10-дәріс. Мәдениеттің анықтамасы, оның элементтері және функциялары Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты



бет8/16
Дата02.05.2022
өлшемі58,31 Kb.
#33044
түріБағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16
Реттеуші (нормативтік) функциясы бірінші кезекте адамдар қызметінің қоғамдық және жеке түрінің әртүрлі жақтарын анықтаумен (реттеумен) байланысты. Еңбек, тұрмыс, тұлғаралық қатынастар саласында мәдениет қалай болса да адамдардың жүріс-тұрысына ықпал етеді және олардың әрекеттерін реттейді және тіпті белгілі бір материалдық және рухани құндылықтарын таңдауға әсер етеді. Мәдениеттің реттеуші функциясы адамгершілік және құқық сияқты нормативтік жүйелермен қолдау табады.

Таңбалық функция мәдениет жүйесінде аса маңызды. Белгілі бір таңбалық жүйе түрінде бола отырып, мәдениет оны білуді, оған иелік етуді көздейді. Тиісті таңбалық жүйелерді зерттемей, мәдениет жетістіктерін меңгеру мүмкін емес. Осылай тіл (ауызша немесе жазбаша) адамдардың қарым-қатынас жасау құралы болып табылады. Әдеби тіл ұлттық мәдениетті меңгерудің аса маңызды құралы ретінде әрекет етеді. Арнайы тілдер музыка, өнер, театр әлемін тану үшін қажет. Жаратылыстану ғылымдарында өзіндік таңбалық жүйелері бар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет