10 сынып Географиялық зерттеу әдістері Географиялық мониторинг жүргізілетін деңгейлері: ғаламдық, аймақтық, жергілікті «Мониторинг»


Дүниежүзі елдерінде ақпараттық технологиялардың даму көрсеткіштері



бет10/19
Дата03.12.2023
өлшемі109,35 Kb.
#133069
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19
Байланысты:
География ҰБТ 2023

69. Дүниежүзі елдерінде ақпараттық технологиялардың даму көрсеткіштері
1. Есептеу техникасы және телекоммуникация құралдары арқылы ақпартпен әрекет ету әдістері мен үдерістері: ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
2. Дүниежүзі елдерінде ақпарттық-коммуникалық технологиялар дамуын сипаттайтын кешенді көрсеткіш: ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың даму индексі
3. Дүниежүзінде Интернетті қарқынды пайдаланатын елдер: Еуропа елдері (46,3 пайыз)
4. Елдер бойынша Интернет пайдаланушылар үлесі жөнінен бірінші орын алатын ел: Норвегия (халықтың 96,8 пайызы)
5. 2017 жылы ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың даму индексі жөнінен көш бастаған елдер: Исландия, Корея Республикасы, Швейцария
6. Қазақстан АКТ индексі бойынша әлемдік рейтингте нешінші орныда: 52-орын

70-71. Жиынтық көрсеткіштер бойынша есептелетін
дүиежүзі елдерінің индекстері мен рейтингі
1. Зерттелетін нысандардың айырмашылықтарын жан жақты анықтау үшін бірнеше көрсеткіштерді бір шкалада қамтуға мүмкіндік беретін көрсеткіш: жиынтық көрсеткіштер
2. Елдерді салыстыру және өмір сүру, сауаттылық, білімдік деңгейін және өмір сүру ұзақтығын өлшеу мақсатында есептелетін интегралды көрсеткіш: Адам дамуының индексі (АДИ)
3. АДИ көрсеткішін ұсынған пәкістандық экономист: Махбуб уль-Хак
4. АДИ көрсеткіші ескеріле бастаған жыл: 1990 жылы (БҰҰ шешімімен)
5. АДИ есептеу барысында ескерілетін көрсеткіштер: елдегі өмір жасының ұзақтығы, ел халқының сауаттылық деңгейінің индексі, табыс индексі
6. Елдегі 15 жастан асқан сауатты адамдардың үлесі: ересек тұрғындардың сауаттылық деңгейі
7. Ересек тұрғындардың сауаттылық деңейі жөнінен Қазақстан нешінші орын алады: 1-орын
8. Елдегі сауаттылар мен бүкіл халық санының арақатынасы: ел тұрғындарының сауаттылық индексі
9. АДИ көрсеткіші бойынша елдер қандай топтарға жіктеледі: адамның дамуының өте жоғары, жоғары, орташа және төмен деңгейі
10. Орташа әлемдік АДИ көрсеткіші: 0,694
11. БҰҰ ДБ 2017 жылы жариялаған АДИ рейтингісінде Қазақстанның АДИ көрсеткіші: 0,800 (52-орын)
12. Әлемнің 104 елінде қанша адам көпшамалы кедейшілікке жатқызылады: 1,56 млрд адам (халықтың 30 пайыздан астамы)
13. Көпшамалы кедейшілік индексі (ККИ) бойынша кедей адамдардың үлесі ең жоғары елдер: Африка елдері (Эфиопия 87 пайыз,Либерия-84 пайыз, Мозамбик-79 пайыз, Сьерра Леоне-77 пайыз)
14. Үндістан кедей адамдардың саны: 612 млн адам
15. Гендерлік теңсіздік индексі (ГТИ) қандай көрсеткіштермен бағаланады: респродуктивті денсаулық, құқықтары мен мүмкіндіктерінің артуы, еңбек нарығындағы мүмкіндіктері
16. 2016 жылы ГТИ рейтингі бойынша гендерлік теңсіздіктің ең төмен деңгейі байқалатын елдер: Швейцария, Дания, Нидерланд
17. Гендерлік теңсіздіктің ең жоғары деңгейі байқалатын елдер: Африка елдері, Оңтүстік Азия мен араб мемлекеттері




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет