10-дәріс. Мәдениеттің анықтамасы, оның элементтері және функциялары Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты



бет16/16
Дата02.05.2022
өлшемі58,31 Kb.
#33044
түріБағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Монументальдық өнер - дербес (жекелеген) те, сәулет өнерімен, археологиялық және басқа көрікті жерлермен немесе солармен құрылған кешендермен (ансамбьдермен) байланысты бейнелеу өнерінің туындылары;

Сәулет өнері және қала құрылысы - тарихи орталықтар, көшелер, кварталдар, алаңдар, сәулет өнері ансамбльдері, көне жоспарлау және құрылысы қалдықтары, жекелеген сәулет өнері құрылыстары, сондай-ақ солармен байланысты монументальды, сәндік және бейнелеу өнерінің туындылары;

Бау-саябақ өнері - табиғи және адаммен жасалған ландшафтармен бірге саябақ құрылыстарының үйлесімі;

Ландшафттар - тарихи құндылығы бар табиғи аумақтар.

Мәдени мұраны сақтау бойынша іс-шаралар

Олардың түпнұсқалығын олардың түріне мейлінше аз араласу арқылы сақтау;

Қалпына келтіру (ревалоризация) - мәдени мұра нысандарының мәдени және функционалдық қасиеттерін қалпына келтіру, оларды пайдалануға жарамды күйге келтіру бойынша іс-шаралар;

Жаңғырту - мәдени мұра нысандарының физикалық күйін бекіту (консервілеу), мейлінше сипаттайтын белгілерін ашу, жоғалтылған немесе зақымданған элементтерін олардың түпнұсқалығын қамтамасыз ете отырып жаңғырту бойынша шаралар;

Мұражайландыру - мәдени мұра нысандарын экскурсиялық көру үшін жарамды күйге келтіру бойынша іс-шаралар.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет