10 «Ә» сынып жетекшісі Орындаған: Партаева Арайлым Жарылкасыновна
«Қауіпсіз Интернет» еліне саяхат», «Пайдалы және Қауіпсіз интернет» Қауіптің алдын алып, балалардың интернеттегі жұмысын пайдалы ету үшін ата-аналарға ақыл-кеңес
1. Ереже. Балаларыңыздың «әлемдік тордағы» іс-әрекетін мұқият қадағалап отырыңыз: балаңызды Интернетте «Емін-еркін» жібермеңіз. Баланың Интернеттегі қарым-қатынасына, әсіресе меңгеру кезеңіне белсенді қатысуға тырысыңыз. Балаңызбен Интернеттің арқасында қандай жаңалық білгені туралы сөйлесіп отырыңыз және Интернеттің қауіптілігі жөнінде әңгімелеуді ұмытпаңыз.
Интернет: Қауіпсіздік әліпбиі
Тағы бір негізгі сұрақ ақпараттық және киберкеңістікте заңды түрде балалардың құқықтарын қамтамасыз ету жөнінде болып табылады.
Тұлғаның дамуы мен оның ақпараттық қауіпсіздігі тұрғысында көпшілік қауым орасан зор негативті, нақты емес және агрессивті ақпарат алады. Бір жағынан көптеген балалар тұлғаның дамуына, оқуына, өзіндік білім алуына, шығармашылық өсуіне қажетті ақпарат жеткіліксіз болғанда «ақпараттық тапшылыққа» тап болады.
Ақпарат тапшылығы (ең жақсы, қажетті, нақты) мен оның молшылығы бір мезгілде (негативті, деструктивті және т.б) келетіні мәлім.
Интернеттің дамуы бұл проблемаларды үделеті әрі күшейтеді. Соңғы онжылдықта әлем бірлестігі тұлға мен ақпаратқа байланысты, сонымен қатар Интернеттің тұлғаға да қатысты, бірлестікке де қатысты іс-әрекетін реттеуге байланысты ыңғайлы амалдар мен заңдар жасауда. Берілген тақырып балаларды Интернетпен және компьютермен қолданудың ережелерімен таныстыру үшін таңдалды. Өйткені бірнеше елдерде балаларды негативті ақпараттан (одан басқа ата-аналарға бұл сұрақ бойынша көмек ретінде) қорғау жөнінде заң шығарушылармен бұл сұрақ талқыланған және тағы басқа жаңа заңдар шығарылуда.
5-8 сыныптардың сынып сағаттарының мақсаты: Интернет пайдаланудың негізгі ережелерімен таныстыру. Интернет желісі туралы түсініктерін кеңейту. Коммуникативті сауттылықтың негіздерін, өздерінің мінез-құлықтарына жауапкершілікпен қарау сезімдерін қалыптастыру. Оқушылардың Интернет желісіндегі қауіпсіз интернет туралы қағидалары деген түсініктерін қалыптастыру. Интернет ресурстарына жүгінгенде оқушылардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Ақпараттық ресурстарға аса зор ниетпен қарауға тәрбиелеу.
9-10 сыныптардағы сынып сағаттарының мақсаты: интернет желісіндегі құқық бұзушылықтың алдын алу, жаһандық желіде қауіпсіздік және құқықтық қорғауды жоғарылату.