Бердібек Соқпақбаев «Он алты жасар чемпион» әңгімесі
Меңгерілген білімді дамыту:
Оқушылар 9-сыныпта және 10-сыныптың алғашқы тоқсандарында алған білім, білік, дағдыларына сүйенеді. Қалыптасқан дағдыларын түрлі жағдаяттарда тиімді қолданады, коммуникативтік дағдыларын, білімдік және ақпараттық ресурстармен жұмыс істеу, өз бетімен білім алу, сыни ойлау және шығармашылық, креативті ойлау қабілеттерін дамытуға бағытталған жұмыстар жасайды.
Бөлімге шолу
Бұл бөлімнің тақырыбы: Жастардың денсаулығы – қоғам байлығы. Бөлім барысында Б. Соқпақбаевтың «Он алты жасар чемпион» хикаяты оқытылады.
Бөлімнің мақсаты: қазақ тілін тереңінен меңгере отырып, оқушылардың жетік және сауатты сөйлеу, жазу, тыңдағанын түсіну, сөйлесу дағдыларын жетілдіру, әртүрлі мәтіндер, ақпарат көздерімен мұғалім басшылығымен және өз бетімен жұмыс жасауға дағдыландыру: туындаған өмірлік жағдаяттар бойынша қазақ тілінде дұрыс және айқын, орынды өзіндік көзқарасын білдіру, шешім қабылдай білу және қорытынды шығару дағдыларын дамыту. Осы тақырып аясында оқушылар тіл мен сөйлеу әрекеттерінің түрлері туралы білімін кеңейтеді, танымдық ақпарат алады, өзге пәндер бойынша меңгерген білімін қазақ тілінде сауатты қолдана алады. Коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру арнайы жүйеленіп көрсетілген оқу мақсаттары арқылы жүзеге асады.