«Еңбек нарығында кездесетін қиындықтар»
Оқылымалды тапсырма
Мұғалім оңаша және ортақ тәуелдену туралы ақпарат береді.
Оңаша тәуелдену
|
Ортақ тәуелдену
|
Менің үй-ім, қалам-ым
Сенің үй-ің, қалам-ың
Сіздің үй-іңіз, қалам-ыңыз
Оның үй-і, қалам-ы
|
Біздің үй-іміз, қалам-ымыз
Сендердің үй-лерің, қалам-дарың
Сіздердің үй-леріңіз, қалам-дарыңыз
Олардың үй-і, қалам-ы
|
Оқылым тапсырмасы
Оқушылар жеке қалаулары бойынша «Жас маманның басынан кешкендері» және «Теміржолшы» әңгімелерінен оңаша және ортақ тәуелденуге 15 мысалдан тауып, дәптерлеріне жазады.
|
Сөздердің тәуелденуі оңаша және ортақ тәуелдену болып екіге бөлінеді.
Бір немесе бірнеше заттың бір ғана затқа меншікті болуын білдіретін тәуелдену оңаша тәуелдену деп аталады.
Бір немесе бірнеше заттың көп затқа меншікті болуын білдіретін тәуелдену ортақ тәуелдену деп аталады.
|
«Қазақ тілі», Қ.Ибрагимов, Б. Базарғалиева, Алматы, 2007. Тәуелдік жалғау.
|