10-сынып. Қазақ тілі пәні. 1- нұсқа. Ұзақтығы: 20-25 минут. Тапсырмалар түрлері



бет1/2
Дата17.10.2022
өлшемі23,23 Kb.
#43549
  1   2

Қазақ тілі » пәнінен оқушылардың білім-білік дағдыларын тексеру тапсырмалары.
10-сынып. Қазақ тілі пәні. 1- нұсқа.
Ұзақтығы: 20-25 минут.
Тапсырмалар түрлері: Қысқа жауапты қажет ететін . Толық жауапты қажет ететін сұрақтар
1-тапсырма. Төменде берілген сұрақтарға жауап беріңіз. [5]

  1. Тезис деген не?

А) мәтін абзацтарыда баяндалған негізгімәселелердің жинақталып, қысқаша тұжырымдалған жазбаша нұсқасы В) мәтіннің негізгі астарлы ойы С) автордың оқырманға жеткізгісі келген негізгі түйіні Д) мәтіннің қысқаша жоспары Е) мәтіндегі көтерілген мәселеге жасалған талдама.

  1. Сөзжасамдық норма дегеніміз...
    А) жаңа сөздердің жасалу жолын реттейтін қалыптасқан жүйе В) сөз мағынасының қалыптастқан жүйесі С) сөйлем мүшелерін зерттейтін қалыптасқан жүйе Д) сөздердің дұрыс жазылуын зерттейтін қалыптасқан жүйе Е) сөздің дыбыстқ жүйесін зерттейтін қалыптасқан жүйе

  2. Сілтеу есімдігінен жасалған баяндауышты көрсетіңіз.
    А) Бі үшеуіміз мәселені дұрыс шештік. В) Ақ бесті қара қасқадан сытылып шықты. С) Мен сізден осыны сұрағалы отырмын. Д) Ауылдың маңы – терең сай. Е) Сұрап отырғаны – осы.

  3. Рухани құндылықтар қатарын табыңыз.

А) тарих, Отан, салт-дәстүр, ата-ана В) ақша, үй, машина, құрылыс кешені С). Отан, халық әндері, туған-туыс, валюта Д) үй, машина , Табиғат-ана, жан-жануар Е) Төл теңге, рәміздер, қымбат машина, Отан

  1. Орфоэпия деген не?

А) сөздердің дұрыс жазылуы В) сөздердің дұрыс айтылуы С) сөздердің мағыналары . Д)сөздердің байланысу тәсілдері Е) сөздердің жасалу жолдары
2-тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңыз. Төменде берілген тапсырмаларды орындаңыз. [10]
Домалақ ана
Домалақ ана (Шайхы Мизамбекқызы Нұрила) 1378 жылы Түркістан қаласында дүниеге келген. Шын аты – Нұрила. 1456 жылы, яғни 78 жасында қайтыс болған. Өзгені де өз баласындай көріп, төңірегіне аналық мейірін шашқан, барынша кішіпейіл, алдағы күннің жайын ойлап, айтар сөзі ақиқатқа айналған болжампаз, көреген қасиетін құрметтеген ұрпақтары сол заманның өзінде-ақ оның атын атамай, жаратылысынан бойы шағын болғандығына қарай «Домалақ ана», «Домалақ ене» деп атап кетіпті. Домалақ ананың қадір-қасиеті ерте-ақ танылған. Домалақ ана қос Бөгеннің сағасындағы бір жазыққа жерленген. Айналасын көгілдір таулар қоршаған сол жазықта қазір бозарып сәулетті күмбез көрінеді. Ол – Домалақ ана мазары. Әулие ананың қасиетін қастерлеген ұрпақтың ана бейітіне ағылған ізі, салған жолы ескіріп көрген емес.
Тағы бір ел ішіндегі деректерге қарағанда, Домалақ анаға «Диһнат мама» деген атауды түп тегі түрікпен Қара Хайдар деген кісі оның даналығына тәнті болып қойған екен. «Диһнат мама» - парсы сөзі. Қазақ тілінде «Әулие ана» деген мағына береді. «Диһнат мама» сөзі уақыт өте келе тілдің даму заңдылығына орай дыбыстық өзгерістерге ұшырап, «Домалақ анаға» айналған деседі.
Домалақ ана ел арасындағы даулы мәселелерге араласып, бітімгершілікпен шешім табуға өз үлесін қосқан. Домалақ анадан тараған ұрпақтарының бәрі де білімімен, ақылдылығымен ерекшеленіп, ел билеген.
1. Мәтін мазмұнына сай келетін қатар
А) Домалақ ана ұрпақтары туралы дерек жоқ
В) Ана бейітіне ағылған із ескіріп көрмеген
С) Жетім балаларды бауырына салып асырап алған
Д) Домалақ ана қасиеті кеш танылған
Е) Дене бітімі ірі, ерекше болған
2. Мәтінді жазудағы автордың мақсаты неде деп ойлайсыз? Өз ойыңызды 3-4 сөйлеммен жазыңыз.

3. Мәтіннің негізгі ойын ашатын «Әйел- бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербетеді» деген мақалды өз сөзіңізбен түйіндеңіз.(3-4 сөйлем)


4. Мәтіннің негізгі тақырыбы болатын нұсқа. Таңдаған нұсқаңыздың дұрыстығын дәлелдеп жазыңыз.(3-4 сөйлем)


А) Тілдің қасиеті. В) Ананың қадір-қасиеті .С) Бітімгершілік мәселесі .Д) Даулы мәселе Е) Ел билеу

5. «Диһнат мама» деп аталуына себеп болған қасиетін негізге ала отырып, ананың ерекше қасиетін толықтырып, кейіпкер бейнесін ашатындай 4-5 сөйлеммен талдап жазыңыз.





Жауап

Балл



1

Тезис деген не? -А) мәтін абзацтарыда баяндалған негізгімәселелердің жинақталып, қысқаша тұжырымдалған жазбаша нұсқасы

1

2

Сөзжасамдық норма дегеніміз... -А) жаңа сөздердің жасалу жолын реттейтін қалыптасқан жүйе

1

3

Сілтеу есімдігінен жасалған баяндауышты көрсетіңіз.- Е) Сұрап отырғаны – осы.

1

4

Рухани құндылықтар қатарын табыңыз. -А) тарих, Отан, салт-дәстүр, ата-ана

1

5

Орфоэпия деген не?-А) сөздердің дұрыс жазылуы

1

6

Мәтін мазмұнына сай келетін қатар- В) Ана бейітіне ағылған із ескіріп көрмеген



1

7

Мақаланы жазудағы автордың мақсатын нақты жазады. Ықтимал жауабы: /Оқушы жауабы ескеріледі./

2

8

Мәтіннің негізгі ойын ашатын мақалды талдап жазады. Ықтимал жауабы: /Оқушы жауабы ескеріледі./

2

9

Таңдаған нұсқаңыздың дұрыстығын дәлелдеп себебін талдап жазады. Ықтимал жауабы: /Оқушы жауабы ескеріледі./

2

10

Домалақ ананың ерекше қасиетін толықтырып, кейіпкер бейнесін талдап жазады. Ықтимал жауабы: Оқушы жауабы ескеріледі./

3

Барлығы






15




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет