Тақырыптың тұжырымдалуы
|
Біз нені зерттейміз?
|
Нәруыздардың құрылымына әртүрлі жағдайлардың әсері (температура, pH)
|
Гипотезаның тұжырымдалуы
|
Біз қандай нәтиже ала аламыз?
|
Егер нәруыз молекуласына жоғары температурамен әсер етсек және рН деңгейін өзгертсек, онда нәруыз денатурациясы болады.
|
Мақсаттың тұжырымдалуы
|
Зерттеуді не үшін жүргіземіз?
|
Нәруыз құрылымына температура және pH әсерін зерттеу
|
Зерттеу әдісін анықтау
|
Бұны қалай (әдіспен) зерттейміз?
|
Қыздыру, pH ортасын өзгерту
|
Реактивтер мен жабдықтарды анықтау
|
Экспериментті қалай жүргізе аламыз?
|
8 мл жұмыртқа альбумині, 1 мл HCL, 1 мл NaOH, тамшуыр, pH-метр немесе лакмус қағазы, 4 сынауық, сынауыққа арналған штатив, сынауықты ұстағыш, спиртті жанарғы, сіріңке
|
Жұмыс кезеңдері
|
Мақсатқа жету үшін қандай қадамдар жасау керек?
|
1.Температураның өзгеруі кезінде нәруыз молекуласы құрылымының өзгеруін зерттеу
2. рН көрсеткішінің өзгеруі кезінде нәруыз молекуласы құрылымын зерттеу
|
Нәтижелерді графикалық ұсыну тәсілдері
|
Зерттеу нәтижелерін қалай ұсынамын/көрсетемін?
|
Нәтижелер кестесі
|
Қорытындыларды тұжырымдау
|
Зерттеу нәтижесімен не істеймін?
|
Нәтижелер температура мен pH нәруыз молекуласының құрылым әсерін түсіндіруге мүмкіндік береді.
|
Нәруыз молекуласы құрылымының өзгеруіне температураның әсерін зерттеу үшін сынауыққа 2 мл жұмыртқа нәруызы салынады. Осыдан кейін сынауық ашық жанып жатқан жалынның үстінде қыздырылады. Бірнеше секундтан кейін нәруыз лайлана бастайды, содан кейін мөлдір емес ақ түске айналады.
pH көрсеткішінің өзгеруінен нәруыз молекуласының құрылымының өзгеруін зерттеу үшін үш сынауыққа 2 мл жұмыртқа альбумині құйылады. Эксперимент нәтижелерін бақылауға ыңғайлы болуы үшін сынауықтар арнайы штативке қойылады және санмен немесе әріптермен таңбаланады. Бірінші сынауыққа тамшуыр арқылы 1 мл тұз қышқылы, екіншісіне 1 мл NaOH, ал үшіншісіне 1 мл дистильденген су қосылады. Үшінші сынауық осы экспериментте бақылауға алынған болады. Барлық үш сынауық бөлме температурасында зерттеледі. Түстің өзгеруі, яғни нәруыздың денатурациясы бірінші және екінші сынауықта қышқыл мен сілтінің (негіз) әсерінен пайда болады, үшінші сынауықта өзгерістер болмайды және ерітінді мөлдір күйінде қалады.
Бірінші экспериментте тәуелді айнымалы жұмыртқа альбуминінің түсі болады, тәуелсіз айнымалы температура, ал бақыланатын айнымалы ерітіндінің көлемі болады. Екінші экспериментте тәуелді айнымалы – зерттелетін нәруыздың түсі, ал тәуелсіз айнымалы pH ортасының деңгейі болады. Бақыланатын айнымалы – бөлменің ауа температурасы мен ерітінділердің көлемі.
№4 зертханалық жұмыс
Биологиялық нысандарда нәруыздың болуы. «Биологиялық нысандарда нәруыздың болуын анықтау» зертханалық жұмысы
Жануарлар ағзасында нәруыздың мөлшері өсімдік ағзасына қарағанда жоғары болады. Бұл жануар ағзасының ағзаға тағаммен түсетін амин қышқылдарынан нәруыз молекулаларын синтездей алу мүмкіндігіне байланысты.
Ағзада нәруыздың болуы адам қызметінің көптеген салалары үшін маңызды рөл атқарады. Пациенттердің қаны мен зәріндегі нәруыздарды клиникалық зертханаларда нақты диагноз қойып, уақтылы емдеу үшін анықтайды. Тамақ өнеркәсібінде, шикізаттағы және азық-түлік өнімдеріндегі нәруызды анықтау, бұл – тауарды сертификаттаудың міндетті шарты. Тоқыма өнеркәсібінде, мысалы, терідегі коллаген нәруызының құрамын ескереді. Бұл олардың сапасы мен бағасына әсер етеді. Химия өнеркәсібіндегі ферменттерді иммобилизациялау жаңа буын жуғыш ұнтақтарын өндіруге мүмкіндік береді. Нәруыз молекулаларын және олардың биологиялық нысандарда болуын зерттеумен алдыңғы қатарлы нанотехнология, биохимия, жасушалық және гендік инженерия, генетика және т.б. зертханалар айналысады.
№5 зертханалық жұмыс
«Биологиялық нысандардағы нәруыздың болуын анықтау» зертханалық жұмысын жоспарлау үшін кестені қарап алған жөн. Ол эксперимент басталмас бұрын толтырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |