Бағалау критерийлері:
Шығармадан дәлелдер келтіріледі;
1-жақта сөйлейді;
Кәсібі туралы толық ашып талданады.
Тыңдалымнан кейінгі тапсырма
Шығарма соңындағы үзіндіге қарап, Әліштің одан кейінгі өмірі қалай жалғасатыны туралы болжам айтыңыз.
«Жиырма бес жылғы темір жолға үздіксіз сіңірген енбегін еске ала отырып, поездарды тоқтаусыз жүргізуде зор жетістікке ие болған Әліш Үмбеталов Ленин орденімен наградталсын» депті Указда.
|
Болжам жасату бойынша топтық жұмысты ұйымдастыру:
Оқушыларды топтарға бөліп, әр топтағы 4-5 оқушыға мәтіннен үзінділер ұсынуға болады. Үзінділердің арасында байланыс болуы қажет. Үзінділерді реттілікпен нөмірлеген дұрыс. 1-нөмірлі оқушы өз мәтінінің мазмұнын қысқаша баяндап береді. Топтағы қалған оқушылар ары қарай не болатынын болжайды. Бұл талқылауға 2-нөмірлі оқушы қатыспайды. Ол топ мүшелерінің жауаптары қаншалықты сәйкес келетіндігін үзіндінің жалғасын айтқан кезде бағалай алады. Осылайша жұмыс өз жалғасын табады.
|