«Еңбеккердің өсу жолы»
Тыңдалымалды тапсырма
«Әліш, станция бастығы, баяндама жасау, кеңес, жұмыс тәжірибесі» сөздері мен сөз тіркестеріне қарап, мәтін мазмұнын есіңе түсір.
Тыңдалым тапсырмасы
Оқушылар мәтінді тыңдап, Әліш рөліне еніп, өз кәсібі туралы баяндама жасайды. Жұмыс жеке орындалады.
1-тыңдалым. «Теміржолшы» әңгімесінен үзінді
Кеше кеште қызметте тұрған Әліш Үмбеталовқа станция бастығы Орынбаев бір пакет әкеліп тапсырды да:
— Қазір сен жұмыстан шығып, үйіңе барып жуынып, маған кел, мен сені осында күтемін, екеуміз қазір Алматыға жүреміз,— деді.
— Не жұмысқа жүреміз?
Асығып бара жатқан станция бастығы оған жауап берудің орнына:
— Тез кел!—деді әлгі сөзін қайталап.
Әліш жұмыс киімін тастап, пакет ойына түсіп ашып оқып еді, «станция бастығы екеуіңіз келесіз, сіз кеңеске қатысушыларға өз жұмысыңыз туралы әңгіме айтасыз» деген шақыруға жол бастығы қол қойыпты. Әліш сасыңқырап қалды.
— Дайындықсыз қалай сөйлеймін, міне қызық.
Ол орнынан тұрып тез киінді де, станция бастығына келіп барлық жағдайын, өзінін даярлығының жоқтығын да ескертті.
— Ештеме етпейді,— деді Орынбаев,— даярлықтың керегі жоқ. Ондағылардың бәрі өзіңдей теміржолшылар, өзіңнің жұмыс тәжірибеңді жай ғана әңгімелеп бересің.
Достарыңызбен бөлісу: |