, қазу, армандау, ішу, тамақтану, құлау, қорқу, ағу, ұшу, өсу, есту, жасыру, ұру, ұстау, аң аулау, өлтіру, білу, күлу, жату, өмір сүру, ашу, отырғызу, сөйлеу, тырнау, көру, тігу, ату, отыру, ұйықтау, иіскеу, түкіру, тесу, қысу, тұру, ұрлау, сору, ісіну, жүзу, ойлау, лақтыру, байлау, айналдыру, серуендеу, жүру, жұмыс істеу, есу

Ұқсастықтарды бағалаудың автоматтандырылған бағдарламасы (ASJP) атты деректер базасында әлемдегі тілдердің 3/2 бөлігін қамтылған [186]. Бұл деректер базасында да қазақ тілі материалдары бар (https://asjp.clld.org/languages/KAZAKH). Қазақ тіліндегі негізгі ұғым атаулары:


мен, сен, біз, бір, екі, кісі, адам, балық, ит, бит, ағаш, жапырақ, тері, қан, сүйек, мүйіз, құлақ, көз, мұрын, тіс, тіл, тізе, қол, көкірек (кеуде, төс), бауыр,ішу, көру, есту, өлу, келу, күн,жұлдыз, су, тас, от, жол, тау, түн, толу, жаңа,ат (есім), кім, не, күллі, әйел, ер адам, жүрек, жеу, деу (айту), ай, тамыр (түбір деп берген), құс, май, қабық, т.б.
Кейінгі 10-15 жылда лингвистер осындай ауқымды деректер базасындағы материалдармен жұмыс жасауда. Бұл зерттеу жұмыстарының негізгі міндеті қай уақытта макротілдер ыдырай бастаған деген сауалға жауап беру болып табылады. Сонымен қатар, деректер базалары прототілдің отанын анықтау, сөздердің дыбыс символикалық негіздерін көрсету үшін де қолданылады. Мысалы, Пейжел және оның әріптестері есептеу әдістері негізінде Еуразия макросемьясының (жеті семья: алтай, орал, үнді-еуропа, картвель, дравид, чукотка-камчатка, иниут-юпик) ыдыраған уақытын Мұз дәуірінің соңғы кезеңімен байланыстырады. Статистикалық зерттеудің нәтижесі бойынша тілдердің ыдырау уақыты – ~14 450 жыл. Ғалымдар тобы М.Сводештің базистік лексика тізімін LWED-тегі (The Languages of the World Etymological Database) прото-сөздер арқылы жасады. Олар күнделікті өмірде ең жиі қолданылатын 23 лексикалық бірлікті анықтаған. Осы тізімдегі сіз, мен, кім, емес, анау, беру, біз (thou, I, who, not, that, to give, we) деген лексемалардың 7 макротопта да тұлғасы мен мағынасы ұқсас болуына байланысты ең көне бірліктер деп танылған [187].


Кесте 11 Ең жиі қолданылатын сөздердің тізімі [187]





Mағынасы

Еуразия макросемьясындағы
қанша прототілде кездесуі

1

Thou (Сіз)

7

2

I (Мен)

6

3

Not (Емес)

5

4

That (Анау)

5

5

We (Біз)

5

6

To give (Беру)

5

7

Who (Кім)

5

8

This (Мынау)

4

9

What (Не)

4

10

Man/male (Ер)

4

11

Ye (Сен)

4

12

Old (Кәрі)

4

13

Mother (Ана)

4

14

To hear (Есту)

4

15

Hand (Қол)

4

16

Fire (От)

4

17

To pull (Тарту)

4

18

Black (Қара)

4

19

To flow (Ағу)

4

20

Bark (Қабық)

4

21

Ashes (Күл)

4

22

To spit (Түкіру)

4

23

Worm (Құрт)

4

Қазіргі таңда лингвистер өзге ғылымның әдістері негізінде уақыт межесін анықтауға тырысып жатыр. Мәселен, биология ғылымында Цукеркандл и Полинг молекулярлық сағат идеясын ұсынған болатын. Бұл бойынша биологиялық түрлердің ыдырау уақытын, таралуын, т.б. анықтауға болады. Кейінгі 30 жылда есептеу әдістерінің түрлері көбейді. Солардың бірі – байестік филогенетикалық әдіс. Осы әдіс негізінде үнді-еуропа, семит-хамит, австронезия тілдерінің ыдырау уақытын анықтаған жұмыстар 2000-шы жылдардың бастап дүниеге келе бастады.
Байестік филогенетикалық әдіс негізінде үнді-еуропа, семит-хамит, австронезия тілдерінің ыдырау уақытын бағалаған жұмыстарды атап өтуге болады. Жалпы үнді-еуропа тілдерінің шығу туралы шамамен 14-ке жуық гипотеза бар екен (Mallory J. P.. 1989). Ғалымдар осылардың арасынан екі негізгі болжамды тексерген. Оның біріншісі – археологиялық және тілдік фактілер негізінде жасалған Гимбутастың «қорған» болжамы. Шамамен, б.з.д. – 6000-5000 жыл. Гимбутастың пікірінше, үнді-еуропалықтардың отаны – Оңтүстік Ресей мен Украина. Осы аймақтан шыққан халықтар ең әуелі Дунайлық Европаны, Орта Азияны, Индияны, содан кейін барып Балқан мен Анатолияны бағындырған (Trask L.. 1996). Сонымен қатар, бұл болжам бойынша жылқыны қолға үйреткендер үнді-еуропалықтар деп саналады. Мысалы, бұл тілдерде кең тараған сөздерге мыналар жатады: ‘дөңгелек-колесо’ (*rotho-, *kW(e)kWl-o-), ‘өс-ось’ (*aks-lo-), ‘қамыт-ярмо’ (*jug-o-), ‘ат-horse’ (*ekwo-) and ‘көлікте тасымалдау’ (*wegh-) (Pagel M.. 1999). Біздіңше, жылқыға қатысты болжамды мұқият тексеру қажет. Себебі үнді-еуропа тілдеріндегі жылқыға қатысты кейбір сөздер түркінің сөзі екені көзге бірден байқалады. Мысалы, Перун деген мифтік бейненің атауы «пер» - ұр, соқ деген түркінің сөзі арқылы жасалған. Және жылқыны құрбандыққа шалу, бас терісін бейітке іліп қою, қысты күні сою (соғым), т.б. секілді жоралғы-салттар көшпелі болған халықтарда әлі де сақталуда.
Үнді-еуропа тілдерінің таралуы туралы екінші болжамды археолог Renfrew ұсынды. Ол бұл тілдердің таралуын 8000-9500 жыл бұрын Анатолиядағы ауылшаруашылығының дамуымен байланыстырды. Renfrew «қорған теориясының» лингвистикалық аргументтері бірнеше түсініксіз протоүнді-еуропалық сөздерге негізделген деп тұжырымдайды. Ол параллельді семантикалық ауысулар прототілде жалпы терминді қажет етпестен әртүрлі тілдерде ұқсас формалар жасай алатынын атап өтеді (Ренфрю утверждает, что лингвистический аргумент в пользу теории кургана основан только на ограниченных доказательствах нескольких загадочных протоиндоевропейских словоформ. Он указывает на то, что параллельные семантические сдвиги или широкое заимствование могут создавать похожие словоформы в разных языках, не требуя, чтобы в протоязыке присутствовал родовой термин).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет