10-дәріс. Мәдениеттің анықтамасы, оның элементтері және функциялары Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты



бет11/16
Дата02.05.2022
өлшемі58,31 Kb.
#33044
түріБағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
жергілікті - мекендеу жағдайларымен және қандай да бір нақты аумақпен өзара әрекеттесумен байланысты қауымдастықтарға қатысты.

Тік типтеуді көрсету үшін басым мәдениет, қосалқы мәдениет және контрмәдениет ұғымдары пайдаланылады. Әрбір қоғамда қоғамның барлық мүшелерімен қабылданатын және келісілетін мәдениет, символдар, нанымдар, құндылықтар, жүріс-тұрыс үлгілерінің негізгі элементтерінің үйлесімі бар. Осы жиынтықты басым мәдениет деп атау қалыптасқан. Оның мазмұнын жалпы адамдық символдар, құндылықтар мен жүріс-тұрыс үлгілері құрайды. Өз кезегінде, әрбір қоғам берілген қоғамның барлық адамдарымен қабылдана бермейтін өзінің өзіндік символдарын, құндылықтарын және жүріс-тұрыс үлгілерін әзірлейтін көптеген таптарында, әлеуметтік топтарында құрылған. Мәдени символдар, құндылықтар және жүріс-тұрыс үлгілері ортақ басым мәдениетпен тығыз байланысты және одан ерекшеленетіндері қосалқы мәдениет деп аталады. Осылайша, қосалқы мәдениет - қандай да бір қауымдастықты немесе қандай да бір әлеуметтік топты басқалардан айыратын символдардың, құндылықтардың және жүріс-тұрыс ғұрыптарының жиынтығы болып табылады. Қазіргі қоғамда қосалқы мәдениет айырмашылықтар ұлтпен, дінмен, айналасатын іспен, жасымен, әлеуметтік-таптық және басқа айырмашылықтармен анықталады; Осыған сәйкес ұлттық, конфессионалдық, кәсіби, жастардың қосалқы мәдениеті, үстемдік етуші элитаның қосалқы мәдениеті және төменгілердің қосалқы мәдениеті және т.с.с. анықталады.

"Ұлттық мәдениет" термині адам қауымдастығының қандай да бір елді, мемлекетті сипаттайтын сиволдарды, діндерді, нормаларды және жүріс-тұрыс үлгілерін анықтау үшін қолданылады. Әлем мемлекеттерінің көбінде бірнеше әртүрлі ұлттық мәдениеттер бар. Әдетте, ондай мемлекеттерде көптеген ұлттардың қосалқы мәдениеттерін және ұлттық диаспораның қосалқы мәдениеттерін бөлуге болады. Мәдениеттердің сондай арақатынасына Қазақстан Республикасы мысал бола алады.

Конфессионалдық мәдениет діншілдік, қандай да бір шіркеуге қатыстылығы негізінде құрылады. Мұнда христиандық, мұсылмандық, буддалық мәдениеттер және т.с.с. туралы айтуға болады. Әлем діндеріндегі жекелеген тармақтар, бағыттар өзінің қосалқы мәдениеттерін құрайды: мысалы, провославиелік, католиктік, протестанттық.

Кәсіби қосалқы мәдениет қандай да бір кәсіби топпен қабылданған символдар, құндылықтар және жүріс-тұрыс үлгілері негізінде құрылады. Ол қоғамда оның өкілдері атқаратын жұмыс және рөлдің мазмұнымен тығыз байланысты.

Жастар мәдениеті болуы жастардың жас ерекшеліктерімен және де әлеуметтік-экономикалық жағдайымен анықталатын арнайы әлеуметтік және психологиялық белгілер негізінде құрылады. Жастар сәнде, ересектер үнемі түсіне бермейтін қарым-қатынас тілінде көрінетін өзіндік арнайы жүріс-тұрыс стилін қалыптастырады.

Контрмәдениет - басым мәдениетке қарама-қарсы тұратын символдар, құндылықтар және жүріс-тұрыс үлгілерінің жиынтығы. Контрмәдениет ретінде қоғамда қабылданған жалпыға ортақ символдар, құндылықтар және жүріс-тұрыс үлгілері ерекшеленіп қана қоймай, олармен тайталасатын өз мүшелерінің белгілі бір символдары, құндылықтары және жүріс-тұрыс үлгілері болатын қандай да бір қарақшылар тобын мысал ретінде қарауға болады.

Батыста 60-70 жылдары хиппи қосалқы мәдениеті кең танымал болды. Хиппи еңбекті қалаусыз, ал жыныстық ұстамдылықты қажетсіз және еркіндікті шектейді, материалдық игіліктерді алуға талпынуды - көңіл бөлуге тұрмайтын етіп көрсететін мәдениеттің типін насихаттаған. Осылайша, заманауи батыс қоғамдарында қабылданған символдар, құндылықтар және жүріс-тұрыс үлгілеріне толықтай қарама-қайшы символдар, құндылықтар және жүріс-тұрыс үлгілері қалыптасты және жүргізілді.

Мәдениеттердің өзара әрекеттесуінің маңызды мәселесі адамдардың басқа мәдениетті бағалауы болып табылады. Ең кең таралған ұстаным бір мәдениет адамдарының басқа мәдениетті өз мәдениеті тұрғысынан бағалау болып табылады. Мұндай ұстаным этноцентризм деп аталады. Этноцентризм - этникалық сананың басқа халықтардың өмірін, олардың құндылықтарын, нормаларын және дәстүрлерін қандай да бір жалпыға ортақ эталон немесе ұтымды модель ретінде алынатын өзіндік этникалық қауым нұсқамалары, дәстүрлері және құндылықтары тұрғысынан қабылдау және бағалау қасиеті. Этноцентризмнің шектен шығуның айқын көрінісі ұлтшылдық және басқа мәдениеттерге төзімсіздікпен қарау болып табылады. Сонымен бірге этноцентризм ұлттық сана-сезімнің қажетті шарты болып табылады. Оның негізінде патриоттық сезім қалыптасады.

Адамдардың басқа мәдениетті бағалаудағы басқа шектен шығуы кез келген мәдениеттің абсолютты өзіндік ерекшелігін жариялайтын мәдени релятивизм болып табылады. Осы нұсқамаға сәйкес кез келген мәдениет тек оның өзіндік мәнмәтінінде ғана оны оның біртұтастығында қарастырғанда ғана түсінікті болуы мүмкін. Шеткі мәдени релятивизм тұрғысынан алғанда әртүрлі мәдениет өкілдері арасында жемісті байланыс мүмкін емес, себебі бір этникалық қауымдастық мүшелері басқа қауымдастықтың уәждерін және құндылықтарын түсіне алмайды: олар әртүрлі "тілде" сөйлейді, олардың құндылықтар мен символдар жүйелері әрқилы. Олар бірдей құбылыстарға әртүрлі мағына бере алады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет