10 сынып Географиялық зерттеу әдістері Географиялық мониторинг жүргізілетін деңгейлері: ғаламдық, аймақтық, жергілікті «Мониторинг»


Мемлекеттерді аумағының морфологиялық ерекшеліктері



бет18/19
Дата03.12.2023
өлшемі109,35 Kb.
#133069
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
58. Мемлекеттерді аумағының морфологиялық ерекшеліктері
бойынша жіктеу
1. Аумағының морфологиялық ерекшеліктері бойынша елдердің типтері: созылыңқы пішіндегі, біртұтас аумақты алып жатқан елдер, шашыраңқы елдер, құрамында анклавтар бар мемлекеттер
2. Созылыңқы пішіндегі мемлекеттер: Чили, Норвегия, Швеция, Вьетнам, Италия, Панама, Того, Гамбия
3. Біртұтас аумақты алып жатқан мемлекеттер: Франция, Испания, Польша, Венгрия
4. Шашыраңқы мемлекеттерге жатады: Индонезия, Филиппин аралдық мемлекеттері, екі бөліктен тұратын Малайзия, АҚШ
5. Анклав жағдайындағы аудандар: РФ құрамына енетін Калининград облысы, Испания құрамына енетін Сеута мен Мелилья (Мароккода)


59. Мемлекеттік шегаралардың функциясы, түрлері, анықтау
және белгілеу шаралары, динамикасы
1. Мемлекеттік шегаралардың атқаратын қызметі: бөлуші, жалғастырушы және сүзгілік
2. Мемлекеттік шегаралардың бөлуші функциясы атқаратын қызметі: елдер арасындағы адам, тауар және басқа қозғалыстарын шектейді
3. Мемлекеттік шегаралардың жалғастырушы функциясы атқаратын қызметі: көршілес мемлекеттердің шаруашылық байланыстарын нығайту, шегаралаық аудандарда бірлескен жобалар жасау, табиғат ресурстарын бірлесіп пайдалану
4. Қазақстанның Қытаймен шегаралас бөлігінде құрылған орталығы: «Қорғас» шегара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы
5. «Қорғас» шегара маңының қазақстандық жағының жалпы көлемі: 217 га (қытай жағынан 343 га)
6. Шегаралардың сүзгілік функциясының атқаратын міндеті: елдің аумағына келетін қауіп қатерді, теріс ағымдар мен тиым салынған тауарларды, адамдар легін өткізбеу мақсаты
7. Мемлекеттік шегаралар бөлінеді: жасанды жəне табиғи
8. Шегараларды зерттейтін ғылым саласы: географиялық лимонология
9. Көршілес мемлекеттердің арасында келіссөздер арқылы мемлекеттік шегаралардың жалпы ережесі мен бағыттарын анықтау: шегаралар делимитациясы
10. Шегараларды делимитациялау жөнінде келіссөздерге сəйкес, жергілікті жерде шегаралық белгілер қою арқылы мемлекеттік шегараны анықтау мен белгілеу: шегаралар демаркациясы
11. Мемлекеттердің өзара келісімі негізінде белгілі бір аумаққа иелік ету құқығының бір мемлекеттен екінші бір мемлекетке берілуі: цессия
12. Халықаралық сот немесе арбитраж шешімі бойынша бі мемлекет құрамында болған аумақты басқа мемлекетке бері: адьюдикция
13. Мемлекет аумағының құрлық бөлігінің табиғи немесе техногендік жолмен ұлғаюы: аккреция
14. АҚШ Алясканы Ресейден сатып алған жыл: 1867 жылы
15. Аккреция нəтижесінде жағалық бөліктер кеңейіп келе жатқан аймақтар: Нидерланд, Сингапур, Парсы шығанағы мемлекеттері
16. Тува (Тыва Республикасы) өз еркімен КСРО құрамына енген жыл: 1944 жылы
17. 1917 жылы Финляндия Ұлы Княздігі дербес мемлекет құру мүмкіндігін алып, қай мемлекет құрамынан өз еркімен шықты: Ресейден
18. 1964 жылы Танганьика мен Занзибар бірігіп, қандай мемлекетті құрады: Танзания
19. Келісімдік Омандағы бытырыңғы араб əмірліктерінің өзара
бірігіуінен пайда болған жаңа мемлекет: Біріккен Араб Әмірліктері




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет